C10A09 Эзетимиб (Ezetimibe)

Қолдану көрсеткіштері

Бастапқы гиперхолестеринемияда: статиндермен монотерапия кезінде тиісінше бақыланбайтын бастапқы (гетерозиготалы отбасылық немесе отбасылық емес) гиперхолестеринемиясы бар пациенттерге ГМГ-КoA-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен) біріктіріп диетаға қосымша ретінде; бастапқы (гетерозиготалы отбасылық немесе отбасылық емес) гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде диетаға қосымша ретіндегі монотерапияда, егер статиндермен емдеу қолжетімсіз немесе қолайсыз деп танылса.Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияда (ГоОГ): ГоОГ бар пациенттерде статиндермен біріктіріп диетаға қосымша ем ретінде Гомозиготалы ситостеролемияда (немесе фитостеролемия – триглицеридтер мөлшері жоғары немесе қалыпты болған кезде плазмадағы өсімдік текті стиролдар деңгейінің жоғарылауы): диетаға қосымша ем ретінде.

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе  кез келген қосалқы затқа жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Статиндермен қолданған кезде, емдеуді бастар алдында және статин ұсынымдарына сәйкес, бауыр функциясына тексеру жүргізілуі тиіс.Науқастарға миопатия және қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы қаупі туралы ескерту керек. Кез келген түсіндірілмеген ауырсыну, бұлшық еттеердегі әлсіздік туралы дереу хабарлау керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Колестирамин - тығыздығы төмен липопротеидтер холестеринінің төмендеуі.Фибраты - холестериннің өтке бөлініп шығуын арттырыды, ол холелитиазға алып келуі мүмкін. Препарат өт қалтасында өттегі холестеринді арттыруы мүмкін. Фенофибраты - подозрение на холелитиаз при совместном приеме, назначить исследования желчного пузыря и прекратить терапию. бірге қабылдаған кезде холелитиазға күдік бар,  емдеуді тоқтату және өт қалтасына тексеру тағайындау.Циклоспорин - бірге қабылдағанда екеуінің де концентрациясын тексеру керек. Варфарин, кумариннің басқа антикоагулянты немесе флуиндион - қосымша қолданған кезде, қан ұйығыштығын бақылау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Орташа және ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмайды

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Эзетимибпен  монотерапия кезінде:Жиі: бас ауыруы; іштің ауыруы, диарея.Жиі емес: креатининфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы.Статиндермен біріктіріп емдеу кезінде:Жиі: бас ауыруы, қажу.Жиі емес: креатининфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы; іштің ауыруы, іштің қатуы, диарея, іштің кебуі, жүрек айнуы; миалгия.Фенофибратпен біріктіріп емдеу кезінде:Жиі: іштің ауыруы; трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.