D01AE15 Тербинафин (Terbinafine)

Қолдану көрсеткіштері

Trichophyton дерматофиттерінен туындаған терінің зеңдік инфекциялары (мысалы, T. Rubrum, T. Mentagrophytes, T. Verrucosum, T. Violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum
Candida тектес зеңдерден туындаған терінің зеңдік инфекциялары (мысалы, Candida albicans)
түрлі-түсті теміреткі (Pityrosporum orbiculare).
    Клинические протоколы:
  1. Дерматофитии

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Жергілікті қолдануға арналған тек сыртқа қолдануға арналған, оны ішке, интраназальді қолдануға, офтальмологиялық практикада және қынап ішіне қолдануға болмайды.
Деммен ішке тартудан аулақ болыңыз.
Препаратты көздің шырышты қабығына тигізіп алмау керек. Препарат көзге түскен жағдайда оны тез арада ағын сумен шаю керек және қажет болса, дәрігермен кеңесу керек.
Тітіркенген жағдайда, аллергиялық реакцияларда немес нашар сезінгенде препаратты қолдануды тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек.
Спирт және пропиленгликоль тітіркенуді туындататындықтан терінің зақымданған жерлеріне препаратты сақтықпен жағады.
Егде жастағы адамдарға препарат қолданғанда бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы қатар жүруі мүмкін екендігін ескерген жөн.
Жақсы клиникалық әсерге жету үшін емдеудің ұсынылған ұзақтығын орындау керек.
Дененің инфекция жұқтырған жерлерінен басқа жерлеріне таралуын болдырмас үшін әрбір қолданғаннан кейін қолды жуу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Тербинафинді жергілікті қолдануға қатысты дәрілік өзара әрекеттесу туралы деректер жоқ. Алайда, сақтық шарасы ретінде өңделген жерлерде басқа дәрі-дәрмектерді қолданбау ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты жүктілік кезінде дәрігердің тағайындауынсыз қолдануға болмайды.

Емізу

Жүкті әйелдерде қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты жүктілік кезінде дәрігердің тағайындауынсыз қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі
- терінің қабыршақтануы, қышыну
Жиі емес
- терінің зақымдануы, қышыма, тері аурулары, пигментацияның бұзылуы, эритема, терінің күйдіру сезімі, ауыруы, қолдану орнындағы ауыру және тітіркену.
Сирек
- көздің тітіркенуі
- терінің құрғауы, жанаспалы дерматит, экзема
- жағдайдың нашарлауы.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- аса жоғары сезімталдық, бөртпе.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: Кремді күніне бір немесе екі рет жағуға болады.
Емдеудің орташа ұзақтығы:
- Белдемелі теміреткі corporis, cruris - 1-2 апта;
- Tinea pedis (табан терісінің зеңдік инфекциясы) - 1 апта;
- Тері кандидозы - 2 апта;
- Кебек тәрізді (түрлі-түсті) теміреткі - 2 апта.
Клиникалық көріністер әдетте бірнеше күн ішінде жоғалады. Тұрақты емес қолданғанда немесе емдеуді мерзімінен бұрын тоқтатқанда аурудың қайталану қаупі бар. Егер екі аптадан кейін жақсару белгілері болмаса, диагнозды верификациялау керек.

Балаларда қолданылуы

Тербинафинді балаларда жергілікті қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.