C07AG02 Карведилол (Carvedilol)

Қолдану көрсеткіштері

артериялық гипертензияда
- созылмалы тұрақты стенокардияда (профилактикалық ем)
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (кешенді ем құрамында)
    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Трансплантация печени
  4. Диабетическая нефропатия
  5. Гипертрофическая кардиомиопатия
  6. Желудочковые нарушения ритма сердца и профилактика внезапной сердечной смерти
  7. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  8. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  9. Кардиогенный отек легких
  10. Кардиомиопатия у детей
  11. Миокардиты
  12. Миокардиты у детей
  13. Перикардиты
  14. Перипортальная кардиомиопатия
  15. Фибрилляция и трепетание предсердий
  16. Хроническая болезнь почек у взрослых
  17. Хроническая болезнь почек у детей
  18. Хроническая сердечная недостаточность
  19. Хроническая сердечная недостаточность у детей
  20. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  21. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
  22. Цирроз печени у взрослых
  23. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  24. Слизисто-кожный лимфонодулярный синдром Кавасаки у детей
  25. Ведение детей с пересаженной почкой
  26. Нефротический синдром у детей
  27. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  28. Атрезия легочной артерии
  29. Критические врожденные пороки сердца у новорожденных
  30. Тетрада Фалло у детей
  31. Тотальный аномальный дренаж у детей
  32. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей

Қарсы көрсеткіштері

карведилолға немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық
- бронх демікпесі
- бронх түйілу синдромы, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы
- II, III дәрежедегі АV блокадасы, синустық түйіннің әлсіздік синдромы, айқын брадикардия (егер тұрақты кардиостимулятор жоқ болса)
- кардиогенді шок
- инотропты әсер ететін препараттарды вена ішіне енгізу қажет болатын жедел және декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV функционалдық класс)
- артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым сын. бағ. 85 мм аз)
- шеткері қан айналымының ауыр бұзылулары
- шеткері тамырлар аурулары
- бір мезгілде в/і верапамил, дилтиазем немесе аритмияға қарсы басқа дәрілерді (әсіресе, I класс) енгізу
- метаболизмдік ацидоз
- α1-рецепторлар немесе α2 рецепторлар антагонистерімен бір мезгілде емдеу
- феохромоцитома
- бауыр жеткіліксіздігі
- лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)
- Принцметал стенокардиясы
- кетоацидозды қант диабеті
- тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Сақтықпен
- қант диабеті, гипогликемия
- гипертиреоз
- депрессия
- миастения
- псориаз
- бүйрек жеткіліксіздігі

