C09BB07 Рамиприл және Амлодипин (Ramipril and Amlodipine)
Қолдану көрсеткіштері
Артериялық гипертензия, артериялық қысымы бір мезгілде қабылданған екі жеке препаратпен талапқа сай бақыланатын ересек пациенттерде біріктірілген препараттағыдай емдік дозаларда, орын басу емінің препараты ретінде. |
-
Клинические протоколы:
- Артериальная гипертензия
Қарсы көрсеткіштері
Рамиприлге (немесе АӨФ тежегіштеріне), амлодипинге, дигидропиридин туындыларына, және/немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық. |
Қауіпсіздік шаралары
Амлодипин+рамиприл
біріктірілімін келесі ¬аурулар мен жағдайларда сақтықпен қолдану керек: - коронарлық және церебральдық артериялардың атеросклероздық зақымдануы (АҚ¬ шамадан тыс төмендеу қаупі); - ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі (РА - АЖ) белсенділігінің жоғарылауы, онда АӨФ тежелгенде бүйрек функциясының нашарлауымен бірге АҚ-тың күрт төмендеу қаупі бар: - айқын, әсіресе қатерлі артериялық гипертензия, - ЖСЖ , әсіресе ауыр немесе ол бойынша гипертензияға қарсы әсері бар ¬басқа дәрілік заттар (J1C) , - гемодинамикалық маңызды бүйрек артериясының біржақты стенозы (екі бүйрек болған кезде); - алдында диуретиктерді қабылдау; - су-электролит теңгерімінің бұзылуы, айналымдағы ¬қан көлемінің (АҚК) төмендеуі (соның ішінде диуретиктерді қабылдау, тұзсыз диета, диарея, құсу, қатты терлеу аясында); - құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану (РААЖ қосарлы блокадасы кезінде АҚ - тың күрт төмендеу, гиперкалиемия және бүйрек функциясының нашарлау қаупі артады); бауыр функциясының бұзылуы - қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігі: рамиприл әсерінің күшеюі де, әлсіреуі де мүмкін; пациенттерде бауырдың асцитпен және¬ ісінумен байқалатын циррозы болған кезде РААЖ елеулі активациялануы мүмкін; бүйрек функциясының бұзылуы (КК 20 мл/мин астам); бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдай; дәнекер тіннің жүйелі аурулары, оның ішінде жүйелі қызыл¬жегі, склеродермия, шеткері қан көрінісінде өзгерістер туындатуға қабі-летті препараттармен жүргізілетін қатарлас ем, (оның ішінде аллопу-ринол, прокаинамид) - сүйек кемігінде қан өндірілудің бәсеңдеуі, нейтропения немесе агран¬улоцитоз дамуы мүмкін; қант диабеті - гиперкалиемияның даму қаупі; егде жас - гипертензияға қарсы әсердің күшею қаупі; гиперкалиемия; гипонатриемия; жедел МИ (және одан кейінгі 1 ай ішіндегі кезең); тұрақсыз стенокардия этиологиясы ишемиялық емес ЖФСЖ NYHA бойынша III—IV ФК; аорталық стеноз; синус түйінінің әлсіздік синдромы (айқын тахикардия, брадикардия); митральды стеноз; артериялық гипотензия; жалғыз жұмыс істейтін бүйрек; реноваскулярлық гипертензия; дантроленді, эстрамустинді, калийсақтағыш диуретиктерді және калий препараттарын, құрамында калий бар тағамдық тұз алмастырғыштарды, ¬литий препараттарын бір мезгілде қолдану; хирургиялық араласу/жалпы анестезия; CYP3A4 изоферментінің тежегіштерімен немесе индукторларымен бір мезгілде қолдану; негроидтық нәсілге жататын пациенттерде қолдану. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Рамиприлге
қатысты: Зерттеу нәтижелері бойынша, АӨФт, АТРА II немесе алискирен қолданылған РААЖ қосарлы блокадасы, монотерапиямен салыстырғанда гипотония, гиперкалиемия және бүйрек функциясының бұзылуы (бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігін қоса) сияқты жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттырады. Қолдануға болмайтын біріктірілімдер: Ауыр анафилаксиялық немесе анафилактоидтық реакциялардың дамуының жоғары қаупіне байланысты, өткізгіштігі жоғары жарғақшалар (мысалы, полиакрилонитрилді қосылыстардан тұратын жарғақшалар) арқылы гемодиализ, гемофильтрация немесе сульфат декстранын қолданумен тығыздығы төмен липопротеидер аферезі секілді қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуымен қатар жүретін экстракорпоральді емшаралар. Егер осындай ем қажет болса, диализ үшін басқа типті жарғақшаны немесе басқа санаттағы гипертензияға қарсы дәрілерді