D01AC02 Миконазол (Miconazole)

Қолдану көрсеткіштері

Терінің және тырнақтың зеңдік инфекцияларын емдеуге арналған.
    Клинические протоколы:
  1. Дерматофитии

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
- ауыр дәрежедегі бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі;
- қант диабеті;
- микроциркуляторлық қан айналымның бұзылуы;
- герпестік қызба (герпес);
- жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрі (жергілікті қолдануға арналған);
- 12 жасқа дейінгі балалар;
- тері жабындарының герпестік инфекциясы.

Қауіпсіздік шаралары

Миконазол кремімен және жергілікті қолдануға арналған басқа миконазол препараттарымен емдеу уақытында анафилаксияны және ангионевроздық ісінуді қоса алғанда, аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары туралы хабарланды. Аса жоғары сезімталдықты немесе тітіркенуді болжайтын реакция пайда болған кезде емді дереу тоқтату керек.
Препаратты көзге тигізбеу керек.
Тырнақ пластиналары зақымданған кезде тырнақты барынша қысқа етіп кеседі.
Аяқты емдеу үшін бақайлар арасына мұқият өңдеу қажет.
Интертригинозды аумақтарды емдеу үшін тері мацерациясын болдырмау үшін сеппені пайдаланған дұрыс.
Қосымша заттар
Препарат құрамында цетостеарил спирті бар, ол жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).
Миконаз кремі құрамында баяулаған типті аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат бар.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Миконазол фенитоиннің, тікелей емес антикоагулянттардың, пероральді гипогликемиялық препараттардың әсерін күшейтеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік

Миконазол сыртқа қолданылғанда іс жүзінде қанға сіңбейді және жүктілік және емшек емізу кезінде қолданылуы мүмкін.

Емізу

Миконазол сыртқа қолданылғанда іс жүзінде қанға сіңбейді және жүктілік және емшек емізу кезінде қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Теріге қолданғанда: шамадан тыс пайдалану тері тітіркенуіне әкеп соғуы мүмкін, ол әдетте емді тоқтатқаннан кейін жойылады.
Кездейсоқ жұтып қою: асқазанның тітіркенуі пайда болуы мүмкін.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Аздаған кремді зақымданған бөлікке күніне екі рет жағыңыз. Кремді теріге толық сіңгенге дейін саусағыңызбен жағыңыз. Егер ұнтақ креммен қолданылса, екі дәрілік препаратты күнделікті бір реттен қолдану ұсынылады.
Емнің ұзақтығы зақымдану орны мен ауырлығына байланысты 2-ден 6 аптаға дейінгі аралықта болады.
Емді барлық белгілер мен симптомдар жоғалғаннан кейін кемінде бір апта бойы жалғастыру керек.
Тырнақ инфекциясы
Кремді зақымданған ошақтарына күніне бір немесе екі рет жағу керек.
Қайталануды болдырмас үшін, барлық зақымданулар жойылғаннан кейін емді 10 күн бойы жалғастыру керек.

Балаларда қолданылуы

Дәрігермен кеңесті қоспағанда, 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.