Қауіпсіздік шаралары

Артериялық гипертензия
Артериялық гипертензия кезінде карведилолды монотерапия ретінде немесе басқа гипертензияға қарсы дәрілік препараттармен, әсіресе тиазидті диуретиктермен біріктіріп қолдануға болады. Егер пациент диуретиктермен ем қабылдап жүрген болса (немесе бұрын қабылдаған болса), артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуін болдырмау үшін, мүмкіндігінше, карведилолмен емдеуді бастар алдында диуретиктерді қысқа мерзімге тоқтату ұсынылады.
Созылмалы (іркілісті) жүрек жеткіліксіздігі
Карведилолды әрдайым диуретиктерді, оймақгүл препараттарын, ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерін және/немесе басқа вазодилататорларды қамтитын жүрек жеткіліксіздігінің стандартты еміне қосымша ретінде қолдану қажет. Карведилолмен емдеуді жүрек жеткіліксіздігінің негізгі стандартты емі аясында пациенттің жағдайы тұрақты компенсацияланған кезде ғана бастауға болады. Карведилолмен емдеуді бастар алдында кемінде 4 апта бойы қатар қолданылатын дәрілік препараттардың дозалары тұрақты болуы тиіс.
Жедел миокард инфарктісінен кейінгі сол жақ қарыншаның дисфункциясы
Карведилолмен емдеуді бастар алдында пациенттің клиникалық жағдайы тұрақты болуы тиіс. Сонымен қатар, пациент кемінде соңғы 48 сағат бойы АӨФ тежегішін қабылдауы қажет, ал оның дозасы кемінде соңғы 24 сағат бойы тұрақты болуы тиіс.
Тұрақсыз стенокардиясы бар пациенттерде карведилолды қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі болғандықтан, мұндай жағдайларда препаратты сақтықпен қолдану қажет.
Созылмалы обструктивті өкпе ауруы
Бронх түйілуіне бейімділігі бар пациенттерде тыныс жолдарының кедергісі жоғарылауына байланысты ентігу дамуы мүмкін. Сондықтан бронхоспастикалық компоненті бар тыныс алу ағзаларының аурулары кезінде карведилолды қолдануға болмайды.
Қант диабеті
Карведилолды қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет, өйткені қандағы глюкоза деңгейін бақылау нашарлауы немесе жедел гипогликемияның ерте белгілері мен симптомдары бүркемеленуі мүмкін. Сондықтан емнің басында немесе карведилол дозасын өзгерткен кезде қандағы глюкоза деңгейін жүйелі түрде бақылау қажет. Қажет болған жағдайда гипогликемиялық емді тиісті түрде түзету керек. Тіпті емдік ашығу режимін сақтаған жағдайда да қандағы глюкоза деңгейіне мұқият медициналық бақылау жүргізілуі тиіс.
Шеткергі қантамыр аурулары және Рейно ауруы
Карведилолды шеткергі қантамыр аурулары (мысалы, Рейно ауруы) бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет, өйткені β-адренорецепторлар блокаторлары артериялық қан айналымының бұзылуымен байланысты симптомдарды күшейтуі немесе туындатуы мүмкін.
Гипертиреоз
Карведилол гипертиреоз симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Анестезия және ауқымды хирургиялық араласулар
Жалпы анестезия жүргізілген кезде карведилол мен анестезиялық дәрілердің теріс инотроптық және гипотензиялық әсерлерінің қосылу мүмкіндігін ескеру қажет.
Егер хирургиялық араласу кезінде карведилолды қолдануды жалғастыру қажет болса, әсіресе эфир, циклопропан және трихлорэтилен сияқты миокард қызметін тежейтін анестетиктер қолданылған жағдайда ерекше сақтық қажет.
Ортостатикалық гипотензия
Ортостатикалық гипотензияның дамуын болдырмау үшін (әсіресе емнің басында) емді төмен дозадан бастап, дозаны біртіндеп арттыру және препаратты тамақтану кезінде қабылдау қажет.
АВ-өткізгіштіктің бұзылуы
Карведилолдың атриовентрикулярлық (АВ) өткізгіштікке теріс әсер етуіне байланысты препаратты АВ-өткізгіштігі баяулаған, әсіресе I дәрежелі АВ-блокадасы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет.
Брадикардия
Карведилол брадикардияны туындатуы мүмкін. Егер жүрек соғу жиілігі минутына 55 соққыдан төмендесе, карведилол дозасын азайту қажет.
Жоғары сезімталдық
Карведилолды анамнезінде ауыр жоғары сезімталдық реакциялары немесе аллергиялық аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану қажет, өйткені β-адреноблокаторлар аллергендерге сезімталдықты және анафилаксиялық реакциялардың ауырлығын күшейтуі мүмкін. Сонымен қатар, адреналин енгізуге жауап реакциясы әлсіреуі мүмкін.
Ауыр тері реакциялары
Карведилолмен емдеу кезінде өте сирек жағдайларда уытты эпидермальді некролиз (ТЭН) және Стивенс–Джонсон синдромы (СДС) сияқты ауыр тері реакциялары байқалған. Егер мұндай реакциялар карведилолды қолданумен байланысты деп есептелсе, препаратты қабылдауды толық тоқтату қажет.
