D07AB10 Алклометазон (Alclometasone)

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық; розацеа; акне және периоральді дерматит, вирустық тері инфекциялары, атап айтқанда, қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялар; сиыр шешегі; желшешек; терінің зеңдік және бактериялық инфекциялары.

Қауіпсіздік шаралары

Окклюзиялық таңғышпен терінің ауқымды бөліктеріне ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл сіңуді жоғарылатуы және жүйелік жағымсыз құбылыстардың пайда болуын туындатуы мүмкін.Алклометазонды қолданғанда жүйелік жағымсыз құбылыстардың пайда болу ықтималдығы жоғары емделушілер (балалар, бауыр функциясы төмендеген емделушілер, сондай-ақ ұзақ емдеуді қажет ететін емделушілер) гипоталамды-гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесі функциясын бақылау үшін тестілеуден (несептегі бос кортизолға тест және АКТГ стимуляциясына тест) мезгіл-мезгіл өтіп тұрулары тиіс.Аталған жүйенің басатын симптомдары анықталса, препарат қолдануды тоқтату немесе оны қолдану жиілігін азайту қажет. Терінің салдарлы бактериялық және зеңдік инфекциялары пайда болғанда алклометазонды жергілікті қолдануды тоқтату және антибактериялық немесе антимикоздық препарат қолдануды бастау қажет.Терінің табиғи окклюзия болатын кейбір бөліктері (шап аймағы, қолтық асты, перианальді аймақ) алклометазон жергілікті емдегенде стриялар пайда болуына бейімділігі жоғары дәрежеде болады. Алклометазонды мұндай бөліктерде пайдалану шектеулі болуы тиіс.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Сондықтан препаратты басқа дәрілік заттармен қолдануға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ақпарат жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ақпарат жоқ.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде кортикостероидтар қолданудың қауіпсіздігі анықталмағандықтан, әйел үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін ытимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана, препаратты қолдану мүмкін болмақ. Мұндай жағдайларда препарат қысқа мерзімге және терінің шағын бөлігінде қолданылуы тиіс.

Емізу

Бала емізетін әйелдерде кортикостероидтарды қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Препарат қысқа мерзімге және терінің шағын бөлігінде қолданылуы тиіс

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: қышыну, күйдіру, қызару, терінің құрғауы, тітіркенуі, папулезді бөртпе.Препаратты окклюзиялық таңғышпен қолданған кезде фолликулит, гипертрихоз, акне түріндегі тері өзгерістері, гипопигментация, периоральді дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, тері атрофиясы, салдарлы тері инфекциясы, стрийлер және баздану сияқты жергілікті жағымсыз құбылыстар жиі туындайды.Ұзақ қолданғанда жергілікті тері атрофиясы, стрийлер мен қантамырлардың, әсіресе беттегі, беткейлік кеңеюі туындауы мүмкін. "

Балаларда қолданылуы

 Сыртқа, зақымданған беткейге күніне 1-2 рет жұқалап жағу керек.