A03BA01 Атропин сульфаты (Atropine sulphate)
Қолдану көрсеткіштері
Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы, ішек спазмы, жедел панкреатит, пилороспазм, өт тас ауруы, холецистит, бронх демікпесі, брадикардия, бездер секрециясының төмендеуі (сілекей, асқазан, бронх, кейде – тер), асқазан- ішек жолына рентгенологиялық зерттеулер жүргізу. Наркозға және операцияға дейін және хирургиялық операция кезінде бронх- және ларингоспазмды болдырмайтын, бездердің секрециясын, рефлекторлы реакцияларды және жанама әсерлерді төмендететін зат ретінде.Сонымен қатар Атропин сульфаты – холиномиметикалық қосылыстармен және антихолинэстеразды (соның ішінде фосфорорганикалық) заттармен улану кезінде арнайы антидот болып табылады.
-
Клинические протоколы:
- Эхинококкоз у взрослых (эхинококкоз органов брюшной полости)
- Альвеококкоз печени
- Апластическая анемия у детей
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Миастения
- Синдром Гийена-Барре
- Двусторонняя нейросенсорная тугоухость (педиатрия)
- Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
- Желудочковые нарушения ритма сердца и профилактика внезапной сердечной смерти
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Кардиогенный отек легких
- Миокардиты
- Нарушения проводимости сердца (АВ-блокада)
- Токсическое действие веществ, преимущественно немедицинского значения (взрослые и дети)
- Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
- Перипортальная кардиомиопатия
- Стеноз трикуспидального клапана
- Хронические ревматические болезни сердца у детей
- Стеноз гортани
- Стеноз гортани у детей
- Стеноз трахеи
- Лекарственная гиперчувствительность с различными клиническими проявлениями
- Абсцесс печени
- Дивертикул пищевода
- Кишечный свищ
- Хронический панкреатит у детей
- Хронический холецистит
- Нейрогенная дисфункция мочевого пузыря
- Афакия
- Врожденные аномалии полового члена у детей
- Врожденные пороки развития легких у новорожденных
- Крипторхизм у детей
- Внезапная смерть
- Синкопальные состояния
- Инородное тело пищевода
- Острый холецистит
- Хронический калькулезный холецистит
Қарсы көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, жабық бұрышты глаукома, тахиаритмиялар, ауыр іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, митралды стеноз, рефлюкс-эзофагит, диафрагманың өңешті тесігінің жарығы, қалтқы стенозы, ішек атониясы, ішектің обструкциялық аурулары, салданған илеус, уытты мегаколон, спецификалық емес ойық жаралы колит, ксеростомия (сілекей бөлінуінің төмендеуі), миастения, несептің ұсталуы немесе оған бейімділік, немесе несеп шығару жолдарының обструкциясына байланысты аурулар, Даун ауруы.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратты айқын гипертермиясы, ашық бұрышты глаукомасы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензиясы, созылмалы өкпе аурулары, жедел қан кетуі, гипертиреозы бар, егде жастағы науқастарға аса сақтықпен тағайындайды. Емделу барысында автокөлік жүргізу кезінде және басқа да жоғары зейінді және шапшаң психомоторлы реакцияны талап ететін қауіпті әрекетттер жасау барысында сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Үшциклді антидепрессанттарды қоса, антихолинергиялық әсері бар препараттар, антигистаминді препараттар, нейролептиктер, бензтропин, орфенадин ауыз қуысының құрғауы, көрудің нашарлауы, несептің кідірісі және іштің қатуы сияқты антихолинергиялық жағымсыз әсерлерді күшейтеді.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі туралы қысқаша сипаттама келтірілген. Қосымша ақпарат және дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына немесе өзара әрекеттесулер туралы ақпарат көздеріне жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Ауыздың, мұрын және/ немесе терінің құрғауы, тер бөлінуінің төмендеуі, мидриаз, аккомодацияның салдануы, тахикардия, ішек және зәр шығару жолдарының атониясы, іш қатуы, бас ауыруы, бас айналу, психикалық және қозғалыстық қозу,естің төмендеуі, аллергиялық реакциялар, ортостатикалық гипотензия, көз қысымының жоғарылауы, зәр шығарудың бөгелуі, несеп кідірісі, ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, тактильді сезімнің бұзылуы, галлюцинациялар.
Балаларда қолданылуы
Балаларға дене салмағының 1 кг бір реттік дозада: жаңадан туылған және емшектегі балалар– 0,018 мг/кг; 1 жастан 5 жасқа дейінгі– 0,016 мг/кг; 6 жастан 10 жасқа дейінгі– 0,014 мг/кг; 11 жастан 14 жас аралығы – 0,012 мг/кг. Балалардың церебральды сал ауруында қарсы көрсетілген.