C09CA06 Кандесартан¹ (Candesartan)
Қолдану көрсеткіштері
Артериялық гипертензия, АКФ тежегіштеріне қосымша ем ретінде немесе оларды көтере алмаушылық кезінде сол жақ қарыншаның систолалық функциясы бұзылысымен жүрек жеткіліксіздігі (сол жақ қарынша лықсуының фракциясы ≤ 40%).
-
Клинические протоколы:
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Амилоидоз почек
- Диабетическая нефропатия
- Транзиторная ишемическая атака
- Артериальная гипертензия
- Артериальная гипертензия у детей и подростков
- Кардиогенный отек легких
- Миокардиты
- Недостаточность митрального клапана
- Перипортальная кардиомиопатия
- Стеноз митрального клапана
- Фибрилляция и трепетание предсердий
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Хроническая болезнь почек у детей
- Хроническая сердечная недостаточность
- Нефротический синдром
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді затына және кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық; қант диабеті немесе шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) 60 мл/мин/1,73 м2 төмен науқастарда ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистері мен алискиренмен бірге қабылдау.
Қауіпсіздік шаралары
Гемодиализ алатын, обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатиясы немесе аорта немесе митралды клапанның гемодинамикалық елеулі стенозы бар, анестезия және хирургиялық араласулар кезінде, жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек қызметінің бұзылысы, бүйрек артерияларының стенозы, қан айналу көлемінің төмендеуі айқын науқастарға сақтықпен тағайындау керек. Бастапқы гиперальдостеронизмі бар пациенттер әдетте ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйеге әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілермен бірге тағайындауға болмайды. Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан оны лактозаға төзімділік болмағанда, лактоза тапшылығында немесе глюкоза мен лактоза сіңірілуінің бұзылуымен сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолданбаған жөн. Көлік құралдарын басқаруда және басқа да қауіптілігі жоғары механизмдермен жұмыстарды атқаруда бастың айналуы және қатты шаршаудың пайда болу мүмкіндігі бар.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Калий жинақтаушы диуретиктер, калий препараттары, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар немесе басқа дәрілік заттар (мысалы, гепарин) - калий деңгейін арттыруы мүмкін.ААФ тежегіштерімен литий - қан сарысуында литий концентрациясы мен оның уыттылығының қайтымды жоғарылауы.СЕҚҚП (мысалы, ЦОГ-2 селективті тежегіштері, ацетилсалицил қышқылы (> 3 г/тәул) және селективті емес қабынуға қарсы стероидты емес заттар) - гипертензияға қарсы әсерінің әлсіреуі. СЕҚҚП бүйрек қызметінің нашарлау қаупін жоғарылатады, жедел бүйрек жеткіліксіздігімен қоса қан сарысуында калий деңгейін жоғарылатады (әсіресе егде жастағыларда).Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Гемодиализде жүрген пациенттерді қоса, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін бастапқы доза 4 мг құрайды. Дозаны артериялық қысымды ескеріп титрлеу керек. Креатинин клиренсі 15 мл/мин төмен пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препараттың 4 мг бастапқы дозасы тәулігіне бір рет ұсынылады. Дозаны АҚ ескере отырып, түзетуге болады. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе холестазы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Кең таралған жағымсыз әсерлері: бас айналу/вертиго, бас ауыру, тыныс алу жолдары инфекциялары, гиперкалиемия, бауыр жеткіліксіздігі, креатинин, мочевина және калий деңгейінің жоғарылауы.Өте сирек: лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз, гипонатриемия, бас айналу, бас ауыру, жөтел, жүрек айну, «бауыр» ферменттері деңгейінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы немесе гепатит, ангионевроздық ісіну, тері бөртпесі, есекжем, қышыну, арқаның ауыруы, артралгия, миальгия, бүйрек жеткіліксіздігін қоса, осыған бейім пациенттердегі бүйрек функциясының бұзылуы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.