C07FB07 Бисопролол және Амлодипин (Amlodipine and Bisoprolol)

Қолдану көрсеткіштері

Препарат артериялық қан қысымы ұсынылатын бекітілген біріктіріліміндегідей дозалардағы жеке компоненттері (амлодипин және бисопролол) бір мезгілде қолданылғанда талапқа сай бақыланатын пациенттерде орын басу емі ретінде артериялық гипертензияны емдеу үшін көрсетілген.
    Клинические протоколы:
  1. Артериальная гипертензия

Қарсы көрсеткіштері

Амлодипинге, дигидропиридин туындыларына, бисопрололға және /немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
Амлодипин бойынша:
- ауыр гипотония;
- миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі;
- шок (кардиогендікті қоса);
- сол жақ қарыншадан қанның лықсуына кедергі келтіретін аортаның айқын тарылуы;
Бисопролол бойынша:
- инотропты әсері бар препараттарды вена ішіне енгізуді қажет ететін;
- жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе жүрек жеткіліксіздігінің көріністері;
- кардиогенді шок;
- II немесе III дәрежедегі АВ-блокадасы (пейсмейкерсіз);
- синусты түйіннің әлсіздігі синдромы;
- синоатриальді блокада;
- емдеуді бастар алдындағы клиникалық мәні бар брадикардия (жүректің жиырылу жиілігі минутына 60 соғудан төмен);
- клиникалық елеулі артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым < 100 мм.сын. бағ.);
- ауыр бронх демікпесі немесе өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық ауруы;
-шеткері артериялардың окклюзиялайтын ауруларының ауыр түрі және Рейно синдромының ауыр түрі;
- емделмеген феохромоцитома;
- метаболизмдік ацидоз;

Қауіпсіздік шаралары

ЖФСЖ (соның ішінде NYHA жіктемесі бойынша III – IV функциялық кластағы, этиологиясы ишемиялық), бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, гипертиреоз, қандағы глюкоза концентрациясының айтарлықтай ауытқуымен байқалатын қант диабеті, I дәрежелі AV блокада, Принцметал стенокардиясы, шеткері артериялық қанайналымның жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі бұзылуы, псориаз (соның ішінде анамнезінде), ашығу (қатаң диета), феохромацитома (альфа-адреноблокаторларды бір мезгілде қолданғанда), өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының ауыр түрлері (ӨСОА), бронх демікпесінің ауыр емес түрлері; бронх түйілуі (анамнезінде); аллергиялық реакциялар (анамнезінде); бір мезгілде жүргізілетін десенсибилизациялық ем, жалпы анестезия жүргізу, егде жас, қолқа стенозы, митралдық стеноз, гипертрофиялық обструкциялық кардимиопатия, миокардтың жедел инфарктісі (алғашқы 28 күннен кейін), CYP 3A4 изоферментінің тежегіштерімен немесе индукторларымен бір мезгілде қолдану («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі »бөлімін қараңыз).

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Эритромицин немесе кларитромицин, верапамил немесе дилтиаземмен қатар қолдану - гипотензияның даму қаупін арттырады.
Симвастатин, циклоспорин, темсиролимус, сиролимус, эверолимус, такролимуспен қатар тағайындау жоғарыда көрсетілген дәрілік заттарының қандағы деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозаны өзгерту қажет емес. Амлодипин гемодиализ жолымен шығарылмайтын болғандықтан, оны гемодиализдегі пациенттерге айрықша сақтықпен тағайындау керек. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі жағдайында (креатинин клиренсі 20 мл/мин аз) бисопрололдың тәуліктік дозасы 10 мг-ден аспауы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған жағдайда амлодипиннің шығарылуы ұзаққа созылуы мүмкін. Амлодипиннің дозалануына қатысты дәл ұсынымдар жоқ, сондықтан препарат пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс.
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі жағдайында бисопрололдың тәуліктік дозасы 10 мг-ден аспауы тиіс.

Жүктілік

Амлодипиннің адамда жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған.
Амлодипинді жануарларға жоғары дозаларда енгізген кезде репродуктивті уыттылығы байқалған жоқ.
Бисопролол жүктілікке және/немесе шарана/жаңа туған нәрестеге зиянды әсер тудыруы мүмкін фармакологиялық әсер береді. Жалпы β-адреноблокаторлар плаценталық перфузияны төмендетеді, бұл өсудің тежелуін, жатырішілік өлімді, өздігінен түсікті және мерзімінен бұрын босануды туындатады. Шаранада және жаңа туған нәрестеде жағымсыз әсерлері байқалуы мүмкін (гипогликемия және брадикардия). Егер β-адреноблокаторлармен емдеу қажет болса, селективті β1-адреноблокаторларды таңдаған дұрыс.
Егер тағайындауға қатаң көрсетілім болмаса, жүктілік кезінде қолданбаған жөн
Егер препаратпен емдеу қажет деп табылса, жатыр-плаценталық қан ағымына және шарананың өсуіне мұқият мониторинг жүргізу керек. Жүктілікке немесе шаранаға жағымсыз әсері болған жағдайда, басқа баламалы ем жөнінде шешім қабылдау керек.

Емізу

Амлодипин адамның емшек сүтіне бөлінеді. Баланың организмінде анасы қабылдаған дозаның ең көбі 15%-ы анықталады (интерквартильді аралық 3-7%). Амлодипиннің сәби организміне әсері белгісіз.
Бисопролол адамның емшек сүтіне бөліне ме, жоқ па, белгісіз.
Сондықтан ин препаратын емшек емізу кезінде тағайындау ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Ұйқышылдық, бас айналуы, бас ауыруы, жүректің қатты соғуы, қатты ысынулар, іштің ауыруы, жүрек айну, тобық буындарының ісінуі, ісінулер және қатты шаршау.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ұсынылатын тәуліктік дозасы – белгілі бір дозасының 1 таблеткасы.

Балаларда қолданылуы

Пациенттердің бұл санатында қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректер болмауына байланысты, ин таблеткалары 18 жасқа толмаған балаларға қолдануға ұсынылмайды.