D03AX03 Декспантенол (Dexpanthenol)

Қолдану көрсеткіштері

– терінің құрғауы
Тері бүтіндігінің бұзылуы:
– ұсақ зақымданулар
– күю (соның ішінде күнге күю)
– сыдырылу
– буллезді дерматит
– абсцесс
– фурункул
– аяқтың трофикалық ойық жарасы
– ойылу
– жарылу
– операциядан кейінгі асептикалық жаралар
– бітісуі қиын тері трансплантаттары
– жатыр мойны эрозиясы
– лактация кезіндегі емшек күтімі (сүт безінің емізіктерінің жарылуы және қабынуы)
– емшектегі балаларды күту (баздану)
    Клинические протоколы:
  1. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися поражениями кожи
  2. Ожоги у детей
  3. Врожденный ихтиоз

Қарсы көрсеткіштері

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Аэрозольдік баллон қысыммен тұр! Сондықтан оны құлатып алмау, соққылардан және тікелей күн сәулесінің әсерінен қорғау керек. Қолданып болғаннан кейін баллонды ашуға және өртеуге болмайды. Препаратты ашық оттың қасында немесе қызып тұрған заттарға жақын бүркуге болмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Әдебиеттердегі деректер бойынша жүйелі қолданғанда сукцинилхолиннің әсерін ұзартуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

деректер жоқ

Бауыр жеткіліксіздігі

деректер жоқ

Жүктілік

Препаратты жүктілік кезінде көрсетілімдер бойынша қолдануға болады.

Емізу

Препаратты лактация кезінде көрсетілімдер бойынша қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек (< 1/10000)
Иммундық жүйенің тарапынан: аллергиялық реакциялар, жанаспалы дерматитті қоса.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Жергілікті. Күнге күю және дерматологиялық аурулар кезінде препарат теріге сіңгенге дейін көбікті зақымданған беткейге жеңіл іс-қимыл арқылы жағады. Препаратты күніне 3-4 рет қолданады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың түрі мен ағымына байланысты.
Түйіршікті күюлерді, жарақаттарды және экссудациясы әлсіз трофикалық ойық жараларды емдеу кезінде препаратты қолданар алдында жарақат беткейін экссудаттан және некроздалған тіндерден тазартады, 3% сутегі асқын тотығының, фурацилиннің 1:5000 немесе 0,05% хлоргексидин биглюконатының ерітіндісімен жуып-шаяды және құрғатады. Көбікті қалыңдығы 1,0-1,5 см біркелкі қабатпен қолданады, осылайша бүкіл зақымданған беткейі көбікпен жабылады және стерильді дәке таңғышты таңады. Таңғыштарды ауыстыруды күюлерді емдеу кезінде 1-2 тәулікте 1 рет және жарақаттар мен трофикалық ойық жараларды емдеу кезінде тәулігіне 1 рет жүргізеді. Күюлерді емдеудің ашық әдісімен көбік күніне 1-2 рет қолданылады. Емдеу ұзақтығы жарақаттар эпителизациясының динамикасымен анықталады.
Сәулеленуге ұшыраған науқастардағы сәулелік асқынулардың профилактикасы үшін препаратты сәулеленген беткейге және оның айналасындағы теріге сәулелендіру курсы бойына сәулеленуден кейін күніне 3-4 рет, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін 10-14 күн бойы жағады.

Балаларда қолданылуы

Дәрілік затты қолдануға жас шектеулері жоқ.
Балаларға алдын ала дәрігермен кеңескеннен кейін сақтықпен қолдану керек.