Псориаз
Анамнезінде β-адреноблокаторларды қолданумен байланысты псориазы бар пациенттерге карведилолды тек пайдасы мен қаупін мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындау керек.
Кальций антагонистерімен бір мезгілде қолдану
Карведилолды верапамил немесе дилтиазем типті кальций өзекшелерінің блокаторларымен немесе басқа аритмияға қарсы препараттармен бірге қолданғанда электрокардиограммаға (ЭКГ) және артериялық қысымға мұқият бақылау жүргізу қажет.
Феохромоцитома
Феохромоцитомасы бар пациенттерге β-адренорецепторлар блокаторларымен емдеуді α-адренорецепторлардың жеткілікті дәрежеде бөгелуі қамтамасыз етілгеннен кейін ғана бастау қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Дигоксин: бір мезгілде қолданғанда карведилол қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын шамамен 15 % арттырады, бұл дигоксиннен болатын брадикардияның күшеюіне әкеледі. Дигоксин мен карведилол AV өткізгіштігін баяулатады, бұл олардың әсер ету аддитивтілігіне әкелуі мүмкін. Карведилол қолданудың басында, дозаларын таңдағанда немесе емін тоқтатқанда плазмадағы дигоксин концентрациясын бақылау ұсынылады.
Циклоспорин: карведилол плазмадағы циклоспорин концентрациясын арттыруы мүмкін, сондықтан циклоспорин дозасын азайту қажет. Карведилолмен ем басталған соң циклоспорин деңгейін бақылау ұсынылады.
P450 цитохромы ферменттерін индукциялайтын немесе тежейтін препараттар: барбитураттармен және рифампицинмен бір мезгілде қолданғанда карведилол метаболизмі күшейеді, бұл оның плазмадағы концентрациясының азаюына алып келеді.
Циметидин, эритромицин, флувоксамин және гидралазин өз кезегінде карведилол метаболизмін баяулатып, карведилол әсерін күшейтеді.
Алюминий гидроксиді, холестирамин: бір мезгілде қолданғанда карведилол сіңірілуі кідіреді, бұл оның әсерінің азаюына алып келеді.
Диабетке қарсы препараттар, соның ішінде инсулин: карведилол гипогликемиялық әсерді күшейтеді және гипогликемияға тән сақтандыру белгілерін, мысалы, треморды бүркемелейді немесе азайтады.
Катехоламиндер деңгейін төмендететін препараттар: МАО тежегіштері, резерпин ауыр брадикардияны туындатып, карведилолдың гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін.
Верапамил, дилтиазем және аритмияға қарсы басқа да препараттар: карведилолмен бір мезгілде қолданғанда ауыр брадикардия немесе жүрек блокадасы туындауы мүмкін. Верапамил инъекциясы жағдайында айқын гипотензия мен асистола болуы мүмкін. Амиодарон вентрикулярлы аритмиялардың пайда болу қаупін арттырады.
Клонидин: карведилмен бір мезгілде қолданғанда қан қысымын бақылау керек. Клонидинмен бір мезгілде емдеуді тоқтату қажет болатын жағдайларда, алдымен карведилол қолдануды тоқтату керек, бірнеше күн өткен соң, дозаны біртіндеп азайтумен клонидинмен емді тоқтатады.
Эрготамин немесе эргометрин: карведилолмен бір мезгілде қолдану шеткері қан тамырларының жиырылуын күшейтеді.
Безгекке қарсы дәрілер: карведилолдан болатын брадикардияның туындау қаупін арттырады.
Симпатомиметикалық дәрілер: карведилол адреналиннің (эпинефрин) прессорлық әсерін арттыру немесе азайтуы мүмкін. Карведилолмен ұзақ уақыт емдеу десенсибилизациялық ем жағдайында адреналин әсерін азайтуы мүмкін.
Хлорпромазин: бір мезгілде карведилол мен хлорпромазин қолдану плазмада екі препараттың да концентрациясын арттыруы жәнe олардың әсерлерін күшейтуі мүмкін.
Гипертензияға қарсы дәрілер: карведилол бір мезгілде қолданылатын гипертензияға қарсы дәрілердің әсерін және гипертензияға қарсы дәрілерге тән жағымсыз әсерлер туғызатын дәрілердің, мысалы, ұйықтататын дәрілер, анксиолитикалық дәрілер немесе алкоголь әсерін күшейтуі мүмкін.
Анестезияға арналған дәрілер: анестезия жасағанда карведилол мен жансыздандыруға арналған жекелеген дәрілердің теріс инотропты және гипотензиялық әсерлерінің қосылып кетуі мүмкін екендіктен сақ болу керек.
ҚҚСП және кортикостероидтар карведилолдың гипотензиялық әсерін антагониздейді.
АКЭ тежегіштері, диуретикалық дәрілер, кальций өзекшелерінің блокаторлары және алпростадил: гипотензиялық әсерінің артуы мүмкін екендіктен қан қысымын мезгіл-мезгіл бақылау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Жүктілік

