C01EA01 Алпростадил (Alprostadil)

Қолдану көрсеткіштері

реваскуляризация жүргізу мүмкін емес немесе сәтсіз реваскуляризациядан кейінгі ересек пациенттерде артерияның ІІІ және ІV сатыдағы (Фонтейн жіктелуі бойынша) созылмалы окклюзиялық ауруларын емдеу үшін.
    Клинические протоколы:
  1. Атеросклероз брюшной аорты и артерий нижних конечностей
  2. Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
  3. Облитерирующий тромбоангиит (болезнь Винивартера - Бюргера)
  4. Синдром Рейно
  5. Травма кровеносных сосудов
  6. Системная склеродермия
  7. Ювенильный системный склероз
  8. Трансплантация почки
  9. Атрезия легочной артерии
  10. Критические врожденные пороки сердца у новорожденных
  11. Тетрада Фалло у детей
  12. Тотальный аномальный дренаж у детей
  13. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
  14. Позвоночно-спинномозговая травма и ее последствия
  15. Размозжение и травматическая ампутация на уровне запястья и кисти
  16. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  17. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  18. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  19. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  20. Аутологичная трансплантация костного мозга
  21. Болезнь Бехчета
  22. Васкулиты, ассоциированные с антинейтрофильными цитоплазматическими антителами. Гранулематоз с полиангиитом (Вегенера). Микроскопический полиангиит.
  23. Острая мезентериальная ишемия
  24. Перекрестный (overlap) синдром
  25. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  26. Узелковый полиартериит у детей
  27. Ювенильный дерматомиозит
  28. Криз отторжения почечного трансплантата
  29. Хроническая трансплантационная нефропатия
  30. Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
  31. Отморожение у детей
  32. Синдром диабетической стопы

Қарсы көрсеткіштері

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) жіктелуі бойынша жүректің III және IV класты жеткіліксіздігі
- жүрек ырғағының гемодинамикалық елеулі бұзылулары бар пациенттер
- талапқа сай бақыланбайтын жүрек жеткіліксіздігі
- талапқа сай бақыланбайтын жүректің ишемиялық ауруы
- соңғы алты ай ішінде бастан өткерген миокард инфарктісі немесе инсульт
- ауыр артериялық гипотензия
- анамнезінде жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде өкпенің жедел ісінуіне немесе өкпе ісінуіне клиникалық немесе рентгенологиялық күдік;
- өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) немесе өкпенің вена-окклюзиялық ауруы (ӨВОА)
- өкпенің шашыраңқы инфильтрациялық ауруы
- бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер (олигоанурия)
- бауыр аурулары, оның ішінде бауыр функциясының жедел бұзылуы (бауыр трансаминазаларының немесе гамма-глутамилтрансферазаның (Гамма-ГТ) белсенділігінің жоғарылауы) немесе бауырдың белгілі ауыр жеткіліксіздігі, оның ішінде анамнезінде
- қан кетуге бейімділік, мысалы, көптеген жарақаттары бар пациенттерде
- жедел эрозиялық гастрит, асқазанның және/немесе он екі елі ішектің белсенді ойық жарасы сияқты белсенді немесе потенциалды қан кету аймақтары бар пациенттер
- миішілік қан құйылу болған пациенттер
- митральды және/немесе аорта клапанының стенозы және/немесе жеткіліксіздігі;
- босанғаннан кейінгі кезең
- операция алдындағы және кейінгі кезең немесе операция кезінде
- жүктілік, бала емізу кезеңі және жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- инфузиялық терапия үшін жалпы қарсы көрсетілімдер (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, өкпе және ми ісінуі және гипергидратация).D4

