A03FA01 Метоклопрамид¹ (Metoclopramide)
Қолдану көрсеткіштері
Түрлі генездегі жүрек айнуы мен құсу, операциядан кейінгі жүрек айнуы мен құсудың алдын алу, қан диабеті кезіндегі асқазан парезі.Пероральді:Ересектер: химиотерапия әсерінен туындаған жүректің айнуы мен құсудың алдын алу; сәулелік емнен туындаған жүректің айнуы мен құсудың алдын алу; жедел бас сақинасымен байланыстыны қоса, жүректің айнуы мен құсудың симптоматикалық емі. Жедел бас сақинасы ұстамасында метоклопрамид олардың сіңуін жақсарту мақсатында пероральді анальгетиктермен біріктіріліп тағайындалады.15-18 жастағы балаларға (салмағы 61 кг және одан жоғары): химиотерапиядан туындаған кейінгі жүрек айнуы мен құсудың алдын алу үшін, екінші желідегі препарат ретінде.
-
Клинические протоколы:
- Диарея и гастроэнтерит предположительно инфекционного происхождения
- Ботулизм
- Менингит у детей и взрослых
- Лихорадка Денге
- Описторхоз у взрослых
- Эхинококкоз у взрослых (эхинококкоз органов брюшной полости)
- Эхинококкоз у детей (эхинококкоз печени/легких у детей)
- Альвеококкоз печени
- Клещевой энцефалит
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Гемифациальный спазм
- Гидроцефалия (вентрикуло-перитонеальное шунтирование)
- Ликворея
- Менингит у детей и взрослых
- Невралгия тройничного нерва
- Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
- Острый рассеянный энцефаломиелит
- Энцефалит у детей и взрослых
- Двусторонняя нейросенсорная тугоухость (педиатрия)
- Гипертензивная энцефалопатия
- Гипертензивный криз
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися тошнотой и рвотой
- Синдром грудного выхода
- Синдром хронической абдоминальной ишемии
- Трансплантация сердца
- Стеноз гортани у детей
- Абсцесс печени
- Ахалазия кардии
- Ахалазия пищевода у детей
- Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь
- Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
- Гастроэзофагеальный рефлюкс у детей. Другие болезни пищевода
- Дивертикул пищевода
- Другие неинфекционные гастроэнтериты и колиты (педиатрия)
- Кишечный свищ
- Механическая желтуха
- Острая мезентериальная ишемия
- Острый аппендицит у детей
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кахексией, астенией
- Перитонит
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Синдром хронической абдоминальной ишемии
- Холангит у взрослых
- Хронический холецистит
- Язва желудка и двенадцатиперстной кишки и гастроэнтероанастомоза, осложненные кровотечением
- Системная склеродермия
- Хроническая хромовая интоксикация
- Гидронефроз почек
- Доброкачественная гиперплазия предстательной железы
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Тазовые перитонеальные спайки
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Хроническая интоксикация фосфором и его соединениями
- Врожденный гидронефроз у детей
- Диафрагмальная грыжа у детей
- Краниосиностоз
- Болезни печени, связанные с беременностью
- Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
- Кесарево сечение
- Токсикоз у беременных
- Ведение живого донора почки (в послеоперационном периоде)
- Изъятие почки от живого донора
- Абдоминальная травма
- Инородное тело пищевода
- Инородное тело пищевода у детей
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
- Тяжелая черепно-мозговая травма
- Гастродуоденальное кровотечение
- Ущемленная грыжа
- Острый аппендицит
- Рак мочевого пузыря
- Гепатоцеллюлярная карцинома
- Рак предстательной железы
- Функциональные гастроинтестинальные расстройства
- Злокачественные новообразования щитовидной железы
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
- Злокачественные опухоли гортаноглотки
- Злокачественные новообразования слюнных желез
- Злокачественные новообразования гортани
- Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
- Злокачественные новообразования ротоглотки
- Злокачественные новообразования носоглотки
- Злокачественные новообразования полости рта
- Опухоли средостения
- Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
- Злокачественные неоплазии тела матки
- Саркомы мягких тканей
- Рак кожи
- Геморрагическая лихорадка с почечным синдромом
- Хронический калькулезный холецистит
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек моторикасына қауіп төндіретін асқазан-ішек тесілуі немесе механикалық ішек бітелісі; АГ ауыр ұстамалары қаупіне байланысты расталған немесе күдік тудыратын феохромоцитома; нейролептиктерге немесе метоклопрамидке байланысты, анамнезіндегі кешеуілдеген дискинезия; эпилепсия (ұстамалар жиілігінің немесе қарқындылығының жоғарылауы); Паркинсон ауруы; леводопа немесе допаминергиялық агонистермен бір мезгілде қолдану; анамнезінде метоклопрамидті қолданғанда немесе НАДН-цитохром-b5-редуктаза тапшылығы кезінде анықталған метгемоглобинемия.