Қолдануға қарсы көрсетілген

Емізу

Қолдануға қарсы көрсетілген

Жағымсыз әсерлері

Жиі
- астениялық синдром (шаршау, әлсіздік, жылдам қажу), шеткері, ортостатикалық ісінулер, аллергиялық реакциялар, мазасыздық, гиповолемия, қызба
- брадикардия, ортостатикалық гипотензия, артериялық гипертензия, естен танулар, стенокардия, AV блокадасы, жүрек қағу, инсульт, шеткері қан айналымының бұзылуы (алақан мен табанның мұздауы, шеткері тамырлар ауруы, мезгіл-мезгіл ақсақтық симптомының күшеюі, Рейно синдромы)
- бас айналу, бас ауыру, гипестезия, вертиго, парестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық, депрессия, көңіл-күйдің жабырқауы
- диарея, жүрек айну, құсу, мелена, периодонтит, іш қуысындағы ауыру
- артралгиялар, артрит, бұлшықеттердің құрысуы, бұлшықеттер гипотониясы, аяқ-қолдың ауыруы
- жөтел, қырылдау, диспноэ, өкпенің ісінуі, бронх демікпесі (бейімділігі бар пациенттерде)
- бронхит, пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, несеп шығару жолдарының инфекциясы
- пурпура
- протромбин деңгейінің төмендеуі, тромбоцитопения
- бүйрек жеткіліксіздігі, альбуминурия, гематурия
- импотенция
- дене салмағының артуы
- гипергликемия, креатинин, сілтілік фосфатаза, гамма-глутаминтрансфераза, қандағы мочевина азоты мен қалдық азот деңгейінің жоғарылауы, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гиперурикемия, гипогликемия, гипонатриемия, гликозурия, гиперволемия, қант диабеті, салмақ жоғалту, гиперкалиемия, анемия
- анық көрмеу, көздің тітіркенуі, тұмау тәріздес синдром, аяқ-қолдың ауыруы, көз жасының аз бөлінуі, подагралық артрит дамуы мүмкін
Жиі емес
- тахикардия
- гипокинезия, қозғыштық, зейін шоғырландырудың нашарлауы, сананың бұзылуы, түнгі шым-шытырық түстер, ұйқының бұзылуы, эмоциялық орнықсыздық, ауыздың кеберсуі, тершеңдік
- билирубинемия
- анемия, лейкопения
- несеп шығарудың жиілеуі
- либидо төмендеуі
- терінің аллергиялық реакциялары (экзантема, дерматит, есекжем, қышыну), эритемалық, макулопапулезді және псориазды бөрту, жарыққа сезімталдық реакциялары
- құлақ шуылы
Сирек
- толық AV блокадасы, Гис шоғыры тармақтарының блокадасы, миокард ишемиясы, ми қан айналымының бұзылуы
- невралгия, амнезия
- асқазан-ішек жолының геморрагиялары, бауыр трансаминазалары (АсАТ және АлАТ) белсенділігінің жоғарылауы
- мұрын бітелуі, бронх түйілуі, өкпенің ісінуі, тыныс алу алкалозы, интерстициальді пневмонит
- панцитопения және атипиялық лимфоциттердің пайда болуы
- әйелдердегі несепті ұстай алмау
- іш қату
- тығыздығы жоғары альфа-липопротеиндер деңгейінің төмендеуі
- анафилактикалық реакциялар, алопеция, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, полиморфты эритема
- естудің нашарлауы
Өте сирек
- лейкопения

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Дозалау режимі
Артериялық гипертензияда – алғашқы 2 күнде тәулігіне 1 рет 12,5 мг, кейін тәулігіне 1 рет 25 мг. Қажет болған жағдайда дозаны кемінде 2 апталық аралықпен біртіндеп арттыруға болады. Ең жоғары тәуліктік доза – 50 мг, оны бір рет қабылдауға немесе 2 қабылдауға бөліп қолдануға болады.
Тұрақты стенокардияда – алғашқы 2 күнде тәулігіне 2 рет 12,5 мг, кейін тәулігіне 2 рет 25 мг. Қажет болған жағдайда кемінде 2 апталық аралықты сақтай отырып, дозаны біртіндеп арттыруға болады. Ең жоғары бір реттік доза – 50 мг. Ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (оймақгүл препараттарымен, диуретиктермен және ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен жүргізілетін таңдалған ем аясында) – емдеуді 2 апта бойы тәулігіне 2 рет 3,125 мг дозадан бастайды, кейін (жақсы көтерімді болған жағдайда) дозаны тәулігіне 2 рет 6,25 мг-ға, одан әрі тәулігіне 2 рет 12,5–25 мг-ға дейін арттырады.
Дене салмағы 85 кг-нан төмен пациенттерде ең жоғары бір реттік доза – 25 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 50 мг.
Дене салмағы 85 кг-нан жоғары пациенттерде ең жоғары бір реттік доза – 50 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға қарсы көрсетілген, өйткені тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.