B03BA01 Цианокобаламин¹ (Cyanocobalamin)
Қолдану көрсеткіштері
Цианокобаламин тапшылығымен (Аддисон-Бирмер ауруы, алиментарлы макроцитарлық анемия) жүретін созылмалы анемиялар. Кешенді емнің құрамында: полиневрит, радикулит, невралгия (соның ішінде үштік жүйкенің невралгиясы), гипотрофия, шеткергі жүйкелердің жарақаты; тері аурулары (псориаз, фотодерматоз, герпес тәрізді дерматит, атопиялық дерматит).
-
Клинические протоколы:
- Ранний сифилис
- Заболевания белого вещества головного мозга
- Гемолитическая анемия у детей
- Белково-энергетическая недостаточность у детей
- Болезнь Помпе
- Мукополисахаридозы у детей
- Гидроцефалия
- Диабетическая нейропатия (дистальная симметричная полинейропатия)
- Поражение лицевого нерва (Невропатия лицевого нерва)
- Прогрессирующая мышечная дистрофия Дюшенна/Беккера
- Хроническая интоксикация фосфором и его соединениями
- Хроническая интоксикация свинцом
- Атопический дерматит у детей
- Псориаз
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кахексией, астенией
- Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
- Послеожоговые рубцовые стриктуры пищевода
- Хронический гастрит
- Целиакия у детей
- Цирроз печени у взрослых
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Нейрогенная дисфункция мочевого пузыря
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Анемия беременных
- Рак желудка
- Рак пищевода
- Рак мочевого пузыря
- Гепатоцеллюлярная карцинома
- Рак шейки матки
- Рак предстательной железы
- Злокачественные новообразования щитовидной железы
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
- Злокачественные опухоли гортаноглотки
- Злокачественные новообразования слюнных желез
- Рак вульвы
- Злокачественные новообразования гортани
- Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
- Злокачественные новообразования ротоглотки
- Злокачественные новообразования носоглотки
- Злокачественные новообразования полости рта
- Опухоли средостения
- Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
- Злокачественные неоплазии тела матки
- Пограничные и злокачественные опухоли кости
- Саркомы мягких тканей
- Рак губы
- Рак легкого
- Спинальные мышечные атрофии у детей
Қарсы көрсеткіштері
Тромбоэмболия, эритремия, эритроцитоз, Лебер ауруы, никотинді амблиопия (көру жүйкесінің нейродегенеративті зақымдануы қаупін күшейтеді), III функциональдік класстағы (ФК) кернеу стенокардиясы, қатерсіз және қатерлі жаңатүзілімдер (мегалобласттық анемия және В12 дәрумені тапшылығымен қатар жүретін жағдайларды қоспағанда).
Қауіпсіздік шаралары
Лейко- және эритроцитоз дамуына бейімділікте препарат дозасын азайту немесе уақытша препаратпен емдеуді тоқтату керек. Тромб түзілуіне бейім, стенокардиясы (дозасын инъекциясына 100 мкг-ден асырмай азайту керек) бар тұлғаларда сақтық шараларын сақтау керек. Қан ұйығыштығын жоғарылататын дәрілік заттармен біріктіруге болмайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Аскорбин қышқылы, ауыр металлдар тұздары (цианокобаламин инактивациясы), тиамин бромиді, пиридоксин, рибофлавин - фармацевтикалық үйлесімсіз. Аминогликозидтер, полимиксин, тетрациклиндер, салицилаттар, эпилепсияға қарсы дәрілік заттар, колхицин, калий препараттары - цианокобаламин сіңірілуінің төмендеуі. Цианокобаламин тиаминнен туындаған аллергиялық реакцияларды күшейтеді. Хлорамфеникол - B12 дәрумені әсерінің төмендеуі. Қан ұйығыштығын жоғарылататын дәрілік заттар - қарсы көрсетілген.Цитамен - цитамен әсерінің төмендеуі. Пероральді контрацептивтер - қандағы цианокобаламин концентрациясының төмендеуі. Антиметаболиттер және көптеген антибиотиктер - цианокобаламиннің микробиологиялық зерттеулер нәтижесінің өзгеруі.Протонды помпа тежегіштері, гистаминнің H2-антагонистері, колхицин, неомицин және аминосалицил қышқылы - B12 дәрумені сіңірілуінің баяулауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозаны төмендету және сарысудағы В12 дәруменінің деңгейін тұрақты бақылау ұсынылады.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Қозу жағдайы, бас ауыруы, бас айналуы, кардиалгия, тахикардия, есекжем, бөртпе, қышыну, анафилактикалық шок, Квинке ісінуі, инъекция енгізген жердің некрозы және тығыздалуы, диарея, жүрек айнуы, енгізген жердің ауыруы, безеу, буллезді бөртпе, экзема, ісінулер, тершеңдік, әлсіздік, қызба, несептің қызыл түске боялуы (В12 дәруменінің экскрециясы есебінен); жоғары дозаларды қолданғанда - гиперкоагуляция, пуриндік алмасудың бұзылуы. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
6 жастан бастап балаларға. Ішке. В12 дәрумені тапшылығы: тәуліктік доза 1,0 мг дейін.Цианокобаламиннің инъекциялық түрі балаларға тағайындалмайды! В12 дәрумені тапшылығы: ішке, 1-3 қабылдауға күн сайын 50-105 мкг.6 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.