G02BA03 Левоноргестрел - жатырішілік жүйе (plastic IUD with progestogen)

Қолдану көрсеткіштері

Контрацепция, идиопатиялық меноррагияны, гиперменореяны, дисменореяны емдеу, эстрогендермен орын басу емін жүргізу кезінде прогестагендермен жергілікті емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Менопауза и климактерическое состояние у женщины
  2. Нарушения менструального цикла
  3. Гиперпластические процессы эндометрия
  4. Генитальный эндометриоз

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе кез келген компонентіне асқын сезімталдық; прогестагенге тәуелді ісіктер, мысалы сүт безінің обыры; кіші жамбас ағзаларының қабынған аурулары немесе олардың қайталануы; цервицит; несепжыныс жолының төменгі бөліктерінің инфекциялары; босанудан кейінгі эндометрит; соңғы үш ай ішінде жасалған септикалық түсік немесе аборт; инфекцияларға жоғары сезімталдықпен бірге жүретін жағдайлар; жатыр мойнының дисплазиясы; жатыр немесе жатыр мойнының қатерлі жаңа түзілімдері немесе оған күдіктену; шығу тегі белгісіз жатырдан патологиялық қан кетулер; жатырдың іштен туа болған немесе жүре пайда болған ақаулары, оның ішінде жатыр мойнының деформациясына алып келетін фибромиома.

Қауіпсіздік шаралары

Жүрек қақпақшаларының туа біткен немесе жүре пайда болған ақаулары бар әйелдерге, септикалық эндокардиттің даму қаупі бар екендігін ескере отырып, сақтықпен пайдаланған жөн. Қант диабеті бар науқастарға сақтықпен пайдалану. Енгізер алдында жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін аурулардың бар-жоғын тексерген жөн, ал кіші жамбастағы ағзалардың инфекциялары толық емделуі тиіс.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Құрысуға қарсы заттар (фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин) және инфекцияларды емдеуге арналған заттар (рифампицин, рифабутин, невирапин, эфавиренз) - прогестагендердің метаболизмін арттырады.                                                    Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жедел бауыр аурулары немесе бауыр ісіктерінде қарсы көрсетілген. Қайталанатын холестатикалық сарғаюда қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Гестагендермен монотерапия ана сүтінің мөлшері мен сапасына әсер етпейді.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: аналық бездердің қатерсіз кистасы, жатырлық/қынаптық қан кетулер, жағынды қанды бөліністерді, олигоменореяны және аменореяны қоса.Жиі: көңіл-күйдің төмендеуі, депрессия, күйгелектік, либидоның төмендеуі, бас ауыруы, іштің ауыруы, жүрек айнуы, безеулер, арқаның ауыруы, жамбас аумағының ауыруы, дисменорея, жыныс жолдарынан бөлінділер, вульвовагинит, сүт безінің ширығулары және ауырулары, ЖІЖ экспульсиясы, дене салмағының қосылуы.Жиі емес: бас сақинасы, іш аумағындағы «керу» сезімі, шаштың түсуі, гирсутизм, қышыну, экзема, хлоазма/терінің гиперпигментациясы, жыныс жолдарының жоғарғы бөлігінің инфекциялары, эндометрит, цервицит/ПАП-тест нәтижесі бойынша I және II класс, ісінулер.Сирек: бөртпе, есекжем, жатырдың тесілуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Алғашқы етеккір қан кетулері басталар алдында препаратты қолдану үшін емдік көрсетілімдері жоқ.