B05DB Гипертониялық ерітінді (Hypertonic solutions)

Қолдану көрсеткіштері

Диализдік емес дәрі-дәрмекпен емдеу талапқа сай болмаған деп танылған жағдайларда, перитонеальді диализбен емдеу үшін.

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; сүт қышқылды ацидоздың бұрынғы жағдайлары, перитонеальді диализ жүргізуге кедергі келтіретін немесе инфекция даму қаупін арттыратын түзелмейтін механикалық ақаулар; құжатталып расталған перитонеальді функцияның жойылуы; перитонеальді функцияның бұзылуына алып келетін ауқымды жабыспалар.

Қауіпсіздік шаралары

Көктамыр ішіне қолданбау! Емдеу барысында мерзімімен құрамында Ca2+, Mg2+ және гидрокарбонат бар биохимиялық және гематологиялық көрсеткіштерін, сонымен қатар созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне, АҚК төмендеуіне және шокқа алып келетін гипер- немесе гипогидратацияның дамуы мүмкін болатындықтан, дене салмағын және шығарылған және енгізілген сұйықтық теңгерімін бағалау. Бір емшарада диализ үшін 5 л және одан артық ерітінді қолданбау. Ағу анықталған жағдайда ерітіндіні қолданбау. Ақуыздың жоғалуын ең төменге азайту және гиповолемия, дегидратацияның алдын алу үшін осмолярлығы ең төмен ерітіндіні таңдау ұсынылады. Құрамында декстроза бар ерітінді қандағы глюкоза концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін. Қандағы глюкоза концентрациясын тұрақты уақыт аралығында бақылау. Қант диабеті кезінде инсулиннің дозасы глюкоза қабылдауды ұлғайтуға бейімделген болуы керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Жүрек гликозидтері - дигиталисті уыттанудың даму қаупі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бикарбонаттар мен қан плазмасындағы электролиттер (әсіресе, гидрокарбонаттарға, калийге, магнийге, кальцийге және фосфорға) концентрациясына мерзімді тексеріс жүргізу, қанға биохимиялық зерттеу (паратиреоидты гормондар деңгейін және липидтер мөлшерін қоса), сонымен қатар қарапайым гематологиялық зерттеулер жүргізу.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бұзылыстары кезінде сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Ұсынылмайды!

Емізу

Ұсынылмайды!

Жағымсыз әсерлері

Жиі: алкалоз, гипокалиемия, сұйықтықтың ұсталуы, гиперкальциемия, гипертония, перитонит, ісіну, астения, дене салмағының артуы.Жиі емес: гиперволемия, анорексия, дегидратация, гипергликемия, сүтті ацидоз, ұйқысыздық, бас айналуы, бас ауыруы, гипотония, диспноэ, жөтел, ішперденің зақымдануы, іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, жүрек айнуы, қалтырау, беттің ісінуі, жарық, шөлдеу, PCO2 деңгейінің артуы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ішперде ішіне. Балаларға: Ұсынылатын көлемі 800-1400  мл/м² көтере алуына байланысты ең жоғары 2000 мл құрайды. Балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.