A06AB58 Басқа препараттармен біріктірілген натрия пикосульфат (Sodium picosulfate in combination with other drugs)
Қолдану көрсеткіштері
Рентгенологиялық зерттеулер, эндоскопия жүргізер алдында немесе хирургиялық араласым алдында ішекті тазалау үшін
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез-келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық; жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, қатты сусыздану, гипермагниемия, асқазанда іркілу, асқазан-ішек ойықжарасы, уытты колит, уытты мегаколон, жүрек айнуы және құсу, асцит; құрсақ қуысының жедел хирургиялық аурулары, жедел аппендицит, ішектің бітелуі; ас қорыту жолының жедел қабыну аурулары.
Қауіпсіздік шаралары
• Іш жүргізетін дәрі ретінде үнемі қолданбаған жөн. • Егде және әлсіреген пациенттермен сақтық таныту.Электролиттердің бастапқы деңгейін бақылау және емдеуден кейінгі электролиттер деңгейін бақылау маңыздылығына ерекше көңіл аудару керек. • Аз уақыт бұрын асқазан-ішек жолына хирургиялық операция жасалған немесе бүйрек жеткіліксіздігі, жеңіл немесе орташа дәрежедегі сусыздануы, гипотензиясы немесе жүрек ауруы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. • Ішекті тазарту кезеңі 24 сағаттан аспауы тиіс, өйткені ұзақ дайындау су және электролиттік теңгерімнің бұзылу қаупін жоғарылатуы мүмкін. •Емделу кезінде көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Ішке қабылданатын басқа препараттардың ( құрысуға қарсы дәрі, контрацептивтер, диабетке қарсы препараттар, антибиотиктер) сіңірілуі препаратты қолдану кезінде өзгеруі мүмкін. •Диуретиктер, кортикостероидтар,жүрек гликозидтер- гипокалиемия туындатуы мүмкін. •ҚҚСП, трициклдық антидепрессанттар,серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері,антипсихоздық препараттар және карбамазепин -суды ұстап қалуды және/немесе электролиттік теңгерімсіздіктің туындау қаупін арттыруы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
ШСЖ 30 мл/мин төмен болатын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препарат қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: іштің ауыруы.Жиі: ұйықының бұзылуы, бас ауыруы, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, іш кебуі, анустың жайсыздығы, прокталгияЖиі емес: бас айналуы, ортостаздық гипотензия, құсу, нәжісті ұстай алмауСирек: анафилактоидтық реакциялар, жоғары сезімталдықӨте сирек: гипонатриемия, эпилепсия, үлкен құрысу ұстамалары, құрысулар, сананың шатасуы, ішек кебуі, бөртпе (эритематоздық және макуло-папулёздік бөртпені қоса), уртикарлық бөртпе, қышыну, гемморагиялық бөртпе.
Балаларда қолданылуы
Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.