C08CA13 Лерканидипин (Lercanidipine)
Қолдану көрсеткіштері
| Жеңіл және орташа дәрежедегі эссенциалды артериялық гипертензия. |
-
Клинические протоколы:
- Артериальная гипертензия
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Хроническая трансплантационная нефропатия
Қарсы көрсеткіштері
| лерканидипинге,
басқа дигидропиридин туындыларына немесе препараттың кез келген қосымша
затына жоғары сезімталдық; жүктілік және бала емізу кезеңі; контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланбайтын репродуктивті жастағы әйелдер; сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы; емделмеген іркілісті жүрек жеткіліксіздігі; тұрақсыз стенокардия; бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары; миокард инфарктісінен кейінгі 1 айдан аз кезең; CYP3A4 күшті тежегіштерімен, циклоспоринмен немесе грейпфрут шырынымен бір мезгілде қолдану; галактозаға тұқым қуалайтын төзімсіздік, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы; 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. |
Қауіпсіздік шаралары
| Синустық
түйін әлсіздігі синдромы (кардиостимуляторсыз) және сол жақ қарынша
функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен қолдану қажет. Жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде препаратты ерекше сақтықпен қолдану керек. Сирек жағдайларда препарат стенокардияның дамуына немесе ұстамалардың жиілігінің, ұзақтығының және ауырлығының артуына әкелуі мүмкін. Миокард инфарктісінің жекелеген жағдайлары байқалған. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Лерканидипин
CYP3A4 ферментінің қатысуымен метаболизденеді, сондықтан осы ферментке әсер
ететін препараттар оның қандағы концентрациясы мен тиімділігін өзгертуі
мүмкін. CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, итраконазол, ритонавир, эритромицин және т.б.), циклоспоринмен және грейпфрут шырынымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені олар лерканидипиннің қандағы концентрациясын арттырады. CYP3A4 индукторлары (рифампицин, фенитоин, карбамазепин және т.б.) препараттың гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін, сондықтан артериялық қысымды бақылау қажет. Басқа CYP3A4 субстраттарымен, сондай-ақ дигоксинмен, симвастатинмен және метопрололмен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек. Флуоксетинмен, варфаринмен, диуретиктермен және АӨФ тежегіштерімен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер анықталмаған. Алкогольді тұтынудан аулақ болу керек, себебі ол лерканидипиннің гипотензиялық және тамыр кеңейтетін әсерін күшейтуі мүмкін. Толығырақ ақпарат алу үшін дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі (шумақтық сүзілу жылдамдығы <30 мл/мин) бар пациенттерге қолдануға болмайды. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі бар пациенттерге қолдануға болмайды. |
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
| Жиі
емес: тахикардия, жүрек қағуы; бас ауыруы, бас айналуы; гиперемия; шеткері ісінулер. Сирек (≥1/10 000-нан <1/1 000-ға дейін): стенокардия; диспепсия, диарея, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу; полиурия; бөртпе; миалгия; астения, шаршағыштық; ұйқышылдық. Өте сирек (<1/10 000): аса жоғары сезімталдық; естен тану. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Ішке,
күніне 1 рет 10 мг, тамақтан кемінде 15 минут бұрын қабылдайды. Қажет болған жағдайда пациенттің жеке жауабына қарай дозаны тәулігіне 20 мг-ға дейін арттыруға болады. Дозаны біртіндеп арттыру қажет, өйткені ең жоғары гипотензиялық әсері шамамен 2 аптадан кейін байқалады. |
Балаларда қолданылуы
| 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға қарсы көрсетілген |