Қауіпсіздік шаралары

Алпростадил препаратын жүрек-қантамырлары жүйесінің мониторингімен таныс және тиісті жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары бар шеткері артериялардың окклюзиялық ауруларын емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер ғана қолдануы тиіс. Алпростадил терапиясын алатын пациенттер әрбір дозаны енгізу кезінде мұқият бақылауда болуы тиіс. Қажет болған жағдайда артериялық қысым, жүректің жиырылу жиілігі және сұйықтық теңгерімі мониторингін қамтитын жүрек-қантамырлары жүйесінің функцияларына жиі бақылау жүргізу керек.
Гипергидратация симптомдарын болдырмау үшін алпростадил құю көлемі күніне 50-100 мл (инфузиялық дозатор) аспауы тиіс және инфузия уақыты қатаң сақталуы тиіс. Қажет болған жағдайда артериялық қысым, жүректің жиырылу жиілігі және сұйықтық теңгерімі (дене салмағын бақылауды қоса алғанда), орталық веналық қысымды өлшеу немесе эхокардиографиялық зерттеу мониторингін қамтитын жүрек-қантамырлары жүйесінің функцияларына жиі бақылау жүргізу керек.
Бұдан басқа, жүрек функциясының бұзылуы бар, бір мезгілде гипертензияға қарсы терапия алатын және жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде алпростадилмен емдеу кезінде жүрек-қантамырлары жүйесінің көрсеткіштерін мұқият бақылау керек.
Шеткері ісінулері немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер (қан сарысуындағы креатинин концентрациясы 1,5 мг/мл астам) мұқият бақылауда болуы тиіс (мысалы, сұйықтық теңгерімін бақылау және бүйрек функциясының тестілері).
Алпростадил препаратын болюстік инъекция арқылы енгізуге болмайды.
Қазіргі кездегі тәжірибеден тиісті теріс әсерлердің дәлелі болмаған кезде, Алпростадил препаратын келесідей қатар жүретін аурулары бар пациенттерде дәрігердің ерекше бақылауымен ғана қолдану керек:
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- бақыланбайтын қант диабеті
- цереброваскулярлық ауыр жеткіліксіздік
- тромбоцитоз (тромбоциттердің саны 400 000/мкл астам)
- шеткері полинейропатия
- анамнездегі өт-тас ауруы
- асқазан ойық жарасы немесе анамнезінде ойық жараның болуы
- глаукома
- эпилепсия.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алпростадил in vitro тромбоциттер агрегациясының әлсіз тежегіші болып табылатындықтан, алпростадилді бір мезгілде антикоагулянттар немесе тромбоциттер агрегациясы тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде қолдану кезінде сақтық танытқан жөн. Алпростадил артериялық қысымды төмендететін кез келген дәрілік препараттың (мысалы, гипертензияға қарсы және қантамырларын кеңейтетін дәрілік препараттар) әсерін күшейтуі мүмкін болғандықтан, осы препараттарды алатын пациенттерде артериялық қысымға мұқият мониторинг жүргізу керек. Алпростадилдің антиагрегациялық әсері антитромбоциттік және фибринолитикалық дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін. Жүректің ишемиялық ауруын (ЖИА) емдеу үшін пайдаланылатын дәрілік препараттардың тиімділігі артуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (қан сарысуындағы креатинин концентрациясы 1.5 мг/мл-ден астам, шумақшалық сүзгілеу жылдамдығы (ШСЖ) 90 мл/мин-ден төмен) емдеуді күніне екі рет 2 сағат ішінде Алпростадил (20 мкг алпростадил) препаратының бір құтысынан бастау керек. Жалпы клиникалық көрініске байланысты дозаны жоғарыда көрсетілген ұсынылған дозаға дейін 2-3 күн ішінде ұлғайтуға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге немесе жүрек функциясының бұзылуына байланысты қауіп тобына жатқызуға болатын пациенттерге инфузия кезінде енгізілетін сұйықтықтың көлемін тәулігіне 50-100 мл-ге дейін шектеу керек. Инфузияны инфузиялық сорғының көмегімен жүргізу керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар немесе бауырдың жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерге осы дәрілік препаратпен емдеу қарсы көрсетілімді.

Жүктілік

Алпростадил препаратын жүкті әйелдерге немесе жүктілікті жоспарлаған әйелдерге қолдануға болмайдыы.

Емізу

Алпростадил препаратын бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі
бас ауыруы
апноэ
қызару, ісіну, қан кернеуі
ауырсыну, бас ауыруы, артерия ішіне енгізуден кейін: ысыну сезімі, домбығу сезімі, жергілікті ісіну, парестезия**
Жиі емес
СРА (С-реактивті ақуыздың)* жоғарылауы
жеңіл бас айналу, астения, шаршау
артериялық қысымның ауытқуы (әсіресе гипотензия), тахикардия, стенокардия, жүрек соғысы
асқазан-ішек реакциялары (мысалы: жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы, анорексия), алпростадилдің күшейген әсерлері (диарея, жүрек айну, құсу)
аллергиялық реакциялар (мысалы: бөртпе, қышыну, буындардағы жайсыздық, фебрильді реакциялар, тершеңдік, қалтырау, ысыну сезімі, пирексия сияқты терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары)
буын симптомдары
вена ішіне енгізуден кейін: ысыну сезімі, домбығу сезімі, қолдану орнында жергілікті ісіну немесе препарат енгізілген аяқ-қолдың ісінуі, инфузия үшін пайдаланылатын венаның қызаруы, флебит, парестезия**

