D06B10 Имихимод (Imiquimod)
Қолдану көрсеткіштері
Сыртқы генитальді және перианальді сүйелдерде (өткір ұшты кондиломалар); ересектердегі аздаған беткейлік базальді жасушалы карциномада ; зақымдардың өлшемі және мөлшері криотерапияның тиімділігін және/немесе мақсатқа сәйкестігін шектегенде, ал жергілікті емдеудің басқа әдістерін қолдануға болмайтын немесе мақсатқа сәйкестігі азырақ жағдайда, иммундық жүйесі қалыпты функцияланатын пациенттердің бет немесе бас терісіндегі клиникалық тұрғыдан типті, гиперкератозды емес, гипертрофиялық емес актиникалық кератозда.
-
Клинические протоколы:
- Аногенитальные (венерические) бородавки
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Герметикалық байламмен бір уақытта және көз, ерін мұрын және құлақ аймағында қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Анықталған жоқ. Кремі иммунитетті стимуляциялайтын болғандықтан, иммуносупрессорларды қабылдап жүрген пациенттерде абайлап пайдаланған жөн.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: крем жаққан жерде қышу және ауыру.Жиі: инфекцияның даму қаупінің жоғарылауы, эритема, эрозия,экскориация/тітіркену және ісіну, бас ауыруы, бас айналуы, қызба,тұмау тәрізді симптомдар,шаршағыштық, жүрек айну.Жиі емес: тері қышымасы,дерматит, фолликулит,эритематозды бөртпе,экзема, есекжем; ұйқысыздық, депрессия,ашушаңдық, парестезия,бас сақинасы, ұйқышылдық, құлақтың шулауы,фарингит, ринит; іш ауыруы, диарея, құсу, анорексия,анустың ауыруы,тік ішек аумағындағы бұзылулар, бактериялық және зеңдік инфекциялар, қарапайым герпес, вагинит, вульвит,ауыртатын жыныстық қатынас,еркектердің жыныс мүшесінің ауыруы, қынап ауруы, атрофиялық вагинит,арқаның ауыруы, артралгия, қатты тершеңдік, лимфоаденопатия.Сирек: индурация, ойық жара,қабыршақтар түзілуі, көпіршік пайда болуы, жергілікті гипопигментация және гиперпигментация;Өте сирек: полиморфты эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, терінің қызыл жегісі, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, лейкопения, абсолютті нейтропения және тромбоцитопения, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.