C09AA03 Лизиноприл¹ (Lisinopril)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия; жүрек жеткіліксіздігі; жүрек жеткіліксіздігі симптомдарын емдеу; жедел миокард инфарктісі: қысқа мерзімді (6 апта) ерте емдеу; жедел миокард инфарктісінен кейін 24 сағат ішінде гемодинамикалық тұрақты пациенттерді; диабеттік нефропатия: гипертониялық аурулары мен қант диабетінің 2 типі және бастапқы нефропатиясы бар пациенттердегі бүйрек жеткіліксіздігін емдеу.

    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  4. Нефротический синдром
  5. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  6. Амилоидоз почек
  7. Болезнь Фабри
  8. Диабетическая нефропатия
  9. Первичный гиперальдостеронизм
  10. Транзиторная ишемическая атака
  11. Аневризма брюшной аорты
  12. Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
  13. Артериальная гипертензия
  14. Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
  15. Кардиогенный отек легких
  16. Кардиомиопатия у детей
  17. Миокардиты
  18. Недостаточность митрального клапана
  19. Перикардиты
  20. Перипортальная кардиомиопатия
  21. Реноваскулярная гипертензия
  22. Стеноз митрального клапана
  23. Стеноз трикуспидального клапана
  24. Фибрилляция и трепетание предсердий
  25. Хроническая болезнь почек у взрослых
  26. Хроническая болезнь почек у детей
  27. Хроническая сердечная недостаточность
  28. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  29. Пневмокониоз
  30. Синдром дуги аорты Такаясу у детей

Қарсы көрсеткіштері

Лизиноприлге аса жоғары сезімталдық; ангионевроздық ісіну (терінің, тері асты шелмайының және/немесе шырышты қабаттардың есекжеммен немесе онсыз оқшауланған ісінуі) анамнезінде, оның ішінде АӨФ тежегіштерін қолданғанда;қант диабетімен немесе орташа/ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен (ШСЖ< 60 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерін немесе АТII рецепторларының блокаторларын алискиренмен бір мезгілде қолдануға болмайды; тұқым қуалаған Квинке ісінуі; тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp - лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар; жүктілік және лактация кезеңі; 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдік жас; ангионевроздық ісінудің дамуының жоғары қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану

Қауіпсіздік шаралары

Цереброваскулярлы жеткіліксіздік және жүректің ишемиялық ауруы, бүйрек қызметінің бұзылысы немесе гипонатриемиясы бар пациенттер, жоғары дозада ілмекті диуретиктерді қабылдап жүрген созылмалы ауыр деңгейдегі жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарға лизиноприл мен диуретиктердің дозаларын таңдау ерекше сақтықпен жүргізілуі керек. Жедел миокард инфарктісі бар пациенттерге вазодилататорларды қолданғаннан кейін одан әрі қарай күрделі гемодинамикалық бұзылулар туындау қаупіне байланысты лизиноприлмен ем бастауға болмайды. Аорталық және митральді қақпақша стенозы/гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Жедел миокард инфарктісінде сарысудағы креатинин концентрациясы 177 мкмоль/л астам болса және/немесе 500 мг/24 сағаттан асатын протеинуриясы бар бүйрек дисфункциясының белгілері бар пациенттерге лизиноприлмен емді бастауға болмайды. Тілдің, жұтқыншақ немесе көмекейдің ісінуі, әсіресе, егер анамнезінде тыныс алу жолының интубациялануы туралы ақпарат болса тыныс алу жолының кедергілері дамуы мүмкін. АКФ тежегіштерін қабылдаған қара нәсілді пациенттерде ангионевроздық ісіну туындау жағдайы ақ нәсілді пациенттерге қарағанда жиі анықталды. Коллагенозы бар пациенттерге, иммунодепрессантармен, аллопуринолмен немесе прокаинамидтермен емдеуде, немесе күрделенген факторларды біріктіру кезінде, әсіресе, егер пациентте бүйрек қызметінің бұзылысы болғанда лизиноприлді сақтықпен тағайындау. Көлік құралын немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақтық таныту керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа гипотензивті препараттар - қан қысымының аддитивті төмендеуі. ААФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының блокаторлары, алискирен - гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек қызметінің (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) төмендеуі сияқты жағымсыз әсерлердің дамуы. Диуретиктер - гипотензияның дамуы. Құрамында калий бар қоспалар, калий жинақтаушы диуретиктер және құрамында калий бар тұз алмастырғыштар - гиперкалиемия дамуы. Литий - литийдің сарысудағы концентрациясы және оның уыттылығының артуы. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (СЕҚҚП), ацетилсалицил қышқылын қоса тәулігіне ≥ 3 г дозада - гипотензивті әсердің төмендеуі, бүйрек қызметінің нашарлауы және сарысудағы калий деңгейінің артуы (әсіресе, егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолдану). Алтын - алтын-нитритоидты реакциялардың дамуы. Үшциклді андидепресанттар, психозға қарсы заттар, жансыздандырғыштар - лизиноприлдің гипотензивті әсерінің артуы. Симпатомиметиктер - АКФ тежегіштерінің гипотензивті әсерінің төмендеуі. Диабетке қарсы заттар - гипогликемияның даму қаупімен, қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі. Плазминогеннің тіндік белсендіргіші - ангионевротикалық ісінудің даму қаупінің артуы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерге құрамында алискирен бар препараттарды лизиноприлмен пайдалану қарсы көрсетілген. Бүйрек жеткіліксіздігі бар және гемодиализде жүрген пациентерге бастапқы дозаны креатинин клиренсіне байланысты белгілейді: креатинин клиренсі 31-80 мл/мин - тәулігіне бір рет 5-10 мг; креатинин клиренсі 10-30 мл/мин - тәулігіне бір рет 2,5-5 мг; креатинин клиренсі < 10 мл/мин (гемолизде жүрген пациенттерді қоса) - тәулігіне бір рет 2,5 мг.

