A06AD11 Лактулоза¹ (Lactulose)

Қолдану көрсеткіштері

Іш қатулар (тоқ ішектің физиологиялық ырғағын реттеу); медициналық мақсатта нәжістің жұмсаруын қажет ететін жағдай (геморрой, тоқ ішек және перианальды тұсқа жасалған операциядан кейінгі жағдай); бауыр энцефалопатиясы (бауыр комасын немесе прекомасын емдеу және алдын алу).
    Клинические протоколы:
  1. Острые вирусные гепатиты B, C и D, передающиеся парентеральным путем у детей
  2. Острые вирусные гепатиты В, D и С у взрослых
  3. Хронический вирусный гепатит С у детей
  4. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  5. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  6. Криз отторжения почечного трансплантата
  7. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  8. Болезнь Гоше
  9. Синдром Жильбера
  10. Болезнь Паркинсона
  11. Хроническая трансплантационная нефропатия
  12. Ахалазия пищевода у детей
  13. Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
  14. Мегаколон, долихоколон
  15. Неспецифический язвенный колит. Болезнь Крона у детей
  16. Неязвенные колиты у детей (ишемический колит)
  17. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися запорами
  18. Синдром раздраженного кишечника у детей
  19. Цирроз печени у взрослых
  20. Кровотечение из варикозно-расширенных вен пищевода
  21. Острая кишечная непроходимость
  22. Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция

Қарсы көрсеткіштері

Лактулозаға немесе кез келген басқа ингредиентіне асқын сезімталдық; галактоземия; ішектің бітелуі, асқазан-ішек жолының тесілу қаупі немесе тесілуі.

Қауіпсіздік шаралары

Лактозаны көтере алмаушылығы бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды. Бауыр прекомасын және комасын емдеудегі доза әдетте анағұрлым жоғары болғандықтан, қант диабетімен зардап шегетін пациенттердің ескерілгені жөн. Түзетілмеген дозаны ұзақ уақыт қабылдау және препаратты дұрыс қолданбау диареяға және электролиттік теңгерімнің бұзылуына әкелуі мүмкін. Галактозаны немесе фруктозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы синдромы немесе глюкоза- галактоза мальабсорбция синдромы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулармен зардап шегетін пациенттерге лактулозаны қабылдауға болмайды. Балаларды емдегенде іш жүргізетін заттар айрықша жағдайларда және дәрігердің бақылауымен қолданылуы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Лактулозаның жүйелік әсер етуі аз болғандықтан, дозалауға арнайы нұсқаулар жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Лактулозаның жүйелік әсер етуі аз болғандықтан, дозалауға арнайы нұсқаулар жоқ.

Жүктілік

Жүкті әйелдерге қолдануға болады. Белгісіз.

Емізу

Бала емізетін әйелдерге қолдануға болады. Белгісіз.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: диарея.Жиі: метеоризм, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу.Жиі емес: диарея кезіндегі электролиттік дисбаланс.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балалар. Ішке. Препарат дозасын пациенттің жекелей қажеттілігіне қарай таңдайды.Медициналық мақсатта нәжісті жұмсарту үшін және іш қатуды емдеу:14-18 жастағы балалар: бастапқы доза тәулігіне 15-45 мл құрайды, кейін демеуші доза ретінде тәулігіне 15-30 мл.7-14 жастағы балалар: бастапқы доза тәулігіне 15 мл құрайды, кейін демеуші доза ретінде тәулігіне 10-15 мл.1-6 жастағы балалар: бастапқы доза тәулігіне 5-10 мл құрайды, кейін демеуші доза ретінде тәулігіне 5-10 мл.1 жасқа толмаған нәрестелер: бастапқы доза тәулігіне 5 мл-ге дейінгі дозаны құрайды, кейін демеуші доза ретінде тәулігіне 5 мл-ге дейін.