G01A05 Деквалиния хлориді (Dequalinium Chloride)

Қолдану көрсеткіштері

Шығу тегі бактериялық және зеңдік қынаптық инфекцияларда (мысалы, бактериялық вагиноз, кандидоздық вагинит

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; қынаптық эпителий және жатыр мойнының ойық жаралы өзгерістері.

Қауіпсіздік шаралары

 • Нәрестеге әсерін барынша азайту үшін, қынаптық таблеткаларды босануға дейінгі 12 сағаттың ішінде пайдаланбау керек. • Тәуліктік жоғары дозаны пайдалану немесе ұсынылған емдеу ұзақтығын артыру қынаптың ойық жараларының пайда болу қаупін ұлғайтуы мүмкін.Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • Сабын, спермицидтер немесе қынаптық бүріккіштер(қынаптық шайғыштар) -микробқа қарсы белсенділігін төмендетуі мүмкін. • Латекстік емес мүшеқаптармен және диафрагма сияқты басқа да қынапішілік бұйымдармен өзара әрекеттесуіне қатысты деректер жоқ, сондықтан оларды  бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ақпарат жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ақпарат жоқ.

Жүктілік

Постмаркетингтік тәжірибе жаңа туған нәрестенің денсаулығына қатысты уыттылығының жоқ екенін көрсетті.Босануға дейінгі 12 сағаттың ішінде пайдаланбау керек.

Емізу

Балаға жағымсыз әсері байқалмады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: қынаптық бөліністер, вульвовагинальді қышыну, вульвовагинальді ашу, қынаптық кандидозСирек: бас ауыруы, жүрек айнуы, қынаптан қан кету, қынаптың ауыруы, бактериялық вагинит, зеңдік тері инфекциясы, вульвит, вульвовагинит.

Балаларда қолданылуы

Балаларға (жыныстық жетілу жасына жетпеген қыздарға)  тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты  қарсы көрсетілген.