C08DB01 Дилтиазем (Diltiazem)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензияны емдеу. Стенокардияны емдеу және алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Диабетическая нефропатия
  4. Сахарный диабет при беременности, в родах и послеродовом периоде
  5. Хроническая трансплантационная нефропатия
  6. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  7. Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
  8. Гипертрофическая кардиомиопатия
  9. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  10. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  11. Недостаточность аортального клапана
  12. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  13. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  14. Реноваскулярная гипертензия
  15. Синдром Рейно
  16. Синдром преждевременного возбуждения желудочков
  17. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  18. Стеноз аортального клапана
  19. Стеноз митрального клапана
  20. Фибрилляция и трепетание предсердий
  21. Хроническая болезнь почек у взрослых
  22. Хроническая болезнь почек у детей
  23. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  24. Перекрестный (overlap) синдром
  25. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  26. Системная красная волчанка
  27. Системная склеродермия
  28. Ювенильная локальная склеродермия
  29. Ювенильный дерматомиозит
  30. Криз отторжения почечного трансплантата
  31. Острая почечная недостаточность у детей

Қарсы көрсеткіштері

Бензотиазепин туындыларына немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; айқын брадикардия, синустық түйіннің әлсіздік синдромы; кардиогенді шок; жедел асқынған миокард инфарктісі; II және III деңгейдегі атриовентрикулярлы блокада; Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы, аортальді стеноз; артериялық гипотензия; II Б-III сатыдағы жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі; бета-адреноблокаторлармен ілеспелі көктамырішілік терапия.

Қауіпсіздік шаралары

Сол жақ қарынша функциясы төмендеген, брадикардиясы немесе 1-ші дәрежедегі AV-блокадасы бар немесе ЭКГ-да PR аралығы ұзарған пациенттерге сақтықпен тағайындау және мұқият бақылау жасау қажет. Барлық қарсы көрсетілімдерді қатаң түрде ескеру және сақтық шараларын орындау, сондай-ақ, әсіресе емнің бас кезінде, атап айтқанда, жүректің жиырылу жиілігіне мұқият бақылау жүргізу қажет. Анестетиктерді қолданумен байланысты жүрек жиырылғыштығының, өткізгіштігінің және автоматизмінің бәсеңдеуі, сондай-ақ қантамырлардың кеңеюі кальций өзекшелері блокаторларының жәрдемімен күшеюі мүмкін. Көңіл-күйдің құбылулары, соның ішінде депрессия, дилтиаземді қабылдаумен байланысты болуы мүмкін. Осы симптомдардың ерте білінуі әсіресе бейімдейтін факторлары бар пациенттерде маңызды. Дилтиазем ішектің жиырылуын бәсеңдететін әсер береді, ішек бітелісінің даму қаупі бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн. Қандағы глюкоза мөлшерінің ықтимал артуына байланысты жасырын немесе анық қант диабеті бар науқастарды мұқият бақылау қажет. Артериялық гипотензияға бейім пациенттерге, қарыншаішілік өткізгіштік бұзылғанда сақтықпен тағайындау керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Альфа-адреноблокаторлар - гипертензияға қарсы әсерінің күшеюі, бірге қолданған кезде артериялық қысымға мониторинг жүргізу қажет.Бета-блокаторлар - ырғақтың бұзылуы, синоатриальді және жүрекше-қарыншалық өткізгіштіктің бұзылулары, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы мүмкін; бірге қабылдаған кезде клиникалық және ЭКГ мониторинг қажет.Амиодарон, дигоксин - брадикардия даму қаупі; сақтық қажет, әсіресе егде жастағы пациенттерде және жоғары дозаларда тағайындағанда.Аритмияға қарсы препараттар - аддитивті әсеріне байланысты жүректік жағымсыз әсерлердің жоғарылау қаупі.Нитраттар туындылары (дигоксин) - дигоксиннің қандағы концентрациясының жоғарылауы, гипотензивті әсерінің күшеюі және бас айналуының пайда болуы мүмкін.Циклоспорин - қан плазмасында циклоспорин концентрациясының жоғарылауы; циклоспорин дозасын азайту, бүйрек қызметін бақылау ұсынылады.Карбамазепин - қан плазмасында карбамазепин концентрациясының жоғарылауы, дозасын түзету ұсынылады.Теофиллин - қан плазмасында теофиллин концентрациясының жоғарылауы.Aнти-H2-блокаторлар (циметидин және ранитидин) - қан плазмасында дилтиазем концентрациясының жоғарылауы; дилтиаземнің тәуліктік дозасын түзету қажет.Рифампицин - қан плазмасында дилтиазем концентрациясының төмендеу қаупі.Литий - литий-индуцирленген нейроуыттылықтың күшею қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Күніне екі рет 60 мг ұсынылған дозаны артериялық қысымды және жүректің жиырылу жиілігін бақылаумен қабылдау. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Күніне екі рет 60 мг ұсынылған дозаны артериялық қысымды және жүректің жиырылу жиілігін бақылаумен қабылдау. Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: перифериялық ісіну.Жиі: бас ауыруы, бас айналуы, атриовентрикулярлық блокада, жүрек қағысы, құйылулар, іштің қатуы, диспепсия, іштің ауыруы, жүрек айнуы, эритема, әлсіздік.Жиі емес: брадикардия, ортостатикалық гипотензия, ашушаңдық, ұйқысыздық, құсу, диарея, бауырлық ферменттер белсенділігінің жоғарылауы.Сирек: стенокардия, аритмия, ЭКГ өзгерістер, гипотензия, талма, тахикардия, қарыншалық экстрасистолалар, ауыздың құрғауы, есекжем, петехиялар, қышыну, патологиялық түс көрулер, амнезия, жүрістің бұзылысы, парестезиялар, ұйқышылдық, қалтырау, дәм сезудің бұзылуы, астения, галлюцинациялар, анорексия, салмақтың жоғарылауы, альбуминурия, КФК жоғарылауы, кристаллурия, гиперурикемия, эозинофилия, бұлшықеттік түйілулер, сүйек-буындардың ауыруы, мойынның қозғалмауы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.