C09AA10 Трандолаприл (Trandolapril)

Қолдану көрсеткіштері

Эссенциялық артериялық гипертензияда; жүрек жеткіліксіздігінде (сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының азаюымен оның дамуынан соң 3 тәулікте миокард инфарктісінен кейін екіншілік алдын алу).
    Клинические протоколы:
  1. Артериальная гипертензия

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа жоғары сезімталдық; ангионевротикалық ісіну, соның ішінде АКФ тежегіштерімен алдыңғы емдеу кезінде білінген; тұқым қуалайтын / идиопатиялық ангионевротикалық ісіну.

Қауіпсіздік шаралары

Қолқа стенозы немесе қан ағымының обструкциялық бұзылуларында (қолқа коарктациясы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия және т.б.) қолдануға болмайды.Жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде, симптоматикалық гипотензияның даму қаупіне орай, абайлап қолданылу керек. АКФ тежегіштерін қолдану кезінде агранулоцитоз және сүйек кемігінің бәсеңдеу жағдайлары жөнінде хабарланған. Бұл реакциялар бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде, әсіресе, коллагенді аурулар тұсында жиірек дамиды. Коллагеноздары бар емделушілерде (мысалы, жүйелі қызыл жегі және склеродермия), әсіресе, бүйрек функциясының қатарлас бұзылуында, кортикостероидтар мен антиметаболиттер қолданылғанда қан лейкоциттері мен несептегі ақуыз мөлшерін ұдайы бақылау керек.Науқастарда хирургиялық араласулар немесе артериялық гипотензия туғызатын дәрілермен жансыздандыру кезінде Расатран ангиотензин ІІ түзілуін бөгеуі мүмкін.Галактоза көтере алмаушылықта, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылуларда қолдануға болмайды.Бүйрек жеткіліксіздігімен, созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен, бүйрек артерияларының бір немесе екі жақты стенозымен, жалғыз бүйрек артериясының стенозымен науқастарда немесе бүйрек трансплантациясынан соң бүйрек функциясының нашарлау қаупі бар.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Диуретиктер немесе гипертензияға қарсы басқа да дәрілер -  гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Адреноблокаторларды тек мұқият бақылаумен трандолаприлмен біріктіріп қолдану керек.Калий жинақтаушы диуретиктер (спиронолактон, амилорид, триамтерен) немесе калий препараттары - гиперкалиемия қаупін арттырады әсіресе, бүйрек жеткіліксіздігімен науқастарда.Қант төмендететін дәрілер - бір мезгілде трандолаприл қолдану гипогликемиялық әсерді күшейтіп, гипогликемия қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Литий - шығарылуы нашарлауы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатининнің 10-нан 30 мл/мин дейінгі клиренсінде препараттың дозасын түзету қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

 Сақтықпен қолдану қажет. 

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:  бас ауыру, бас айналу; жөтел; астенияЖиі емес: жүрек соғуын сезіну, артериялық гипотензия; жүрек айну; қышыну; шаршауМиокард инфарктісін өткергеннен кейін сол жақ қарынша дисфункциясында Жиі: бас айналу; артериялық гипотензия; жөтелМиокард инфарктісін өткергеннен кейін және артериялық гипертензиясында Жиі емес: жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары; ұйқысыздық (инсомния), либидо төмендеуі; ұйқышылдық; бас айналу; жүрек соғуын сезіну, «ысынулар»; жоғарғы тыныс жолдарындағы іркілісті құбылыстар мен қабыну; жүрек айну, диарея, гастроинтестинальді ауыру/бұзылыстар, іш қату; бөртпе; арқаның ауыруы, бұлшықеттердің түйілуі, аяқ-қолдың ауыруы; эректильді дисфункция; кеуде қуысының ауыруы, шеткергі ісінулер, дімкәстану, сезімталдықтың нашарлауы Сирек: несеп шығару жүйесінің жұқпалары; бронхит, фарингит; лейкопения, анемия, тромбоцитопатия, лейкоцитарлық бұзылулар; аса жоғары сезімталдық; гипергликемия, гипонатриемия, гиперхолестеринемия, гиперлипидемия, гиперурикемия; подагра; анорексия, тәбеттің артуы, ферментативтік бұзылулар; елестеулер, депрессия, ұйқы бұзылыстары, мазасыздық, ажитация, апатия; цереброваскулярлы инсульт, синкопе, миоклония, парестезия, бас сақинасы, аурасыз бас сақинасы, дизгевзия (дәм сезудің бұрмалануы); блефарит, конъюнктива ісінуі, көру бұзылыстары, көз тарапынан болатын басқа өзгерістер, құлақтың шыңылдауы; миокард инфарктісі, миокард ишемиясы, стенокардия, жүрек жеткіліксіздігі, тахикардия, соның ішінде қарыншалық, брадикардия, артериялық гипертензия, ангиопатия, ортостатикалық гипотензия, шеткергі тамырлардың бұзылуы, варикоз; диспноэ, мұрыннан қан кетулер, фарингит, тамақтың ауыруы, өнімді жөтел, респираторлық бұзылыстар; гематемезис, гастрит, абдоминальді ауыру, құсу, диспепсия, ауыздың кеберсуі, іштің кебуі; гепатит, гипербилирубинемия; ангионевротикалық ісіну,  псориаз,  гипергидроз,  экзема,  акне, терінің құрғауы, тері тарапынан болатын басқа өзгерістер; артралгия, сүйектердің ауыруы, остеоартрит; бүйрек жеткіліксіздігі, азотемия, полиурия, поллакиурия; туа біткен артериялық мальформация, ихтиоз; ісіну, қажу; зақымданулар/соғылулар/жарақаттар.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.