G03AA13 Норэлгестромин және Этинилэстрадиол

Қолдану көрсеткіштері

Контрацепция ретінде.

Қарсы көрсеткіштері

Осы аурулардың қандай да бір симптомдары байқалған кезде препаратты қолдану дереу тоқтатылуы тиіс: веналық тромбоэмболияның (ВТЭ) болуы немесе даму қаупі; Веналық тромбоэмболияның болуы (антикоагулянттарға) немесе анамнезде (мысалы, терең веналар тромбозы немесе өкпе эмболиясы); тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған веналар    тромбоэмболиясына      бейімділік (мысалы, белсендірген С протеиніне резистенттілік (Лейден V факторын қоса), антитромбин III тапшылығы, С протеині тапшылығы, S протеині тапшылығы); ұзақ уақыттық иммобилизациясы бар ауқымды операция; көптеген қауіп факторларының болуы нәтижесінде  веналық тромбоэмболия даму қаупінің жоғарылауы, артериялық тромбоэмболияның (АТЭ) болуы немесе даму қаупі, артериялық тромбоэмболияның  бар болуы, анамнезде (мысалы, миокард инфарктісі) немесе тромбоздың продромальді сатысы (мысалы, стенокардия); цереброваскулярлық бұзылулар – мидағы қанайналымның жедел бұзылуы, анамнездегі инсульт немесе тромбоздың продромальді сатысы (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуыл); артериялық тромбоэмболияға тұқым қуалайтын немесе жұқтырылған бейімділік  (мысалы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидке қарсы антиденелер  (кардиолипинге қарсы антиденелер, жегілік антикоагулянт)); анамнездегі  ошақты неврологиялық симптоматикалы бас сақинасы  - көптеген қауіп факторларының болуы нәтижесінде немесе төменде келтірілген маңызды қауіп факторларының бірі болған кездегі артериялық тромбоэмболия қаупінің жоғарылауы:қантамырлары зақымданған қант диабеті, ауыр артериялық гипертензия, ауыр дислипопротеинемия; препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; сүт безінің айғақталған немесе күдікті обыры; эндометрий обыры және айғақталған және күмәнді  эстроген-тәуелді ісіктер; жедел немесе созылмалы гепатоцеллюлярлық аурудың нәтижесіндегі бауыр функциясының бұзылуы; бауыр аденомасы немесе карциномасы; этиологиясы анық емес генитальді қан кетулер.

Қауіпсіздік шаралары

● Қолдануды бастар алдында немесе қайта жалғағанда жан-жақты медициналық анамнез (отбасылық анамнезді қоса) жинақтау және жүктілікті жоққа шығару керек●  Сүт бездерінің аймағына, сондай-ақ гиперемияланған, тітіркенген немесе зақымданған тері аймақтарына қолдануға болмайды.   ● Гипертриглицеридемиясы бар (немесе осы ауру отбасылық анамнезінде бар) әйелдерде қолданған жағдайда панкреатиттің даму қаупі жоғарылауы мүмкін●Қант диабеті бар әйелдерді  дәрігер мұқият бақылауы тиіс, әсіресе  препаратты қолданудың бас кезінде.● Қолдану кезінде эндогендік депрессияның, эпилепсияның, Крон ауруының және ойық жаралы колиттің күшейгені туралы да хабарланған.● Дене салмағы 90 кг немесе одан асатын әйелдерде контрацепцияның тиімділігі төмендеуі мүмкін.● Адгезиялық қасиеттерінің төмендеуіне жол бермеу үшін  жапсырылған немесе жапсырылатын тері аймақтарына макияж жасауға, крем, лосьон, опа және басқа да жергілікті қолданылатын заттарды жағуға болмайды.  ● Пайдаланылған  нұсқаулыққа сәйкес ұқыпты түрде утилизациялау  қажет.      Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Маңызды! әлеуетті өзара әрекеттесулерін анықтау үшін қатар қолданылатын дәрілік заттардың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен танысу керек.Құрамында рибавиринмен немесе онсыз омбитасвир/паритапревир/ритонавир және дазабувир бар  дәрілік заттармен біріктіріп қолдану АЛТ белсенділігінің жоғарылау қаупін арттыруы мүмкін.Микросомальді ферменттерді индукциялайтын дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі мүмкін, соның нәтижесінде жыныс гормондарының клиренсі ұлғаюы мүмкін, бұл өз кезегінде жатырдан қан кетулерге және/немесе  контрацепциялық әсердің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Барбитураттар, бозентан, карбамазепин, фенитоин, примидон, рифампицин, модафинил және АИТВ емдеуге арналған препараттар — ритонавир, невирапин, эфавиренз және, сондай-ақ фелбамат, гризеофульвин, окскарбазепин, топирамат болуы мүмкін және құрамында шілтерлі жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) бар препараттар.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Препарат бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде зерттелмеген. Дозаны түзету қажет емес, алайда, препарат  пациенттердің бұл санатында лабораторлық бақылау аясында қолданылуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жүрек айну, сүт бездерінің ауырғыштығы.Жиі: (вульво) қынаптық зеңдік инфекциялар, қынаптық кандидоз; көңіл күйдің бұзылуы, аффектілік және үрейлену бұзылыстары; бас ауыруы; іштің ауыруы, құсу, диарея, іштің кебуі;, акне, бөртпе, қышыну, тері реакциясы, терінің тітіркенуі; бұлшық ет түйілулері, дисменорея, қынаптық қан кету және  етеккір циклының бұзылуы, жатырдың түйілуі, сүт бездерінің патологиясы, қынаптан бөліністер, дімкәстік, шаршау, қолдану орнындағы реакциялар (эритема, тітіркену, қышыну, бөртпе); дене салмағының ұлғаюы.Жиі емес: аса жоғары сезімталдық, гиперхолестеринемия, сұйықтықтың іркілісі, тәбеттің жоғарылауы; ұйқысыздық, либидоның төмендеуі; бас сақинасы, бас айналу;гипертония; алопеция, аллергиялық дерматит, экзема, жарыққа сезімталдық, жанаспалы дерматит, есекжем, эритема; галакторея, етеккіралды синдромывульвавагиналды құрғақтық; жайылған ісіну, шеткері ісіну, қолдану орнындағы реакциялар, артериялық қысымның жоғарылауы, липид алмасудың бұзылуы.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты  қарсы көрсетілген.