A06AD65 Макрогол басқа препараттармен біріктірілімінде (Macrogol, combinations)

Қолдану көрсеткіштері

Тоқ ішекті эндоскопиялық немесе рентгенологиялық зерттеулерге даярлау; тоқ ішектегі операциялық араласуларға даярлау.

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; сусыздану немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігі сияқты, жалпы жағдайының ауыр бұзылуы; шырышты қабаттың әлсіздігіне алып келетін ісіктің асқынған түрі немесе тоқ ішектің басқа аурулары; ішек бітелісінің дамуына бейімділік немесе асқазан-ішектік обструкция; ас қорыту жолдарының тесілуі немесе тесілу қаупі, асқазан босауының бұзылуы (мысалы, гастропарез); уытты колит немесе уытты мегаколон.

Қауіпсіздік шаралары

Жалпы жағдайы әлсіреген егде жастағы адамдарға аталған препаратты тек дәрігердің бақылауымен қолдану керек. Электролиттік бұзылыстары бар пациенттерде немесе гипонатриемияны және гипокалиемияны қоса, су-электролиттік теңгерімнің бұзылу қаупін арттыратын немесе болжамды асқынулар қаупін арттыратын (мысалы, бүйрек функциясының бұзылуымен немесе бір мезгілде диуретиктер қабылдайтын пациенттерде) препараттарды қатар қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Аспирацияға бейім пациенттерде немесе аспирациялық пневмония қаупіне байланысты төсек тартып жатқан науқастарда немесе неврологиялық қызметі бұзылған және/немесе қимыл бұзылыстары бар пациенттерде препарат сақтықпен және дәрігердің бақылауымен ғана қолданылуы керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Іш жүргізу әсерінің нәтижесінде асқазанның босауы салдарынан басқа да пероральді дәрілер сіңбеуі мүмкін. Оларды енгізгенге дейін 2 сағат бұрын қабылдау керек. Медициналық тексеру толық аяқталғанша іш жүргізетін заттарды қабылдағанға дейін және қабылдағаннан кейін пероральді препараттарды қабылдауды болдырмау. Бұл әсіресе терапевтикалық индексі тар немесе жартылай шығарылу кезеңі қысқа препараттар үшін маңызы зор.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жүрек айнуы, іштің ауыруы, іштің кебуі.Жиі: құсу.Жиілігі белгісіз: аса жоғары сезімталдық (анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну (Квинке), есекжем, бөрту, қышыну).Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.