B03AD03 Темір сульфаты және Фолий қышқылы (Ferrous sulfate)
Қолдану көрсеткіштері
Темір және фолий тапшылығы анемиясын емдеу және алдын алуда; жүктілік және лактация кезеңінде әйелдердегі темірдің жасырын тапшылығы және/немесе бір мезгілдегі фолий қышқылы тапшылығында.
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық, темірмен қанығу, атап айтқанда рефрактерлік анемия сияқты нормо- немесе талассемия, гиперсидеремиялық анемия; гемолиздік анемия; гемосидероз; гемохроматоз; апластикалық анемия; В12 дәруменінің тапшылығымен байланысты мегалобластық анемия.
Қауіпсіздік шаралары
• Темір тұздарын осы азық-түлік өнімдерімен бір мезгілде қабылдамаңыз, темірдің сіңірілуін айтарлықтай басады: фитин қышқылдары (тұтас дәнді жармалар), бұршақ, полифенолдар (шай, кофе, қызыл шарап), кальций (сүт, сүт өнімдері) және белгілі бір ақуыздар (жұмыртқа). Мүмкіндігінше 2 сағаттан артық аралық қалдырыңыз.Назар аударыңыз! Темірмен емдеу анемия себептерін мүмкіндігінше емдеумен біріктірілуі тиіс. • Тыныс алу жолдарына темір сульфаты бар таблеткалардың түсуі жөтелге, қан түкіруге, бронхтық стенозға және/немесе өкпе инфекциясына (тіпті таблеткалар симптомдар пайда болғанға дейін бірнеше күн немесе ай бұрын қолданылған болса да) әкелуі мүмкін бронхтың шырышты қабығы некрозын тудыруы мүмкін. Бронхтық стенозға күдік болған жағдайда, пациент дереу дәрігерге қаралуы тиіс және пульмонологтың кеңесін алуды жоспарлауы тиіс.• Егде жастағы пациенттер мен жұтынуы қиын пациенттер әрбір пациентке тән аспирация қаупін мұқият бағалағаннан кейін темір сульфаты бар таблеткаларды қолдана алады. Альтернативті дәрілік түрлер қарастырылуы тиіс.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Темір (тұздар) (парентеральді енгізу үшін)- естен тану, шок тудыру мүмкін.• Ацетогидроксам қышқылы-екі дәрілік препараттың асқазан-ішектен сіңірілуін азайтады.• Бисфосфонаттар, циклиндер (пероральді), фторхинолондар, пеницилламин, қалқанша без гормондары, цинк, стронций, дофамин туындылары (метилдопа, леводопа, карбидопа) - аталған препараттар асқазан-ішек сіңірілуінің төмендетеді. Препараттарды қабылдаудың интервалы 2 сағаттан артық болуы керек. • Энтакапон- екі препараттың да асқазан-ішектен сіңірілуін азайтады. Препараттарды қабылдаудың интервалы 2 сағаттан артық болуы керек. • Магний, алюминий және кальций тұздары, оксидтер және гидроксидтер, холестирамин, кальций - темірдің асқазан-ішек жолында сіңуінің төмендеуі. Темір тұздарын тамақпен және осы препараттармен бір мезгілде қабылдамаңыз.• Фенобарбитал, примидон, фенитоин, фосфенитоин - плазмадағы тырысуға қарсы препараттың концентрациясының төмендеуі.• Метотрексат, сульфасалазин-фолий қышқылының антагонистері болып табылады.
Жүктілік
Клиникалық тұрғыдан қажет болса, жүктілік кезінде қолдануға болады.
Емізу
Емшек сүтімен бөлінеді, бірақ сәби үшін ешқандай әсер жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: іш қатуы, диарея, іш кебуі, іш ауыруы, нәжіс түсінің өзгеруі, жүрек айнуы.Жиі емес: көмейдің ісінуі, нәжістің бұзылуы, диспепсия, құсу, гастрит, қышыну, эритематоздық бөртпе.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.