C02AC01 Клонидин (Clonidine)
Қолдану көрсеткіштері
| Артериялық гипертензияға (оның ішінде бүйрек патологиясы кезіндегі симптоматиялық гипертензия), гипертониялық криздер, апиындық есірткіқұмарлықтың абсиненттік синдромында (жиынтық емнің құрамында) |
-
Клинические протоколы:
- Диабетическая нефропатия
- Гипертензивный криз
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Хроническая трансплантационная нефропатия
Қарсы көрсеткіштері
| клонидинге немесе препараттың кез-келген қосымша компонентерінің біріне жоғары сезімталдық - артериялық гипертензия, кардиогендік шок - II және III дәрежедегі атриовентрикулярлық бөгеу - айқын брадикардия - синустық торапәлсіздігінің синдромы - ми қан айналымының бұзылуы - Рейно синдромы - Жабығу жай-күйі (оның ішінде сырттарқысында болуы) - Трициклдық антидепрессанттарды бір мезгілде қолдану - 15 жасқа дейінгілер |
Қауіпсіздік шаралары
| Клонидинмен емдеу кезінде артериялық қысымды жүйелі түрде бақылау ұсынылады. Әсіресе ыстық ауа райында тік қалыпта ұзақ уақыт дене жүктемесі кезінде ортостатикалық реакциялардың даму қаупіне байланысты сақтық таныту қажет. Клонидинмен емдеу кезінде алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынады. Препаратты қабылдауды кенеттен тоқтату тоқтату синдромының дамуына әкелуі мүмкін: артериялық қысымның жоғарылауы, ашушаңдық, бас ауыруы, жүрек айнуы. Сондықтан препаратты тоқтату басқа дәрілік заттармен қатар жүргізілетін емді ескере отырып, тек 1-2 апта ішінде біртіндеп жүргізілуі тиіс. Тоқтату синдромы дамыған жағдайда препаратты қабылдау дереу қайта басталады, кейіннен оны басқа гипотензиялық препараттармен алмастыра отырып, біртіндеп тоқтатады. Тоқтату синдромының алдын алу үшін препаратты оны тұрақты қабылдау мүмкіндігі жоқ пациенттерге тағайындауға болмайды. Клонидин мен β-адренорецепторлар блокаторын біріктіріп қолдану кезінде емдеуді уақытша тоқтату қажет болса, симпатикалық гиперреактивтіліктің алдын алу үшін алдымен β-адренорецепторлар блокаторын тоқтатып, содан кейін, әсіресе жоғары дозаларда қолданылған болса, клонидинді біртіндеп тоқтату қажет. Клонидинді қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды, өйткені клонидин гипогликемия симптомдарын бүркемелеуі және инсулин секрециясын төмендетуі мүмкін. Артық дозалану қаупіне байланысты препаратты жасөспірімдерге ерекше сақтықпен тағайындайды: балаларда клонидиннің 0,1 мг дозасын қабылдағанда уытты әсер дамуы мүмкін. Препаратты егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындайды - препаратқа жоғары сезімталдық болуы мүмкін; бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге - препараттың шығарылуы баяулауы мүмкін, несеппен ванилилминдаль қышқылының шығарылуы азаюы және клонидинді тоқтатқаннан кейін оның деңгейі күрт жоғарылауы мүмкін. Соматотропты гормон концентрациясының уақытша жоғарылауы байқалуы мүмкін. Клонидинді қолдану сілекей бөлінуінің төмендеуіне және тежелуіне әкелуі мүмкін, бұл тіс жегісінің, пародонтоздың және ауыз қуысы кандидозының дамуына ықпал етеді. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Орталық жүйке жүйесін тежейтін препараттармен бірге қолданғанда орталық жүйке жүйесіне бәсеңдетуші әсердің өзара күшеюі және депрессиялық бұзылыстардың дамуы мүмкін. Клонидиннің гипотензиялық әсерін трициклді антидепрессанттар, анорексигендік дәрілер (фенфлураминді қоспағанда), симпатомиметиктер, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар және нифедипин әлсіретеді; ал вазодилататорлар, диуретиктер және антигистаминдік препараттар күшейтеді. β-адреноблокаторлар мен жүрек гликозидтері брадикардияның даму қаупін арттырады немесе (жекелеген жағдайларда) атриовентрикулярлық блокаданың дамуына әкелуі мүмкін. Клонидин мен β-адренорецепторлар блокаторын біріктіріп қолдану кезінде емдеуді уақытша тоқтату қажет болған жағдайда, симпатикалық гиперреактивтіліктің алдын алу үшін алдымен β-адренорецепторлар блокаторын тоқтату, содан кейін, әсіресе жоғары дозалар қолданылған болса, клонидинді біртіндеп тоқтату қажет. Атенололмен және пропранололмен бір мезгілде қолданғанда гипотензиялық әсердің, седативтік әсердің және ауыз қуысының құрғауының аддитивті күшеюі байқалады. Ішке қабылданатын гормональді контрацептивтер клонидиннің седативтік әсерін күшейтуі мүмкін. Клонидин Паркинсон ауруы бар пациенттерде леводопа мен пирибедилдің тиімділігін төмендетуі мүмкін. Клонидин циклоспориннің концентрациясын, сондай-ақ инсулин секрециясының төмендеуі есебінен қандағы глюкоза концентрациясын арттыруы мүмкін, мұны инсулинмен бір мезгілде қолданғанда ескеру қажет. