G02CB01 Бромокриптин¹ (Bromocriptine)

Қолдану көрсеткіштері

Медициналық көрсеткіштер бойынша лактацияның алдын алуда және бәсеңдетуде. Галакторея синдромы, бедеулік, пролактиномалар, акромегалия, Паркинсон ауруы.
    Клинические протоколы:
  1. Пролактинома
  2. Акромегалия
  3. Дисфункция яичников
  4. Женское бесплодие
  5. Синдром предменструального напряжения
  6. Болезнь Паркинсона
  7. Перипортальная кардиомиопатия

Қарсы көрсеткіштері

Бромокриптинге немесе қастауыштың басқа да алкалоидтарына (эргокриптин туындыларына), сонымен қатар препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық, бақыланбайтын артериялық гипертензия, асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы, идиопатиялық немесе тұқым қуалайтын тремор, Геттингтон хореясында (Huntington), жүрек-қантамырлары аурулары (соның ішінде, жүректің ишемиялық ауруы), жүректің клапандық аппаратының аурулары, дәнекер тіннің аурулары, ауыр психикалық аурулар, галактоза, лактозаны туа біткен көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза, галактозаның мальабсорбциясы, контрацептивтермен бірге қолдану.

Қауіпсіздік шаралары

Анамнезінде ойық жарасы (асқазан-ішектің қан кетуі болғанда емдеуді тоқтату), акромегалия, гиперпролактинемия (емдеуге дейін гипофиз ісігін шеттету), Рейно синдромы, жүрек-қантамырлары аурулары, психикалық бұзылыстары (әсіресе, психозда), жедел порфириясы бар науқастарға сақтықпен қолданған жөн. Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдерде 6 ай сайын және фертильді жастағы әйелдерде жыл сайын цитологиялық материал алумен, гинекологиялық тексеру жүргізіп отыру қажет. Фиброз дамуы мүмкін. Зертханалық көрсеткіштер (ЭШЖ, қан сарысуындағы креатинин деңгейі) және кеуде қуысының рентгенографиясы фиброзды аурулардың диагнозын қоюға көмектеседі. Емдеу курсының алдында организмде басқа да қабыну ауруларын шеттету және бүйректің функционалды жағдайын тексеру қажет. Препаратты босанғаннан кейін қолдану кезінде, әсіресе алғашқы күндері артериялық қан қысымын үнемі және мұқият бақылау, гипертония, көрудің нашарлауымен бірге бас ауыруы немесе орталық жүйке жүйесінің кез келген патологиялық симптоматикасы байқалған жағдайда терапия курсын тоқтату қажет. Макропролактиномасы бар пациенттерде көру кеңістігін мұқият зерттеу көру кеңістігінің екіншілік түсіп қалуын ерте анықтау үшін ұсынылған. Препаратты қолдану әсіресе емнің алғашқы күндері, гипотония, көру бұзылысын, бас айналуын шақыруы мүмкін, сол себепті автокөлік жүргізу және жоғары жарақаттану жағдайларында жұмыс істеу барысында аса сақ болған жөн. Ұйқышылдық  немесе тәуліктің күндізгі уақытында еш ізашарларсыз туындайтын, кенеттен ұйықтап кету симптомын шақыруы мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пероральді контрацептивтер - бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН!Этанол - дисульфирам тәрізді реакциялардың дамуы, бромокриптинді көтере алушылықтың төмендеуі.Гипотензивті заттар - гипотензивті заттар әсерінің күшеюі.Эритромицин, кларитромицин - қан плазмасында бромокриптин концентрациясының артуы.Допамин антагонистері (мысалы, бутирофенондар, фенотиазиндер) - бромокриптиннің пролактин төмендететін және паркинсонизмге қарсы әсерінің азаюы.Метоклопрамид, домперидон - бромокриптиннің пролактин төмендететін әсерінің азаю мүмкіндігі.Симпатомиметикалық препараттар, фенилпропаноламин және изометептенді қоса - уыттылық қаупінің жоғарылауы.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану қажет, қан плазмасында препарат концентрациясының жоғарылауы және шығарылуының кідіруі мүмкін, дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Жүктілік

Жүкті болған жағдайда қабылдауды тоқтату керек.

Емізу

Лактацияны бәсеңдетеді, лактацияны ескерту мүмкін болмағын жағдайда 5 күн бойы емізбеу.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жүрек айнуы, құсу, тәбеттің болмауы, іш қатуы, бас ауыруы, бас айналуы, ортостатикалық гипотензия, естен талу.Сирек: сананың шатасуы, галлюцинациялар, психомоторлы қозу, ұйқысыздық, ұйқышылдық, психоздық бұзылыстар; дискинезия, ауыздың құрғауы; тері бөртпесі, аллергиялық дерматит, алопеция; бұлшықет түйілуі, әлсіздік; парестезиялар; құлақтағы шуыл; перикардиальді жалқық, перикардит, тахикардия, брадикардия, аритмия; плевральді жалқық, плевральді фиброз, плеврит, ентігу; құрсақ арты фиброзы, асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатының ойық жарасы, перифериялық ісінулер, көру өткірлігінің бұзылуы, қатерлі нейролептикалық синдром, күндізгі уақытта кенеттен ұйықтап кету, патологиялық әуестік, либидо жоғарылауы және гиперсексуалдық, миокард инфарктісі, жүректің клапанды аппаратының аурулары, инсульт, артериялық гипертензия, тері жабынының бозаруы, Рейно синдромы, гипонатриемия.

Балаларда қолданылуы

Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректердің шектелуіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.