A04AA02 Гранисетрон (Granisetron)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде және 2 жастан асқан балаларда цитостатикалық химиялық ем жүргізген кездегі жүректің айнуы мен құсудың алдын алуда және емдеуде; ересектерде сәулемен ем жүргізген кездегі жүректің айнуы мен құсудың алдын алуда және емдеуде;  ересектерде операциядан кейінгі жүректің айнуы мен құсуды емдеуде.
    Клинические протоколы:
  1. Аутологичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  2. Гепатоцеллюлярная карцинома
  3. Герминогенноклеточные опухоли у детей
  4. Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
  5. Злокачественные неоплазии тела матки
  6. Злокачественные новообразования гортани
  7. Злокачественные новообразования носоглотки
  8. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  9. Злокачественные новообразования полости рта
  10. Злокачественные новообразования прямой кишки
  11. Злокачественные новообразования ротоглотки
  12. Злокачественные новообразования слюнных желез
  13. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  14. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
  15. Медуллобластома
  16. Опухоли средостения
  17. Пограничные и злокачественные опухоли кости
  18. Рак вульвы
  19. Рак губы
  20. Рак желудка
  21. Рак кожи
  22. Рак легкого
  23. Рак молочной железы
  24. Рак мочевого пузыря
  25. Рак пищевода
  26. Рак поджелудочной железы
  27. Рак предстательной железы
  28. Рак шейки матки
  29. Редкие опухоли (рак щитовидной железы) у детей
  30. Саркома мягких тканей у детей (рабдомиосаркома и нерабдомиосаркома)
  31. Саркомы мягких тканей
  32. Злокачественные опухоли гортаноглотки

Қарсы көрсеткіштері

Гранисетронға және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық; сыртартқыда серотонинді 5-НТ3 рецепторлардың басқа да селективті антагонистеріне (соның ішінде ондансетронға)  аса жоғары сезімталдық реакциялары.

Қауіпсіздік шаралары

Келесі жағдайларда сақтықпен қолдану керек:ішінара ішек бітелісі, анамнезінде аритмиялар және өткізгіштіктің бұзылуы болғанда, кардиоуытты химиялық ем қабылдап жүрген науқастарға. Бас айналудың даму ықтималдылығын ескеріп, гранисетронмен емделу кезеңінде автокөлікті жүргізгенде және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен шұғылданғанда сақ болу қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Серотонин антогонистері -гарнисетроммен біріктіргенде серотонинді синдромның бұзылуына алып келеді;Осимертиниб, Амиодарон, Бедаквилин, Кларитромицин, Деламанид, Флуфеназин, Рибоциклиб, Силденафил, Вориконазол және т.б - QT интервалын ұлғайтады;

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге дозаны түзету қажет емес. 

Бауыр жеткіліксіздігі

 Сақтықпен қолданған жөн.

Жүктілік

 Ұсынылмайды.

Емізу

 Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыру; іш қату;Жиі: ұйқысыздық, ұйқышылдық, әлсіздік, іштің ауыруы, диарея, құсу, тәбеттің төмендеуі, метеоризм, іш қату, астения, ауыру синдромы, қызба, тұмау тәріздес синдром, қалтырау;Жиі емес: серотонин синдромы (психикалық жағдайдың өзгеруі, вегетативті функцияның бұзылуы және ОЖЖ және бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулар);Сирек: экстрапирамидальді бұзылулар, дистония, дискинезия, бауыр функциясының бұзылуы; «бауыр» ферменттері (аспартатаминотрансфераза, аланинаминотрансфераза) белсенділігінің жоғарылауы, қыжыл, дәм сезімінің өзгеруі, аритмия, жүрек тұсының ауыруы, QT аралығының ұзаруы, аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксия, ентігу, бронхтың түйілуі, есекжем;Өте сирек: мазасыздық, үрейлену, анорексия, естен тану, бас айналу, кома, артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі, АҚ  жоғарылауы, тері бөртпесі, қышыну, ісіну/беттің ісінуі.

Балаларда қолданылуы

2 жастан асқан балалар: Гранисетрон препаратымен инфузияны цитостатикалық химиялық емді бастардан кем дегенде 30 минут бұрын жүзеге асырады.Гранисетрон  препаратының 20 мкг/кг доза концентратын инфузиялық ерітіндімен 10-30 мл көлемге дейін сұйылтады және кем дегенде 5 минут бойына к/і тамшылы инфузия түрінде енгізеді. Алдын алу мақсатында Гранисетрон препаратын енгізу цитостатикалық химиялық емді бастағанға дейін аяқталуы тиіс. Цитостатикалық химиялық ем жүргізген кездегі жүректің айнуын және құсуды емдеу: дозалау режимі цитостатикалық химиялық ем жүргізген кездегі жүректің айнуының және құсудың алдын алудағы сияқты. Қажет болған кезде 20 мкг/кг дозада кем дегенде 10 минут аралықпен қосымша 2 к/і инфузия жүргізуге болады.  Ең жоғары тәуліктік доза  60 мкг/ кг-ден аспауы тиіс.Балаларда сәулемен ем жүргізген кездегі жүректің айнуын және құсуды және операциядан кейінгі жүректің айнуын және құсуды емдеуге ұсынылмайды, өйткені  оны қолдану тәжірибесі жоқ. 2 жасқа толмаған балаларда гранисетронды қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.