G03AA14 Номегестрол және Эстрадиол
Қолдану көрсеткіштері
Ішуге арналған контрацепция.
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез-келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық; қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі веналар тромбозы (терең веналар тромбозы, өкпе тамырларының эмболиясы); қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі артериялар тромбозы (мысалы, миокард инфарктісі) немесе продромальді жай-күйлер (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуылдар, стенокардия); қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі ми қан айналымының жедел бұзылуы; анамнездегі ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасы; веналық немесе артериялық тромбоз дамуының мынадай ауыр немесе бірнешеуі қосылған қауіп факторларының болуы: тамырларды зақымдайтын қант диабеті, артериялық гипертензияның ауыр түрі; дислипопротеинемияның ауыр түрі; ұзақ иммобилизациясы бар ауқымды операциялық араласулар; веналық немесе артериялық тромбозға туа біткен немесе жүре пайда болған бейімділік, мысалы, белсенділендірілген С ақуызының төзімділігі, антитромбин-III тапшылығы, С ақуызының тапшылығы, S ақуызының тапшылығы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидке қарсы антиденелер (кардиолипинге қарсы антиденелер, жегілік антикоагулянт); қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі ауыр гипертриглицеридемиясы бар панкреатит, анықталған немесе күдік тудыратын жыныс мүшелерінің немесе сүт бездерінің гормонға тәуелді қатерлі ісіктері.
Қауіпсіздік шаралары
● Препаратты қолдану ВТЭ және артериялық тромбоэмболияның (миокард инфарктісі, ми қан айналымының өтпелі ишемиялық бұзылуы) пайда болу қаупімен, препаратты қолдануды тоқтатумен және толық сауыққаннан кейін 2 апта ішінде жаңартпаумен қатар жүреді.● Қолдану кезінде бас сақинасы жиілігі мен ауырлығының артуы (бұл цереброваскулярлы асқынулардың продромальді белгісі болуы мүмкін) препараты қолдануды дереу тоқтатуға себеп бола алады. ● Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда жатыр мойны обырының, сүт безі обырының дамуының жоғары салыстырмалы тәуекелі.● Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогенді эстрогендер ангионевроздық ісіну симптомдарын индукциялауы немесе өршітуі мүмкін.● Алғаш қолданған айларда қант диабеті бар әйелдер аса мұқият қадағалауды қажет етеді. ● Хлоазмаға бейімділігі бар әйелдер препаратты қолдану кезінде күннің және ультракүлгін сәулелердің әсерінен аулақ болуы тиіс.● Галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациент әйелдер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.● Препаратты қолдануды бастаудың немесе жаңғыртудың алдында толық медициналық тексеру (отбасылық анамнезді қоса) жүргізіп, жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек. Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ішуге арналған контрацептивтер мен ферменттерді индукциялайтын препараттар - құйылған қан кетулердің пайда болуына немесе контрацепцияның тиімсіздігіне әкелуі мүмкін.Микросомальді ферменттерді индукциялайтын дәрілік препараттармен, әсіресе P450 цитохром ферменттерімен (CYP) - ол қан плазмасындағы жыныс гормондарының концентрациясын төмендете отырып, жыныс гормондары клиренсінің күшеюіне біріктірілген оральді контрацептивтердің тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.Басқа дәрілік заттар- плазма мен тіндердегі (циклоспорин) концентрациясы өзгеруі. CYP 3A4 цитохромының күшті ( кетоконазол, итраконазол, кларитромицин) немесе орташа (флуконазол, дильтиазем, эритромицин) тежегіштерін бірге қолдану плазмадағы жыныс гормондарының концентрациясын ұлғайтуы мүмкін.Антиретровирустық препараттармен Омбитасвир/Паритапревир/Ритонавир/Дасабувирмен препараттарымен бірге қолданған кезде сақ болу ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қазіргі кезде бауыр функциясы бұзылған пациенттерге қатысты деректер жоқ. Бауыр ауруларының созылмалы және ауыр түрлерінде, бауыр жеткіліксіздігі кезінде, бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа түскенше препаратты қолдану көрсетілмеген.Қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі ауыр сипатты бауыр аурулары (бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа түскенше созылатын); қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауыр ісігі (қатерсіз немесе қатерлі) ауруларында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Ұсынылмайды.
Емізу
Ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: акне, «тоқтатудан» болатын патологиялық қан кетуЖиі: либидо төмендеуі, депрессия/жабырқау көңіл-күй, көңіл-күйдің өзгеруі, бас ауыру, бас сақинасы, жүрек айну, метроррагия, меноррагия, сүт бездерінің ауыруы, кіші жамбас аумағындағы ауыру, дене салмағының артуы.Жиі емес:тәбеттің күшеюі, сұйықтық іркілісі, ысыну, іштің кебуі, гипергидроз, алопеция, қышыну, терінің құрғауы, себорея, ауырлық сезімі, гипоменоррея, сүт бездерінің ісінуі, галокторея, жатыр түйілулері, етеккір алдындағы синдром, сүт безінің жаңа түзілімдері, диспареуния (жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну/жайсыздық), вульвовагинальді құрғақтық, бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, ашушаңдық, ісінулер.Сирек: тәбеттің төмендеуі, либидоның күшеюі, инсульт, өтпелі ишемия ұстамалары, зейін қоюдың бұзылуы, жанаспалы линзалардың жақпаушылығы, көздің құрғауы, ауыздың кеберсуі, холелитиаз, холецистит, хлоазма, гипертрихоз, қынаптан шығатын жағымсыз иіс, вульвовагинальді жайсыздық, ашығу сезімі.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.