C09AA04 Периндоприл¹ (Perindopril)
Қолдану көрсеткіштері
Артериялық гипертензия; симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі; жүректің тұрақты ишемиялық ауруы (миокард инфарктісі анамнезінде бар және/немесе реваскуляризациясы бар пациенттерде жүрек-қантамырлық асқынулар қаупін төмендету).
-
Клинические протоколы:
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Амилоидоз почек
- Диабетическая нефропатия
- Первичный гиперальдостеронизм
- Транзиторная ишемическая атака
- Артериальная гипертензия
- ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
- Стеноз митрального клапана
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Хроническая болезнь почек у детей
- Хроническая сердечная недостаточность
- Нефротический синдром
- Хронический тубулоинтерстициальный нефрит
Қарсы көрсеткіштері
Периндоприлге және препараттың басқа құрамдас компоненттеріне немесе кез келген басқа АӨФ тежегішіне аса жоғары сезімталдық; осының алдындағы АӨФ тежегіштерімен емдеумен байланысты ангионевроздық ісіну; тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевроздық ісіну; жүктіліктің екінші және үшінші триместрі; қант диабетінен немесе бүйрек жеткіліксіздігінен (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м²) зардап шегіп жүрген пациенттерде алискиренмен біріктіріп қабылдау; сакубитрил/валсартан терапиясымен бір мезгілде қолдану. Сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдау мен Периндоприл препаратымен емдеуді бастау арасында кем дегенде 36 сағат аралықты сақтау керек; қанның теріс зарядталған беткі жақтармен жанасуына әкелетін экстракорпоральді емдеу; бүйрек артериясының елеулі екі жақты стенозы немесе жалғыз қызмет атқаратын бүйрек артериясының стенозы; тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар;18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер
Қауіпсіздік шаралары
Препаратпен емдеудің алғашқы айы кезінде тұрақсыз стенокардия дамыған жағдайда емдеуді жалғастырудың пайдасы мен қаупін бағалау керек. ААФ тежегіштері артериялық қысымның (АҚ) тез төмендеуін тудыруы мүмкін. Бұл қауіп жоғары дозаларда "ілмектік" диуретиктерді қабылдауға реакция ретінде, ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде өте жиі білінеді. Симптоматикалық артериялық гипотензияның даму қаупі жоғары болатын пациенттерде препаратпен емдеу кезінде АҚ, бүйрек қызметін және қан сарысуындағы калий мөлшерін бақылау керек. Сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы (аортальді стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия), сонымен қатар митральді стенозы бар пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн. Емдеудің кез келген кезеңінде беттің, аяқ-қолдың, еріннің, шырышты қабықтардың, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінулерінің дамуы байқалуы мүмкін. Симптомдар дамыған кезде препаратты қабылдау тез арада тоқтатылуы тиіс. ААФ тежегіштерін қабылдау аясында нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия туындауы мүмкін. Дәнекер тіннің жүйелік аурулары бар пациенттерде препаратты ерекше сақтықпен қолдану. ААФ тежегіштерімен емдеу кезінде емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтатын тұрақты, құрғақ жөтел пайда болуы мүмкін. Препаратты қабылдауды операцияға дейін тәулік бұрын тоқтату. Қант диабеті бар пациенттерге емдеудің алғашқы айында қандағы глюкоза концентрациясын жүйелі бақылау керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Икабант - қабылдауды болдырмау (қарсы әсер).Сонаның уы - анафилактикалық реакциялардың жоғары қаупі.Гипертензияға қарсы препараттар, диуретиктер, алкоголь, алпростадил, гипотензиялық әсері бар басқа препараттар - гипотензияның күшеюі.Калий препараттары, спиронолактон, амилорид, стероидты емес қабынуға қарсы заттар, циклоспорин және қандағы калий деңгейін арттыратын басқа заттар - гиперкалиемия қаупі.Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) - гипертензияға қарсы әсердің төмендеуі, бүйрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауы.Диуретиктер - бүйрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауы.Литий препараттары - литий уыттылығы мен концентрациясының жоғарылауы мүмкін.Ангиотензин II антагонистері - күрделі жағымсыз реакциялар қаупінің елеулі артуына байланысты, біріктіріп қолдану ұсынылмайды.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі (КК) 60 мл/мин жоғары болғанда ұсынылатын доза - 4 мг/тәулігіне периндоприл эрбумин немесе 5 мг/тәулігіне периндоприл аргинин; КК 30-дан 60 мл/мин дейін болғанда - 2 мг/тәулігіне периндоприл эрбумин немесе 2,5 мг/тәулігіне периндоприл аргинин; КК 15-тен 30 мл/мин дейін - тәуліктен кейін 2 мг периндоприл эрбумин немесе 2,5 мг/тәулігіне периндоприл аргинин. Гемодиализ кезінде препаратты диализ емшарасынын кейін тағайындайды. Периндоприлдің диализді клиренсі 70 мл/мин құрайды. Диализ күні КК 15 мл/мин төмен болғанда - 2 мг периндоприл эрбумин немесе 2,5 мг/тәулігіне периндоприл аргинин.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді. Сарғаюдың пайда болуы немесе бауыр ферментері деңгейінің жоғарылауы кезінде препаратты дереу тоқтату, ал пациент мұқият медициналық бақылауда болу керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: жөтел, ентігу, бас ауыруы, астения, бас айналуы, бұлшықеттің құрысуы, парестезия, дисгевзия, көрудің бұзылуы, тиннитус, вертиго, гипотензия (және гипотензиямен байланысты әсерлер), құсу, жүрек айнуы, іштің ауыруы, іш қатуы, диарея, диспепсия, қышыну, бөртпе.Жиі емес: эозинофилия, гипонатриемия, қайтымды гиперкалиемия, қандағы креатинин және мочевина құрамының жоғарылауы, гипогликемия, ұйқышылдық, синкопа, әлсіздік, кеуденің ауыруы, тахикардия, васкулит, шеткергі ісіну, гипертермия, жарыққа сезімталдық реакциялары, артралгия, миалгия, құлау, көңіл-күйдің өзгеруі, ұйқының бұзылуы, бронх түйілуі, ауыздың құрғауы, есекжем, пемфигоид, гипергидроз, бүйрек жеткіліксізідігі, эректильді дисфункция, беттің, аяқ-қолдың, еріннің, шырышты қабықтардың, тілдің, дауыс саңылаулары және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі.Сирек: бауыр ферменттерінің және билирубин құрамының жоғарылауы, псориаз асқынуы.Өте сирек: аритмия, стенокардия, миокард инфарктісі, инсульт, эозинофильді пневмония, ринит, панкреатит, цитолитикалық немесе холестатикалық гепатит, көп түрлі эритема, төмен гемоглобин және гематокрит, агранулоцитоз немесе панцитопения, лейкопения/нейтропения, гемолиттік анемия, тромбоцитопения, сананың шатасуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Препаратты таңертең тамақтанар алдында, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады.
Артериялық гипертензияны емдеген кезде Периндоприл препараты монотерапия ретінде немесе басқа топтағы гипотензиялық препараттармен біріктіріп пайдаланылуы мүмкін. Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет (таңертең) 5 мг, қажет болған кезде доза біртіндеп тәулігіне 2 таблеткаға дейін (10 мг) арттырылуы мүмкін.
Егде жастағы артериялық гипертензиясы бар пациенттерді емдеуді 2,5 мг дозадан бастап, емдеу басталғаннан кейін бір айдан соң 5 мг дейін, содан кейін бүйректің функционалдық жағдайына байланысты 10 мг дейін біртіндеп ұлғайту керек.
Жүректің ишемиялық ауруын емдегенде препаратты қабылдауды 2 апта бойы күніне 1 рет 5 мг дозадан бастаған жөн, содан кейін бүйректің жағдайына байланысты және 5 мг доза жағымдылығы жақсы болғанда күніне бір рет 10 мг-ге дейін арттыру керек. Егде жастағы пациенттер емдеуді 1 апта бойы күніне 1 рет 2,5 мг дозадан бастаған жөн, содан кейін 1 апта бойы – күніне 1 рет 5 мг-ден, содан кейін тәуліктік дозаны бүйрек функциясына байланысты 10 мг дейін арттыру керек. Дозаны алдыңғы доза неғұрлым төмен болған жағдайда жақсы төзген болса ғана көтереді.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.