G02AD06 Мизопростол¹ (Misoprostol)
Қолдану көрсеткіштері
Мифепристонмен бірге ерте мерзіміндегі жатырлық жүктілікті (аменореяның 42 күніне дейін) тоқтату.
-
Клинические протоколы:
- Невынашивание беременности
- Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
- Иммунная тромбоцитопения и беременность
- Индукция родов
- Кесарево сечение
- Медицинский аборт
- Недостаточный рост плода (внутриутробная задержка развития плода)
- Послеродовое кровотечение
- Преждевременный разрыв плодных оболочек
- Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық, жүрек-қантамыр аурулары, простагландинге тәуелділікпен байланысты аурулар, немесе простагландиндер қабылдауға қарсы көрсетілімдер: глаукома, бронх демікпесі, артериялық гипертензия, эндокринопатиялар және эндокриндік жүйе аурулары, соның ішінде қант диабеті, бүйрек үсті бездері дисфункциясы, гормонға тәуелді ісіктер, анемия, жатырішілік контрацептивтерді қолдану (ЖІК) (қолданар алдында ЖІК алып тастау керек).
Қауіпсіздік шаралары
Ерте мерзімді жүктілікті тоқтату үшін қолданылған кезде мизопростол тек мифепристонмен бірге қолданылуы тиіс. Препаратты қабылдау резус-конфликтінің алдын алуды және түсік тастаумен қатарлас жүретін басқа жалпы шараларды қажет етеді. Препаратты қабылдағаннан кейін пациенттерде, әдетте, аздаған қынаптық қан кету туындайды, кейбір әйелдерде өте ұзақ қан кетеді. Жүктіліктің өте ерте мерзімінде түсік мифепристонды қабылдағаннан кейін бірден болуы мүмкін, дегенмен, бұл жағдайда, медикаментозды түсік тастаудың нәтижесін оңтайландыру үшін мизопростол таблеткаларын қабылдау қажет.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Құрамында магний бар антацидтер - диареяның күшеюі.Тамақтану, антацидтер - плазмада мизопростол қышқылы концентрациясының төмендеуі (клиникалық елеусіз).Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП), ацетилсалицил қышқылын қоса - простагландинге қарсы әсерінің салдарынан мизопростол тиімділігінің төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің бұзылысы кезінде қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің бұзылысы кезінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Жатырдан тыс жүктілікке күдіктенгенде қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, бас айналуы, бас ауыруы, әлсіздік, қанның бетке "құйылулары", жүрек айнуы, құсу, метеоризм, диарея, тері бөртпесі, қышыну, гипертермия, аллергиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну).Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты 15 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.