қолдану мәселесін қарастыру керек. АӨФ тежегіштерін (рамиприл сияқтылар) құрамында сакубитрил (неприлизин тежегіші) бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда ангионевроздық ісінудің даму қаупі артады, осыған байланысты, аталған препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды. АӨФ тежегіштерін құрамында сакубутрил бар препараттарды тоқтатқаннан кейін 36 сағат өтпейінше тағайындауға болмайды. Құрамында сакубутрил бар препараттарды АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерге, сондай-ақ АӨФ тежегіштерін тоқтатқаннан кейін 36 сағат ішінде тағайындауға болмайды. Бір мезгілде қолдану сақтықты талап етеді Калий препараттарымен, гепаринмен, калийсақтағыш диуретиктермен, және калийдің плазмалық деңгейін жоғарылататын басқа да белсенді заттармен (оның ішінде, ангиотензин II рецепторлар антагонистерімен, такролимуспен, циклоспоринмен), бір мезгілде қабылдағанда гиперкалиемия дамуы мүмкін, сондықтан қан сарысуында калий деңгейін мұқият бақылау керек. Триметоприммен немесе оның сульфометоксазолмен (Ко-тримоксазол) біріктірілімімен: триметоприммен немесе оның сульфометоксазолмен (ко-тримоксазол) біріктірілімімен АӨФ тежегіштерін қабылдаған пациенттерде гиперкалиемияның даму жиілігі жоғарылаған. Гипертензияға қарсы препараттармен (мысалы, диуретиктермен) және артериялық қысымды төмендетуі мүмкін басқа заттармен (мысалы, нитраттармен, трициклдік антидепрессанттармен, ауыруды басатын дәрілермен, алкогольмен, баклофенмен, альфузозинмен, доксазозинмен, празозинмен, тамсулозинмен, теразозинмен) бір мезгілде қабылдағанда гипотензия қаупі күшеюі мүмкін. Вазопрессорлы симпатомиметиктермен және басқа препараттармен (мысалы, изопротеренолмен, добутаминмен, допаминмен, адреналинмен, норадреналинмен) бір мезгілде қабылдағанда, рамиприлдің гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін, сондықтан артериялық қысымға мониторинг жүргізу ұсынылады. Аллопуринолмен, иммунодепрессанттармен, кортикостероидтармен, прокаинамидпен, цитостатиктермен және қан жасушаларының мөлшерін өзгертуі мүмкін басқа препараттармен бір мезгілде қабылдағанда, гематологиялық реакциялардың даму ықтималдылығы артады. Литий тұздарымен АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қабылдағанда оның өндірілуі азаюы мүмкін болғандықтан, кейін оның уыттылығының жоғарылауымен қандағы литий концентрациясы жоғарылайды. Литий деңгейін үнемі бақылау керек. Диабетке қарсы дәрілермен (инсулинді қоса) бір мезгілде қабылдағанда гипогликемиялық реакциялар дамуы мүмкін. Қандағы глюкоза деңгейін қатаң бақылау керек. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен және ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қабылдағанда рамиприлдің гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін. Бұдан басқа, АӨФ тежегіштерін және ҚҚСД біріктіріп қабылдау гиперкалиемия дамуын туындатуы мүмкін және бүйрек функциясының бұзылу қаупін жоғарылатады. Рапамициннің mTOR нысанасының тежегіштерімен (тенсиролимус, эверолимус, сиролимус сияқты) немесе вилдаглиптинмен бір мезгілде қабылдағанда ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылайды. Емдеу басында сақ болу керек. НЭП (бейтарап эндопептидаза) тежегіштері: АӨФ тежегіштерін және рацекадотрилді (энкефалиназа тежегіші) бір мезгілде қолдану кезінде ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылау ықтималдылығы туралы хабарланған. Плазминогеннің тіндік активаторлары: обсервациялық зерттеулерде ишемиялық инсульттің тромболитикалық емі үшін алтеплазаны қолданғаннан кейін АӨФ тежегіштерін қабылдаған пациенттерде ангионевроздық ісінулер дамуының жоғары жиілігі анықталды. Амлодипинге қатысты: Басқа дәрілік заттардың амлодипинге әсері CYP3A4 тежегіштері: амлодипинді CYP3A4 күшті немесе орташа тежегіштерімен (протеаза тежегіштерімен, эритромицин немесе кларитромицин секілді макролидтермен, азолды зеңге қарсы препараттармен, верапамилмен немесе дилтиаземмен) бір мезгілде қолдану амлодипин экспозициясының айтарлықтай жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осылайша, клиникалық мониторингілеу және препарат дозасын өзгертуге қажеттілік туындауы мүмкін. Кларитромицин CYP3A4 тежегіші болып табылады. Кларитромицинді амлодипинмен бірге қабылдайтын пациенттерде гипотензия қаупі жоғарылауы мүмкін. Кларитромицинді амлодипинмен бірге қолданған пациенттерді мұқият бақылау қажет. CYP3A4 индукторлары: CYP3A4 тежегіштерінің амлодипинге әсері туралы деректер жоқ. Препаратты CYP3A4 тежегіштерімен (мысалы, рифампицин немесе шілтерлі шайқураймен) бір мезгілде қабылдау амлодипиннің плазмалық концентрациясын төмендетуі мүмкін. Амлодипинді CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде тағайындағанда сақтықпен пайдалану керек. Амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен қолдануға болмайды, өйткені кейбір пациенттерде амлодипиннің биожетімділігі жоғарылауы мүмкін, ол өз кезегінде гипертензияға қарсы айқын әсерімен қатар жүреді. Дантролен (инфузия) Верапамил мен дантролен инфузиясын бірге қолданғанда тәжірибелік жануарларда гиперкалиемия жағдайында қарыншалардың фибрилляциясы мен жүрек-қантамыр коллапсы дамыған. Гиперкалиемия даму қаупіне байланысты қатерлі гипертермияның дамуына бейім пациенттерде және қатерлі гипертермияны емдеу барысында Дантролен препаратын (инфузия) амлодипин секілді, кальций өзекшелерінің блокаторларымен біріктіруден аулақ болған жөн. Амлодипиннің басқа дәрілік заттарға әсері Амлодипинді гипертензияға қарсы басқа дәрілермен үйлестіріп қолдану олардың емдік тиімділігін күшейтеді. Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін клиникалық зерттеулердің мәліметтері бойынша, амлодипин аторвастатиннің, дигоксиннің, варфарин немесе циклоспориннің фармакокинетикасына әсер еткен жоқ. Такролимус: амлодипинмен бір мезгілде қолданғанда такролимустың қандағы деңгейінің жоғарылау қаупі бар, алайда, бұл өзара әрекеттесудің фармакокинетикалық механизмі толық зерттелмеген. Такролимустың уыттылық әсерінің алдын алу мақсатында, такролимусты қабылдайтын пациенттерге амлодипинді тағайындаған кезде, артериялық қысымға мұқият мониторинг жүргізу және қажет болса, такролимус дозасын өзгерту керек. Циклоспорин: Амлодипиннің циклоспоринмен өзара әрекеттесулеріне дені сау еріктілерде де, басқа популяцияларда да зерттеулер жүргізілген жоқ, тек бүйрегі ауыстырылған пациенттерді қоспағанда, оларда циклоспориннің ең төмен концентрациясының елеулі ауытқымалы жоғарылауы байқалды (0 – 40%). Симвастатин: 10 мг амлодипиннің қайталанған дозаларын 80 мг симвастатинмен бір мезгілде қолдану симвастатинмен жүргізілген монотерапиямен салыстырғанда симвастатиннің экспозициясының 77% жоғарылауына әкелді. Симвастатин қабылдайтын пациенттерде симвастатиннің дозасы тәулігіне 20 мг-ден аспауы тиіс. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін мұқият бақылау жүргізу ұсынылады. Әсіресе жүрек функциясының іркілістік жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе бүйрек трансплантациясынан кейін, бүйрек функциясының бұзылу қаупі бар. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаны баяу таңдау және мұқият мониторингілеу талап етілуі мүмкін. |
Жүктілік
Тағайындалмайды. |
Емізу
Тағайындалмайды. |
Жағымсыз әсерлері
Рамиприл Рамиприлдің қауіпсіздік бейініне ұзаққа созылған құрғақ жөтел және гипотония сияқты симптомдар жатады. Ауыр жағымсыз реакцияларға ангионевроздық ісіну, гиперкалиемия, бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы, панкреатит, тері тарапынан ауыр реакциялар, сондай-ақ нейтропения және агранулоцитоз жатады. Амлодипин Ұйқышылдықтың, бас айналудың, бас ауырудың, жүрек қағуын сезудің, бетке қан тебудің, іш ауыруының, жүрек айнудың, табан буыны ісінуінің, ісінулердің және шаршағыштықтың дамулары туралы ең жиі хабарланған. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Күніне 1 капсула/таблетка, ауыз арқылы. |
Балаларда қолданылуы
Безопасность и эффективность у детей в возрасте младше 18 лет не установлены, рекомендаций по применению препарата нет. |