Қауіпсіздік шаралары
Экстрапирамидалық бұзылыстардың симптомдары туындаған жағдайда метоклопрамид қабылдауды дереу тоқтату керек. Кеш дискинезия қаупіне байланысты емдеу үш айдан аспауы тиіс. Қатерлі нейролептикалық синдром симптомдары туындаған жағдайда препаратты қабылдауды дереу тоқтату және тиісті емді бастау керек. Препаратты тағайындағанда қатарлас неврологиялық аурулары бар пациенттерге және ОЖЖ әсер ететін басқа дәрілік препараттармен ем алатын пациенттерге сақ болу керек. Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқару кезінде сақ болу.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Сілтілік ортасы бар инфузионды ерітінділер - үйлесімсіз.Алкоголь - метоклопрамидтің седативті әсері күшейеді.Диазепам, тетрациклин, ампициллин, парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, леводопа, этанол - жоғарыда көрсетілген препараттардың сіңірілуі жоғарылайды.Дигоксин және циметидин - жоғарыда көрсетілген препараттардың сіңірілуі баяулайды.Антихолинергиялық препараттар және морфин туындылары - асқазан-ішек жолдары моторикасына әсері бойынша өзара антагонизм.Орталық жүйке жүйесі белсенділігін бәсеңдететін депрессанттар (морфин туындылары, транквилизаторлар, Н1 гистаминдік рецепторлардың седативті блокаторлары, седативтік антидепрессанттар, барбитураттар) - метоклопрамид әсерін потенцирлейді.Нейролептиктер - кумулятивті әсер және экстрапирамидалық бұзылыстардың туындауы.Серотонинергиялық препараттар - серотониндік синдром даму қаупінің жоғарылауы.Дигоксин - дигоксин биожетімділігінің төмендеуі.Циклоспорин - циклоспорин биожетімділігі (Cmax 46%-ға және әсерін 22%-ға) ұлғаяды.Мивакуриум және суксаметоний - жүйке-бұлшықет блокадасы ұзақтығының ұзаруы (плазма холинэстеразасын тежеу жолымен).Флуоксетин және пароксетин сияқты CYP2D6 күшті тежегіштері - экспозициясы жоғарылайды.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек ауруларының терминалды кезеңі бар (креатинин клиренсі минутына ≤ 15 мл) пациенттерге пероральді формада дозасы 75%-ға төмендетілуі керек. Бүйрек қызметінің ауыр немесе орташа бұзылысы бар (креатинин клиренсі минутына 15-60 мл) пациенттерге дозасы 50%-ға төмендетілуі керек. Инъекциялық формада: креатинин клиренсі минутына 11-ден 60 мл дейін - күніне 1 рет 10 мг; креатинин клиренсі минутына 10 мл дейін - 5 мг күніне 1 рет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің ауыр бұзылысы бар пациенттерге дозасы 50%-ға төмендетілуі керек. Жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігіне жағдайды бақылау керек. Олардың пайда болуы жағдайында, препаратты қабылдау дереу тоқтатылады.
Жүктілік
І және ІІІ триместрінде қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: ұйқышылдық.Жиі: диарея, астения, экстрапирамидалық бұзылыстар (әсіресе балаларда және жас адамдарда және/немесе ұсынылатын доза препараттың бір дозасын енгізуден кейін арттырылған жағдайда), паркинсонизм, акатизия, депрессия, гипотензия, әсіресе көктамыр ішіне енгізген кезде.Жиі емес: брадикардия, әсіресе көктамыр ішіне енгізген кезде, аменорея, гиперпролактинемия, аса жоғары сезімталдық, дистония, дискинезия, елестеулер.Сирек: галакторея, құрысулар, әсіресе эпилепсиясы бар пациенттерде, сананың шатасуы.Жиілігі белгісіз: метгемоглобинемия, инъекциялық қолданудан кейін көп ұзамай жүректің тоқтап қалуы, атриовентрикулярлық блокада, QT аралығының ұзаруы, гинекомастия, анафилаксиялық реакциялар (анафилаксиялық шокты қоса), әсіресе көктамыр ішіне енгізген кезде, кеш дискинезия, ол емдеу кезінде немесе ұзақ емдеуден кейін әсіресе егде жастағы пациенттерде тұрақты болуы мүмкін, қатерлі нейролептикалық синдром, инъекциядан кейінгі шок, естен тану, феохромоцитомасы бар науқастарда жедел артериялық гипертензия, бөртпе, қышыну, ангионевротикалық ісіну және есекжем сияқты тері реакциялары, гиперпролактинемиямен (аменорея, галакторея, гинекомастия) байланысты ұзақ уақыт емдеу кезіндегі эндокриндік бұзылыстар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Пероральді: дене салмағы 61 кг-нан төмен 15 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ. Дене салмағы 61 кг-нан жоғары 15-18 жастағы балаларға тәулігіне 3 ретке дейін бір таблеткадан 10 мг. Жоғарғы тәуліктік доза дене салмағына 0,5 мг/кг құрайды. Химиотерапиядан туындаған кейінгі жүрек айнуы мен құсудың алдын алу үшін қолданудың ең жоғары ұзақтығы 5 күн. Көктамыр ішіне баяу (кемінде 3 минут аралығында): қатаң өмірлік көрсетілімдерге сәйкес, расталған диагноз жағдайында ғана тағайындалады! 2 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ. 2 жастан 5 жасқа дейін: жоғарғы бір реттік доза 0,1-ден 0,15 мг/кг дейін. Жоғарғы тәуліктік доза 0,5 мг/кг құрайды. 5 жастан 9 жасқа дейін: дене салмағына байланысты 2,5 мг-нан 5 мг дейін. Жоғарғы тәуліктік доза 15 мг аспауы керек. 9 жастан 18 жасқа дейін: жоғарғы бір реттік доза 5 мг, жоғарғы тәуліктік доза - 3 мг.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.