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың шығарылуы баяулауы мүмкін, несеппен ванилилминдаль қышқылының шығарылуы төмендеуі және клонидинді тоқтатқаннан кейін оның деңгейінің күрт жоғарылауы мүмкін. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Деректер жоқ. |
Жүктілік
| Жүктіліктің (тек күткен пайда ұрыққа қауіпті теріс әсерінен асқан жағдайда тағайындалуы мүмкін болатынм) кезеңі препаратты қолдануғак шектеу болып табылады. |
Емізу
| Лактация (бала емізуді тоқтату қажет) кезеңі препаратты қолдануғак шектеу болып табылады. |
Жағымсыз әсерлері
| қатты шаршағыштық, ұйқышылдық - психикалық және қозғалыс реакцияларының баяулауы - үрейлену, ашушандық, жабығу, “жарқын” және қорқынышты түс көрулер - бас айналуы - брадикардия, ортосстатикалық гипотензия - ауыздың кеберсуі - тәбеттің төмендеуі - жүрек айнуы, құсу, іш қату, асқазан сөлінісінің төмендеуі - тері бөртпесі, қышыма - мұрынның бітелуі, несеп шығарудың іркілуі - либидо мен әлеуетің төмендеуі - сирек – Рейно синдромы (бозару, аяқ-қолдың мұздауы) |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Ересектер мен 15 жастан үлкен жасөспірімдерге тамақтануға қарамастан ішуге тағайындайды. Препарат аз дозаларда тиімді. Дозаны қатаң түрде дербес таңдау керек. Препаратты тоқтатуды әрқашан біртіндеп 1-2 апта бойы жүргізеді. Артериялық гипертензия. Әдетте бастапқы дозасы тәулігіне 2-3 рет 0,075 мг (1/2 таблетка) құрайды. Егер гипотензиялық тиімділігі жеткіліксіз болса, бір реттік дозаны әрбір 1-2 күн сайын тәулігіне 3-4 рет бір қабылдауға 0,0375 мг-нан (1/4 таблеткадан) 0,15-0,3 мг-ға (1-2) таблеткаға дейін арттырады, орташа тәуліктің дозасы – 0,9 мг (6 таблетка). Жоғары дозалармен емдеу тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда емдеуді салуретикатермен және басқа гипотензивтік дәрілермен толықтырады. Барынша жоғары дозалар: бір реттік 0,3 мг (таблетка), тәуліктік - 2,4 мг (16 таблетка). Егде жастағы емделушілерге, әсіресе цереброваскулярлық аурудың белгілері болғанда тәулігіне 3 рет 0,0375 (1/4 таблеткада) құрайтын бастапқы дозада тағайындайды. Гипертониялық кризде: (ауыз кеберсуінің айқын белгісі болмаса) тіл астына (сублингвальды) 0,15-0,3 мг-нан (1-2 таблеткадан) тағайындайды. Абсиненттік синдром. Стационар жағдайында 5-7 күн бойы тәулігіне 3 рет 6-8 сағат аралықпен 0,15-0,3 мг-нан (1-2 таблеткадан) тағайындайды. Жағымсыз әсерлері өршіген кезде бір реттік дозаларын 2-3 күн ішінде біртіндеп төмендетеді, қажет болғанда препаратты тоқтатады. 15 жастан үлкен жасәспірімдерге (дене салмағы 45 кг-нан кем емес) тәулігіне 3 рет 0,15 мг-нан (1 таблеткадан) тағайындайды. Дозаны дербес таңдап алады, оны ең аз дозадан бастап және әрбір 1-2 күн сайын бастапқы тәуліктік дозасының ¼ бөлігінежоғарыла отырып тиімді дозасына (әдетте 3 қабылдауға 0,01-0,02 мг/кг/ тәулікке дейін) арттырып отырады. Бір реттік және тәуліктік дозаларды, сондай-ақ емдеу ұзақтығын дәрігер дербес белгілейді. |
Балаларда қолданылуы
| Препаратты Артық дозалау қауіпіне байланысты препаратты жасөспірімдерге сақтықпен тағайындайды. Балалардағы уытты әсері 0,1 мг клонидинді қолданғанда көрініс беруі ықтимал. 15 жастан үлкен жасәспірімдерге (дене салмағы 45 кг-нан кем емес) тәулігіне 3 рет 0,15 мг-нан (1 таблеткадан) тағайындайды. Дозаны дербес таңдап алады, оны ең аз дозадан бастап және әрбір 1-2 күн сайын бастапқы тәуліктік дозасының ¼ бөлігінежоғарыла отырып тиімді дозасына (әдетте 3 қабылдауға 0,01-0,02 мг/кг/ тәулікке дейін) арттырып отырады. |