C09CA03 Валсартан¹ (Valsartan)
Қолдану көрсеткіштері
Артериялық гипертензия. ААФ тежегіштерін қолдану мүмкін болмағандағы жүрек жеткіліксіздігі немесе бета-блокаторларды қолдану мүмкін болмаған кезде ААФ тежегіштерімен терапияға қосымша ретінде. Сол жақ қарыншалық және/немесе сол жақ қарынша систолалық дисфункциясымен миокард инфарктісі.
-
Клинические протоколы:
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Амилоидоз почек
- Диабетическая нефропатия
- Гемифациальный спазм
- Невралгия тройничного нерва
- Транзиторная ишемическая атака
- Артериальная гипертензия
- Артериальная гипертензия у детей и подростков
- ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Кардиогенный отек легких
- Миокардиты
- Недостаточность митрального клапана
- Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
- Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
- Перикардиты
- Перипортальная кардиомиопатия
- Стеноз митрального клапана
- Фибрилляция и трепетание предсердий
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Хроническая болезнь почек у детей
- Хроническая сердечная недостаточность
- Системная красная волчанка
- Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
- Изолированная протеинурия (педиатрия)
- Нефротический синдром
- Нефротический синдром у детей
- Острый нефритический синдром у детей
- Хронический нефритический синдром у детей
- Кистозная болезнь почек у детей
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез келген препарат компонентіне жоғары сезімталдық; валсартан, немесе алискиренмен ААФ тежегіштерін қоса, ангиотензин рецепторлары антагонистерін II типті қант диабеті бар пациенттерде бір мезгілде қолдану.
Қауіпсіздік шаралары
Симптоматикалық гипотензия қаупіне байланысты, диуретиктердің жоғары дозаларын қабылдайтын, ағзасында натрий және/немесе айналымдағы қан көлемі жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану. Аорта және митральді қақпақша стенозы, обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатия, бүйрек артериясы стенозы бар пациенттерде қан сарысуындағы мочевина және креатинин деңгейлеріне мониторинг жүргізу керек. Біріншілік гиперальдостеронизмі бар пациенттер валсартанмен терапия қабылдамауы тиіс, себебі негізгі ауру ренин-ангиотензин жүйесіне әсер етеді. Ауыр жүрек жеткіліксіздігі олигурия және/немесе азотемия артуымен және (сирек) жедел бүйрек жеткіліксіздігімен және/немесе өліммен аяқталуы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі немесе инфаркттан кейінгі пациенттердің жағдайын бағалау әрқашан бүйрек қызметінің жағдайын бағалауды қосу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Гипертензияға қарсы препараттар, диуретиктер, алкоголь, алпростадил, гипотензивті әсері бар басқа препараттар - гипотензивті әсерінің күшеюі.Калий препараттары, спиронолактон, амилорид, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП), циклоспорин және қандағы калий деңгейін арттыратын басқа дәрілік заттар - гиперкалиемия қаупі.Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (СЕҚҚП) - гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі, бүйрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауы.Диуретиктер - бүйрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауы.Литий - литий концентрациясының жоғарылау және уыттылығының күшею мүмкіндігі.Ангиотензин айналдырушы фермент тежегіштері (ААФ) - ауыр жағымсыз әсерлері даму қаупінің жоғарылауына байланысты әдетте кешенді қолдану ұсынылмайды.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
ШСЖ 10 мл/мин/1,73 м2 төмен болғанда сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Холестазсыз, жеңіл және орташа дәрежелерінде доза 80 мг аспауы тиіс. Ауыр сатысында, биллиарлы цирроз, холестаз кезінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Бас айналуы, бас ауыруы, постуральді бас айналуы, шаршағыштық, естен талу, гипотензия, ортостатикалық гипотензия, бүйрек қызметі бұзылысы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, қан сарысуында креатинин деңгейінің артуы, мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы, гиперкалиемия, гипонатриемия, гемоглобин және гематокрит деңгейі төмендеуі, нейтропения, тромбоцитопения, қан сарысуында жалпы билирубин деңгейінің артуы, жоғары сезімталдық реакциялары (бөртпе, қышыну, сарысулық ауруды қоса), ангионевротикалық ісіну, васкулит, миалгия; сирек асқазан-ішектік бұзылыстар, жөтел, іштің ауыруы, жүрек жеткіліксіздігі.
Балаларда қолданылуы
Ішке, ас қабылдауға байланыссыз, сумен ішу. 6-18 жас аралығындағы балалар. Артериялық гипертензия. Дене салмағы 35 кг төмен балалар: бастапқы доза 40 мг күніне бір рет; дене салмағы 35 кг асатын балалар: бастапқы доза 80 мг күніне бір рет. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.