C10AA01 Симвастатин¹ (Simvastatin)
Қолдану көрсеткіштері
Атеросклероздың пайда болу қаупі жоғары пациенттерде диетотерапия тиімсіздігі кезіндегі біріншілік гиперхолестеринемия, арнайы диета және физикалық жүктемемен түзетуге келмейтін біріктірілген гиперхолестеринемия және триглицеридемия, миокард инфарктісінің, инсульт пен ми қанайналымының өтпелі бұзылыстарының алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Амилоидоз почек
- Болезнь Фабри
- Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
- Транзиторная ишемическая атака
- Аневризма брюшной аорты
- Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
- Атеросклероз брюшной аорты и артерий нижних конечностей
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
- Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Реноваскулярная гипертензия
- Синдром хронической абдоминальной ишемии
- Церебральный атеросклероз
- Экстракраниальные заболевания брахиоцефальных артерий
- Экстракраниальные заболевания брахиоцефальных артерий
- Нефротический синдром
- Хронический нефритический синдром у детей
- Синдром диабетической стопы
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез-келген компонентіне және статин қатарының басқа препараттарына аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Гипертриглицеридемиясы бар пациенттерге жалпы холестериннің жоғары деңгейіне қарамастан, өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер (ӨТТЛП) деңгейі төмендетілген немесе қалыпты болуы мүмкін пациенттерге тағайындалмайды. Липидтер деңгейін өлшеу кемінде 4 апта аралығымен өткізілуі тиіс және дозасы симвастатинмен емдеуге пациенттің реакциясына сәйкес реттелуі тиіс. Миалгия, миастения және/немесе креатинфосфокиназа белсенділігі айқын жоғарылаған пациенттерді препаратпен емдеу тоқтатылады.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Амиодарон, циклоспорин, кларитромицин, эритромицин, флуконазол, индинавир, итраконазол, миконазол, вориконазол - симвастатин концентрациясының жоғарылауы және бұлшықеттерге уытты әсер ету қаупі.Протеаза тежегіштері - симвастатин концентрациясының және оның уыттылығының жоғарылауы (әрбір дәрілік препаратқа арналған нұсқаулықты мұқият оқу керек, протеаза тежегіштерінің көптеген өкілдерімен бірге қолдануды болдырмау, соның ішінде, атаназавирмен, боцепревирмен, индинавирмен, лопинавирмен, ритонавирмен, саквинавирмен, телапревирмен).Колхицин, фибраттар (мысалы, фенофибрат), никотин қышқылы - миопатия дамуының жоғары қаупі. Кальций каналдарының блокаторлары, мысалы амлодипин, дилтиазем, верапамил - бұлшықетке уытты әсер ету қаупі және симвастатин концентрациясының жоғарылауы (тұрақты мониторинг кезінде жоғарғы тәуліктік доза - 20 мг).Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Симвастатин аз мөлшерде бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек қызметінің орташа айқын бұзылысы бар науқастарда дозасын өзгертудің қажеттілігі жоқ. Бүйрек қызметінің айқын бұзылысы бар пациенттерде тәулігіне 10 мг асатын дозада препаратты тағайындаудың дұрыстығын мұқият бағалаған жөн. Егер осындай доза қажет деп саналса, онда оны сақтықпен тағайындау қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің зерттеуін емдеуді бастағанға дейін және алғашқы 3 айдың ішінде 6 аптадан кейін, содан кейін қалған алғашқы жыл ішінде әрбір 8 апта сайын, және содан соң жарты жыл сайын 1 рет жүргізген жөн. 80 мг препарат қабылдап жүрген пациенттерде бауыр қызметін 3 айда 1 рет бақылайды. Егер АСТ, АЛТ жоғарғы қалып шегінен 3 есе жоғары немесе одан артық болса, симвастатинмен емдеуді тоқтату ұсынылады.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, іш қатуы немесе диарея, диспепсия, метеоризм, гепатит, сарғаю, бауырдың трансаминаза, сілтілік фосфокиназа және креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауы, астения, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, анемия, жүрек қағуы, ентігу, құрысулар, парестезия, көрудің бұлыңғырлануы, дәм сезінудің бұзылуы, миопатия, миалгия, бұлшықеттің әлсіреуі, тері бөртпесі, қышыну, алопеция, ангионевротикалық ісіну, есекжем, фотосенсибилизация, қызба, тері гиперемиясы, құйылулар, ЭШЖ жоғарылауы, тромбоцитопения, лейкопения, васкулит, артрит, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, импотенция.Сирек: жедел панкреатит, рабдомиолиз.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.