Бауыр жеткіліксіздігі

Айқын бауыр ферменттері деңгейінің артуы немесе сарғаюдың дамуы кезінде лизиноприл қабылдауды тоқтату және медициналық көмекке жүгіну керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: гипотензия (ортостатикалық әсерлері), әлсіздік, бас айналуы, бас ауыруы, құрғақ жөтел, жүрек айнуы, құсу және басқа да АІЖ бұзылыстары, бүйрек қызметінің бұзылуы.Сирек: кеуденің ауыруы, тахикардия, жүрек қағуы, айқын гипотензияның нәтижесінде аурудың пайда болу қаупі жоғары науқастардағы цереброваскулярлы инсульт, Рейно синдромы, бұлшықеттік құрысулар, іштің ауыруы, тері бөртпесі (сонымен қатар эритема және уытты эпидермальді некролиз), қышыну, импотенция, астения, гиперкалиемия және гипонатриемия (альдостерон секрециясының азаюы есебінен), қандағы мочевина және креатинин концентрациясының және бауырлық трансаминазалар белсенділігінің артуы, гемоглобиннің, гематокриттің төмендеуі, сананың шатасуы, асқын сезімталдық, ангионевротикалық ісіну, қайтымды жедел бауыр жеткіліксіздігі, нефротикалық синдром, олигурия, анурия, протеинурия, гинекомастия, алопеция, ұйқының және көңіл-күйдің өзгеруі, парестезиямен шеткергі нейропатия, дәм, иіс сезудің бұзылуы, антидиуретикалық гормонның жеткіліксіз секрециясы синдромы, панкреатит, гепатоцеллюлярлы немесе холестатикалық сарғаю, бауыр жеткіліксіздігі, тершеңдік, күлдіреуік, Стивенс-Джонсон синдромы, ауыздың құрғауы, стоматит, псориаз.Өте сирек: аллергиялық альвеолит, өкпелік инфильтраттар, эозинофильді пневмония, қан аурулары - нейтропения және агранулоцитоз (әсіресе, СКВ және склеродермиялар сияқты, әсіресе тамырлық бұзылыстарымен бүйрек жеткіліксіздігі және коллагенозы бар пациенттерде), тромбоцитопения және анемия, фотосенсибилизация, эксфолиативті дерматит, ЭШЖ жылдамдауы, антинуклеарлы антиденелердің пайда болуы, васкулит, миалгия, артралгия, артрит, эозинофилия, лейкоцитоз, гемолитикалық анемия, лимфаденопатия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Лизиноприлді монотерапия ретінде де және басқа да гипертензияға қарсы препараттармен біріктірілімде қолдануға болады.

Бастапқы дозасы. Артериялық гипертензиямен пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза 10 мг құрайды.

Өте белсенді ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйемен пациенттер (атап айтсақ реноваскулярлы гипертензиямен, организмнен тұздың шығарылуының күшеюімен және/немесе жасуша аралық сұйықтықтың төмендеген көлемімен, жүрек жеткіліксіздігімен немесе ауыр артериялық гипертензиямен) бастапқы дозаны қабылдағаннан кейін артериялық қысымның айтарлықтай төмендеуін сезінуі мүмкін. Осындай пациенттер үшін ұсынылған доза 2,5-5 мг құрайды, емнің басы дәрігердің тікелей бақылауымен жүруі керек.

Демеуші доза. Әдеттегі ұсынылатын демеуші доза тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Егер осы дозаны тағайындау 2-4 апта ішінде жеткілікті емдік әсер бермесе оны жоғарылатуға болады. Ең жоғары тәуліктік доза 80 мг құрайды.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.