Сирек

лейкоциттер санының өзгеруі, тромбоциттер санының жоғарылауы, тромбоцитопения*
сананың шатасуы, орталық генезді құрысулар
аритмия, бивентрикулярлық жүрек жеткіліксіздігі, жалпы жүрек жеткіліксіздігінің дамуы
өкпенің жедел ісінуі, брадипноэ, гиперкапния
асқазанның антральды шырышты қабығының гиперплазиясы, асқазанның шығу бөлігінің ықтимал обструкциясы
бауыр ферменттері деңгейінің қалыптан ауытқуы, бауыр ферменттерінің (трансаминаза) жоғары деңгейі
катетердің енгізілген жеріндегі тромбоз және қан кету**
Өте сирек
2-4 аптадан астам ұзақ қолданған кезде ұзын түтікті сүйектердің қайтымды гиперостозы
анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар**
Белгісіз (қолда бар мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес)
инсульт
қан кету
ентігу
асқазан-ішектен қан кету.
* Терапия кезінде әдетте инфузиялық терапия аяқталғаннан кейін қалыпқа келетін зертханалық көрсеткіштердің ауытқуы болуы мүмкін.
** Бұл жағымсыз реакциялардың көпшілігі қайтымды және дозаны төмендету есебінен азайтылуы мүмкін.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Артерияның IV сатыдағы созылмалы окклюзиялық ауруларын емдеу кезінде вена ішіне қолдану ұсынылмайды.
III саты кезіндегі вена ішіне инфузия
Бүгінгі күнге алынған деректерге сүйене отырып, алпростадилмен вена ішіне терапия келесідей дозалау режиміне сәйкес жүргізілуі мүмкін:
Дәрілік препараттың 2 құтысының ішіндегісін (40 мкг алпростадил) 50-250 мл физиологиялық ерітіндіде ерітіп, дайындалған ерітіндіні инфузиялық түрде вена ішіне 2 сағат бойы (= 333 нг/мин, инфузия жылдамдығы 0.4-2 мл/мин, инфузиялық сорғыны пайдалана отырып 50 мл-ден) енгізу керек.
Бұл доза вена ішіне күніне екі рет қолданылады.
Балама ретінде дәрілік препараттың 3 құтысының (60 мкг алпростадил) ішіндегісін 50 – 250 мл физиологиялық ерітіндіде, күніне бір рет инфузиялық түрде вена ішіне 3 сағат бойы (= 333 нг/мин; инфузия жылдамдығы 0.3 – 1.4 мл/мин; инфузиялық сорғыны пайдалана отырып 50 мл-ден) енгізуге болады.
III және IV саты кезінде артерия ішіне енгізу
Бүгінгі күні алынған деректерге сүйене отырып, алпростадилді артерия ішіне енгізу келесідей дозалау режиміне сәйкес жүргізілуі мүмкін:
Дәрілік препараттың бір құтысының ішіндегісін (20 мкг алпростадилге баламалы) 50 мл физиологиялық ерітіндіде ерітеді. Бастапқы доза инфузияға арналған құрылғыны пайдалану кезінде (инфузия 0.8 мл/мин кезінде = 83-тен 167 нг/мин дейін немесе инфузия 0.4 мл/мин кезінде 42-ден 83 нг/мин дейін) 60-120 минут ішінде препараттың ½ құтысы (10 мкг алпростадил) түрінде артерия ішіне енгізіледі. Қажет болған жағдайда және жағымдылығы жақсы болғанда доза сол инфузия ұзақтығы кезінде бір құтыға дейін (20 мкг алпростадил) ұлғайтылуы мүмкін (инфузия 0.8 мл/мин кезінде = 333 нг/мин немесе инфузия 0,4 мл/мин кезінде 167 нг/мин). Бұл доза әдетте бір реттік күнделікті инфузия үшін қолданылады.
Егер артерия ішіне инфузия аурудың ауырлығына және жағымдылығына байланысты енгізілген катетер арқылы жүргізілсе, ұсынылатын доза 12 сағат бойы (Алпростадил препаратының құтысы ¼ -1 ½ сәйкес келеді) кг дене салмағына 0.1-0.6 нг/мин препаратты енгізу арқылы болады.
Емдеу ұзақтығы
Алпростадилмен емдеудің 3 аптасынан кейін инфузияның жалғасуы клиникалық артықшылықтар бере ме деген сұрақты шешу керек. Егер терапиялық жақсаруға қол жеткізілмесе, емдеу тоқтатылуы тиіс. Емдеудің жалпы кезеңін 4 аптадан асырмау керек.

Балаларда қолданылуы

Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.