D07AB09 Триамцинолон (Triamcinolone)
Қолдану көрсеткіштері
Тері ауруларының жергілікті емі.
-
Клинические протоколы:
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Перикардиты
- Атопический дерматит
- Атопический дерматит у детей
- Болезнь Дюринга. Дерматит герпетиформный
- Импетиго
- Контактный аллергический дерматит
- Псориаз
- Пузырчатка
- Токсикодермия
- Пульпит острый
- Пульпит хронический
- Хронический рецидивирующий афтозный стоматит
- Врожденный буллезный эпидермолиз
- Врожденный ихтиоз
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе қосымша заттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; көзге және көз айналасына қолдану; емделмеген инфекцияланған тері беткейі; паразиттік инфекциялар.
Қауіпсіздік шаралары
Ұзақ уақыт қолданғанда оның қанға ену қаупі жоғарылайды, тері атрофиясы дамуы мүмкін. Емдеу 5 күннен аспауы тиіс. Псориазы бар пациенттер емі дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі керек. Анамнезінде орталық серозды хориоретинопатиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Жергілікті қолдануға арналған кортикостероидтар - бірге қолданған кезде жағымсыз әсерлер қаупінің жоғарылауы.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Ауқымды тері беткейіне ұзақ мерзімді жаққан кезде бүйрек үсті безі функциясының тежелуі мүмкін; жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкін; артериялық гипертония, жүрек жеткіліксіздігі; жасырын инфекциялардың белсендірілуі; сұйықтықтың, натрийдің ұсталуы; бассүйекішілік қысымның, көзішілік қысымның жоғарылауы; психикалық бұзылыстар, құрысулар; асқазан-ішектен қан кету немесе перфорациясы; жаралар жазылуының баяулауы мүмкін.
Балаларда қолданылуы
Сыртқа. Бір жастан асқан балалар: тәулігіне 2 реттен артық емес, жұқа қабатпен (жоғары тәуліктік доза – 2 г). 1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.