A06AB02 Бисакодил¹ (Bisacodyl)
Қолдану көрсеткіштері
Этиологиясы әр түрлі іш қатулар.Клиникалық хаттама: 1. Іш қатуымен жүретін, инкурабельді сатыдағы созылмалы үдемелі аурулары бар науқастарға паллиативті көмек 2. Мегаколон, долихоколон 3. Бүйректік трансплантатты қабылдамау кризі 4. Созылмалы трансплантациялық нефропатия 5. Қалқанша безінің қатерлі ісіктері 6. Ұйқы безінің обыры 7. Тік ішектің қатерлі ісіктері 8. Тоқ ішектің қатерлі ісіктері 9. Функционалдық гастроинтестиналдық бұзылулар
-
Клинические протоколы:
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися запорами
- Мегаколон, долихоколон
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Злокачественные новообразования щитовидной железы
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
- Функциональные гастроинтестинальные расстройства
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа жоғары сезімталдық, ішек бітелісі, қысылған жарық, "жедел іш" синдромы, перитонит, асқазан-ішек жолынан қан кету, цистит, жатырдан қан кету, спастикалық іштің қатуы, жедел проктит, жедел геморрой.
Қауіпсіздік шаралары
Ішектің қабынулық ауруларына күдіктенген пациенттерде сақтықпен қолдану. Іштің қатуымен байланысты, іштегі ауырсынуға парасимпатикалық тамырлық реакция нәтижесі салдарынан, бас айналуы немесе талма мүмкіндігіне байланысты көлік құралдарын немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Дигоксин - бисакодил әсерінен концентрациясы төмендеуі мүмкін.Ескерту: іш жүргізетін дәрілік заттарды шектен тыс қабылдау гипокалиемияға алып келуі мүмкін.Келесі ықтимал өзара әрекеттесулерді толығымен алдын алу тиіс:Кортикостероидтар, бета-2 адреноблокаторлар, аминофиллин және сарысудағы калий деңгейін төмендететін өзге де препараттар - гипокалиемия даму қаупін жоғарылатады.QT интервалын ұзартатын препараттар (мысалы, эсциталопрам, эритромицин, галоперидол), аритмияға қарсы дәрілік заттар - гипокалиемия нәтижесінде аритмиялар даму қаупі!Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Сақтықпен қолдану. Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ана сүтіне енбейді.
Жағымсыз әсерлері
Аллергиялық реакциялар; іштегі спастикалық ауырсынулар; организмнің сусыздануына, электролиттік баланстың бұзылуына алып келетін диарея, әлсіздік, координация бұзылыстары және гипотензия, жиі егде жастағы пациенттерде; бұлшықет әлсіздігі; тырысулар; қан қысымының төмендеуі.
Балаларда қолданылуы
Іш қатулары кезінде. 6 жастан 10 жасқа дейінгі балалар: 5 мг (1 таблетка) тәулігіне 1 рет, 10 жастан асқан балалар: 5-10 мг (1-2 таблеткадан) тәулігіне 1 рет. Аспаптық және рентгенологиялық зерттеулерге және операция алдындағы дайындық кезінде: 6 жастан асқан балалар - 5 мг (кешке 1 таблетка) және келесі күні таңертең балаларға арналған бір суппозиторий енгізу. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.