G02CB03 Каберголин¹ (Cabergoline)
Қолдану көрсеткіштері
Босанғаннан кейінгі физиологиялық лактацияның алдын алу үшін; босанғаннан кейін қалыптасқан лактацияны басуға:а) босанғаннан кейін анасы емшекпен қоректендіргісі келмеген жағдайда, немесе егер емшекпен қоректендіру анасына немесе баласына медициналық себептерге байланысты қарсы көрсетілімде болғанда; б) өлі сәби туғаннан немесе аборттан кейін; Аменорея, олигоменорея, ановуляция, галакторея сияқты, гиперпролактинемиямен байланысты бұзылуларды емдеу үшін. Гипофиздің пролактин секрециялайтын аденомасында (микро - және макропролактиномалар); идиопатиялық гиперпролактинемияда, гиперпролактинемиямен біріккен "бос" түрік ершігі синдромында.
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Иценко-Кушинга
- Акромегалия
- Пролактинома
- Перипортальная кардиомиопатия
- Осложнения, связанные с искусственным оплодотворением
- Синдром предменструального напряжения
Қарсы көрсеткіштері
Каберголинге немесе препараттың басқа да компонентеріне, сондай-ақ қастауыш алкалоидтарының кез келгеніне жоғары сезімталдық, галактозаны көтереалмаушылық, Лапп лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, артериялық гипертензия, ауыр психоздық немесе когнитивтік бұзылулар (анамнезінде), фиброздық өзгерулерден туындаған өкпе және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі немесе анамнезде осындай жағдайлардың болуы, гипотензиялық әсер ететін препараттармен бір мезгілде қолдану гипотензияның пайда болу қаупіне байланысты, анамнезінде фиброзбен байланысты өкпе-жүрек ауруларының болуы (өкпелік, перикардиальді және ретроперитонеальді фиброз), ұзақ уақыт емдегенде емге дейінгі эхокардиография деректері бойынша жүрек вальвулопатиясының белгілері, нейролептиктермен бір мезгілде қолдану.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратты келесі жағдайларда және/немесе ауруларда абайлап тағайындаған жөн: жүрек-қантамырларының ауыр ауруларында, Рейне синдромында; пептикалық ойық жарада, асқазан-ішектік қан кетулерде; ауыр психикалық аурулар, анамнезінде әсіресе психоздар және ақыл естің бұзылулары. Препаратпен ұзақ уақыт емдеуді бастағанға дейін жүрек клапандарының болуы мүмкін симптомсыз патологияларын анықтау үшін, эхокардиографияны қоса, барлық пациенттерге жүрек-қантамыр жүйесін тексеруді жүргізу керек. Препаратпен емдеуді бастар алдында жүктіліктің бар-жоқтығын анықтап алу қажет. Каберголин препаратын қолдану ұйқышылдықты, Паркинсон ауруы бар пациенттерде кенеттен қалғып кетуді туғызады.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Қастауыш алкалоидтарын каберголинмен ұзақ терапия кезінде бірге қолдану ұсынылмайды.Дофамин антагонистері (фенотиазиндар, бутирофенондар, тиоксантендер, метоклопрамид және басқалар) пролактин деңгейін төмендетуге бағытталған каберголин әсерін әлсіретуі мүмкін.Антибиотик-макролидтер (мысалы, эритромицин) каберголиннің жүйелік биожетімділігінің артуына алып келуі мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр бауыр жеткіліксіздігі (төменірек дозада қабылдау ұсынылады).
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: жүрек вальвулопатиясы (қақпақшалық регургитацияны қоса) және онымен байланысты бұзылулар (перикардит және экссудативті перикардит), бас ауыруы, вертиго (бас айналуы), жүрек айнуы, диспепсия, гастрит, іштің ауыруы, астения, жоғары шаршағыштық.Жиі: ұйқышылдық, депрессия, ортостатикалық гипотензия, ұзақ уақыт қабылдағанда гипотензиялық әсер білдіреді, құйылулар, іш қату, құсу, сүт безінің ауыруы, артериялық қысымның симптомсыз төмендеуі (систолалық артериялық қысым ≥ 20 мм. с.б. және диастолалық артериялық қысым ≥ 10 мм с.б.).Жиі емес: жүрек қағуының жиілеуі, диспноэ, экссудативті плеврит, фиброз (өкпе фиброзын қоса), мұрыннан қан кету, аса жоғары сезімталдық реакциясы, өтпелі гемианопсия, естен тану, парестезиялар, либидоның жоғарылауы, саусақ қантамырларының тарылуы, естен тану, ісіну, шеткері ісіну, бөрту, алопеция (шаштың түсуі), аяқ бұлшықетінің құрысуы, аменореямен әйелдерде етеккірі қалпына келгеннен кейін алғашқы бірнеше ай ішінде гемоглобин деңгейінің төмендеуі.Сирек: эпигастр аймағының ауыруы.Өте сирек: плеврофиброз, стенокардия, тыныс алу ағзалары тарапынан бұзылулар, тыныс алу жеткіліксіздігі, плеврит, кеуде қуысының ауыруы, кенеттен ұйықтап қалу, тремор, көрудің бұзылуы.
Балаларда қолданылуы
Ішке, тамақтану кезінде.16 жастан бастап балаларға, ересектерге арналған дозада қабылданады. 16 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.