B06AC01 Адам эстеразы С1 ингибиторы (C1-esterase inhibitor)
Қолдану көрсеткіштері
Тұқым
қуалайтын ангионевроздық ісінуі (ТҚАІ) бар, ангионевроздық ісіну ұстамаларын
емдеу, емдеу алдындағы және операция алдындағы профилактикасы. Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінудің (ТҚАІ) ауыр және қайталанатын ұстамалары бар, пероральді профилактикалық дәрілер жақпайтын немесе жеткіліксіз қорғалған немесе жедел ұстаманы қайта емдеу тиімсіз болған кезде пациенттердің ангионевроздық ісіну ұстамаларының дағдылы профилактикасы. |
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. |
Қауіпсіздік шаралары
Тромбоздық
құбылыстар қаупінің белгілі факторлары бар пациенттер (тұрақты катетерлерді
қоса) мұқият бақылануы керек. Адам плазмасынан алынған С1 тежегішін жүйелі/қайталанатын емдеудегі пациенттер үшін А және В гепатиттеріне қарсы вакцинацияны қолдануды қарастыру қажет. Пациенттерді есекжемді, жайылған есекжемді, кеуденің қысылуын, ентігуді, гипотонияны және анафилаксияны қоса алғанда, аса жоғары сезімталдық реакцияларының ерте белгілері туралы хабардар еткен жөн. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. |
Жүктілік
Бүгінгі
күні басқа тиісті эпидемиологиялық деректер жоқ. Жүкті әйелдерге нақты көрсетілімдер кезінде ғана тағайындаған жөн. |
Емізу
С1-тежегіштің емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз. Нәрестелер / сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Бала емізудің бала үшін пайдасы мен емнің әйел үшін пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе Цинрайз препаратымен емдеуден тартыну /тоқтату туралы шешім қабылдау қажет. |
Жағымсыз әсерлері
Бас
ауыру; Жүрек айну; Аса жоғары сезімталдық; Бас айналу; Құсу; Бөртпе; Эритема; Қышыну; Инъекция орнындағы бөртпе; Инъекция орнындағы эритема; Енгізу орнының ауыруы; Гипертермия. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Препаратпен
емдеуді ТҚАІ бар пациенттерді емдеу тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен
бастау керек. Ангионевроздық ісіну ұстамаларын емдеу - Ангионевроздық ісінудің алғашқы басталу белгілері көрінгенде 1000 ХБ . - Егер пациентте бірінші дозасын енгізгеннен кейін 60 минуттан соң талапқа сай жауап байқалмаса, 1000 ХБ екінші дозасын енгізуге болады. - Ларингеалдық ұстамасы бар пациенттерде немесе егер бірінші дозасы кідіріспен енгізілген болса, екінші дозасын 60 минуттан ертерек енгізуге болады. Ангионевроздық ісінудің дағдылы профилактикасы - Ангиневроздық ұстаманың дағдылы профилактикасы үшін бастапқы дозасы: әрбір 3-4 күн сайын 1000 ХБ препаратынан; дозалар арасындағы аралық пациенттің жеке жауабына байланысты белгіленеді. Ұзаққа созылған тұрақты профилактика тұрақты негізде қайта қарастырылуы керек. Ангионевроздық ісінудің емшара алдындағы және операция алдындағы профилактикасы - медициналық, стоматологиялық және хирургиялық емшаралардан 24 сағат бұрын 1000 ХБ препараты. |
Балаларда қолданылуы
Препарат
қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. 6 жасқа толмаған балаларда дозалау
режимін растайтын деректер шектеулі. 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді ересектердікіндей дозаларда емдеу, дағдылы профилактика, емшара алдындағы және операция алдындағы профилактика үшін. |