G03A02 Улипристал (Ulipristal)

Қолдану көрсеткіштері

Сақтанбаған жыныстық қатынастан кейін 120 сағат  (5 күн) ішінде немесе контрацепцияның қолданылған  әдісі сенімсіз болған жағдайда шұғыл контрацепция ретінде.  

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; лактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы; глюкокортикостероидтермен емге төзімді, ауыр ағымдағы бронх демікпесі.

Қауіпсіздік шаралары

Ішілетін глюкокортикостероидтармен емделіп жүрген ауыр күйдегі бронх демікпесі бар әйелдерге қолдану ұсынылмайды.Емделу кезінде науқасқа көліктер мен механизмдерді қолдануға қажет еместігін  хабарлау керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • CYP3A4 изоферментінің индукторлары (рифампицин, фенитоин, фенобарбитал, карбамазепин, эфавиренз, фосфенитоин, невирапин, окскарбазепин, примидон, рифабутин, шілтер жапырақты шайқурай) - бірге қолданғанда  қан плазмасында препараттың концентрациясын төмендетеді, бірге қолдану ұсынылмайды.  • Ритонавир - біріктіріп қолданғанда қан плазмасында препараттың концентрациясын төмендетеді; біріктіріп қолдану ұсынылмайды. • Құрамында тек қана прогестаген барконтрацептивтер және  біріктірілген гормондық контрацептивтер - контрацепциялық әсерін азайтады.  • Құрамында левоноргестрел бар басқа шұғыл контрацепция дәрілері - бірге қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды.

Жүктілік

Қарсы көрстілген.

Емізу

Препаратты қабылдағаннан кейін бір апта бойы емшек сүтімен қоректендіру ұсынылмайды. Лактацияны ынталандыру үшін бұл кезеңде емшек сүтін сауып алу және төгу ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыруы, бас айналу; көңіл күйдің өзгеруі; жүрек айну, құсу, іш ауыру, құрсақ тұсындағы жайсыздық; миалгия, арқаның ауыруы; дисменорея, сүт бездерінің ауырғыштығы, жамбас ауыруы; қатты шаршағыштық;Жиі емес: үрейлену, ұйқының бұзылуы, гипербелсенділік, эмоциялық бұзылыстар, бас сақинасы, ұйқышылдық; қалтырау, жалпы дімкәстік, гипертермия; тәбеттің бұзылуы, ауыздың кеберсуі, диспепсия, метеоризм, диарея; тұмау; көрудің бұзылуы; акне, терінің зақымдалуы, қышыну; вагинит, меноррагия, қынаптан бөлінетін заттар, етеккір циклінің бұзылуы, метроррагия, етеккір алды синдромы, «қан құйылулар»; либидоның өзгеруі.Сирек: шөлдеу сезімі; бағдардан адасу; тремор, зейіннің бұзылуы, дисгевзия, талу, вертиго; көз аймағындағы қолайсыз сезімдер, көздің шырышты қабығының гиперемиясы, көздің қарығуы; тамақтың құрғауы; есекжем; сыртқы жыныс мүшелері аймағындағы қышыну, диспареуния, аналық без ісігінің жарылуы, вульвовагинальдік ауыру, гипоменорея.

Балаларда қолданылуы

Репродуктивті жастағы әйелдерге, оның ішінде жасөспірімдерге қолданылуы мүмкін. Препаратты 18 жастағы және одан асқан әйелдерге қолданумен салыстырғандағы қауіпсіздік пен тиімділікке қатысты айырмашылықтар анықталмаған.