B05AA07 Гидроксиэтилкрахмал¹ (пентакрахмал) (Hydroxyethylstarch)
Қолдану көрсеткіштері
Егер тек кристаллоидтарды қолдану жеткіліксіз болған жағдайда, гемодинамикалық параметрлердің мақсатты деңгейіне жеткенше АҚК қалыпқа келуінің бастапқы фазасында, қанды жедел жоғалтумен байланысты гиповолемия.
-
Клинические протоколы:
- Травматический шок
- Диарея у детей. Затяжная диарея
- Ботулизм
- Экстрокорпоральный метод лечение Грамм-негативного сепсиса
- Менингит у детей и взрослых
- Конго-Крымская геморрагическая лихорадка
- Острые вирусные гепатиты В, D и С у взрослых
- Листериоз
- Менингококковая инфекция
- Менингококковая инфекция у детей
- Сибирская язва
- Хронический бруцеллез
- Тупая травма живота, открытые повреждения живота
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Сочетанная травма у детей
- Ахалазия кардии
- Переломы, захватывающие несколько областей тела, у детей
- Перитонит
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Ведение детей с пересаженной почкой
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Осложнения, связанные с искусственным оплодотворением
- Острая почечная недостаточность (острое почечное повреждение)
- Острое отторжение почечного трансплантата у детей
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Абдоминальная травма
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Ожоги у детей
- Отморожения у взрослых
- Рак мочевого пузыря
- Закрытая торакальная травма
- Гепатоцеллюлярная карцинома
- Злокачественные новообразования щитовидной железы
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
- Злокачественные опухоли гортаноглотки
- Злокачественные новообразования слюнных желез
- Рак вульвы
- Злокачественные новообразования гортани
- Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
- Злокачественные новообразования ротоглотки
- Злокачественные новообразования носоглотки
- Злокачественные новообразования полости рта
- Почечно-клеточный рак
Қарсы көрсеткіштері
Гидроксиэтилкрахмалға (крахмалға аллергия) немесе кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық, сепсис, күйіктер, бассүйекішілік гипертензия немесе миға қан құйылуымен, жағдайы өте ауыр пациенттер (әдетте қарқынды емдеу бөліміндегі), гипергидратация, өкпенің ісінуі, сусыздану, гипернатриемия немесе гиперхлоремия, іркілген жүрек жеткіліксіздігі, ауыр коагулопатия (оның ішінде ауыр геморрагиялық диатез, гипокоагуляция), ағзалардың трансплантациясынан кейінгі пациенттер, гиперволемия, гипокалиемия, аорта-коронарлы шунттау операциясы жасалған пациенттер.
Қауіпсіздік шаралары
ГЭК пациенттің жағдайын тұрақтандыруға қол жетпеген жағдайда, және оларды қолданудың болжамданған пайдасы қаупінен жоғары болғанда қолдану керек. ГЭК көмегімен көлемді толықтыруға көрсетілімді мұқият анықтау керек. Көлемін және дозасын бақылау үшін гемодинамикасын бақылауға алу ұсынылады. Коагулопатияның алғашқы белгілерінде ГЭК қабылдауды тоқтату керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Аминогликозидтер - олардың нефроуыттылығының күшеюі.Инфузиялық еріткіштермен, концентраттармен және т.б. - химиялық немесе терапевтикалық үйлесімсіздігі болуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қолдану кезінде бүйрек қызметіне 90 күн аралығында мониторинг жүргізу қажет, бұзылыстардың алғашқы белгілерінде препаратты қабылдауды доғару керек. Бүйрек функциясының бұзылуымен немесе бүйректің орын басатын емін қабылдайтын пациенттерге қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Жүктіліктің I-ші триместрінде қарсы көрсетілген, жүктіліктің II және III-ші триместрлерінде ұрықтың бас миының зақымдану қаупіне байланысты тек өмірлік көрсеткіштер бойынша қолдану керек.
Емізу
Сақтықпен қолдану, қолдану тәжірибесі шектелген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: гематокрит және ақуыздың плазмалық концентрациясының төмендеуі, амилазаның сарысулық деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы. Жиі: ұю факторлары концентрацияларының сұйылуы, қан кету уақытының артуы.Жиі емес: тұрақты қышыну.Сирек: бүйрек тұсының ауыруы, қан айналу жүйесінің жедел жүктемесі.Өте сирек: әртүрлі айқындықтағы анафилаксиялық реакциялар. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Қолдану тәжірибесінің шектелуіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.