B02BX05 Элтромбопаг (Eltrombopag)
Қолдану көрсеткіштері
Кортикостероидтарға және иммуноглобулиндерге рефрактерлік болғанда, созылмалы иммундық (идиопатиялық) тромбоцитопениялық пурпурасы бар 1 жастағы және одан үлкен пациенттердегі тромбоцитопенияны емдеуде;тромбоцитопения дәрежесі интерферондармен ұтымды ем жүргізілуін кедергілейтін немесе шектейтін негізгі фактор болып табылатын созылмалы вирустық С гепатиті бар ересек пациенттердегі тромбоцитопенияны емдеуде; алдыңғы иммуносупрессиялық ем әсер етпеген немесе қарқынды ем алған және қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялау үшін жарамсыз ересек пациенттердегі жүре пайда болған ауыр апластикалық анемияны (ААА) емдеуде.
-
Клинические протоколы:
- Иммунная тромбоцитопения и беременность
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Иммунная тромбоцитопения у детей
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың активті немесе кез келген өзге компонентіне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
С гепатиті бар ИТП және бауырдың созылмалы үдемелі ауруы бар пациенттерде болатын бауырдың өлімге әкелуі мүмкін декомпенсациясы және тромбоэмболиялық асқынуларын қоса, жағымсыз әсерлердің жоғары қаупі бар, бұл интерферон негізіндегі еммен элтромбопагпен біріктірілген ем жүргізгенде альбуминнің төмен деңгейімен ≤ 35 грл немесе бауыр ауруының соңғы сатысының моделі ≥ 10 анықталады. Бұндай пациенттерге элтромбопагпен емді тек үдемелі сатысындағы С гепатитін емдеу тәжірибесі бар дәрігер және тек егер тромбоцитопения қаупі немесе вирусқа қарсы емді ауыстыру бұны барынша қажет етсе ғана тағайындау керек. Ем тағайындағанда пациенттерге медициналық мұқият бақылау қойылуы тиіс.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
НMG-кофермент А тежегіштері (розувастатин, правастатин, симвастатин, ловастатин, аторвастатин және флувастатин) - бірге қабылдаған жағдайда статиндердің плазмалық құрамын арттырады;Циклоспорин -элтромбопаг экспозициясының төмендеуі емдеу кезінде элтромбопаг дозасын түзетуге пациенттің тромбоциттер саны негізінде рұқсат етіледі.Элтромбопагты циклоспоринмен қатар қолданған жағдайда тромбоциттер санын кем дегенде 2‒3 апта бойы әр апта сайын бақылау қажет. Тромбоциттер санын осындай есептеулер негізінде элтромбопагтың дозасын арттыру қажет болуы мүмкін. Поливалентті катиондар (хелатты кешендер түзілуі) - элтромбопаг темір, кальций, магний, алюминий, селен және мырыштың көп валентті катиондарымен хелатты кешендер түзеді;Лопинавир/ритонавир препаратын лопинавир/ритонавирмен бірге қолдану элтромбопаг концентрациясының төмендеуін туындатады;Рифампицин - қандағы элтромбопаг концентрациясын төмендетеді.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолданған жөн.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ұсынылмайды.
Жүктілік
Ұсынылмайды.
Емізу
Ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: назофарингит, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары;Жиі: ринит, парестезиялар, көздің құрғауы, жөтел, орофарингеальді ауыру, ринорея, жүрек айнуы, диарея, ауыз қуысының ойық жаралануы, тістің ауыруы, педиатриялық ИТП кезінде өте жиі, аспартатаминотрансфераза (АСТ),аланинаминотрасфераза (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы, гипербилирубинемия, бауыр функциясының бұзылуы. АЛТ және АСТ деңгейінің жоғарылауы бір мезгілде болуы мүмкін, кейде сирек жиілігімен бөртпе, алопеция, миалгия, бұлшықеттің түйілуі, қаңқа-бұлшықеттің ауыруы, сүйектердің ауыруы, арқаның ауыруы, меноррагия, гипертермия;Жиі емес: фарингит, несеп шығару жолдарының инфекциялары, тұмау, ерін герпесі, пневмония, синусит, тонзиллит, тыныс жолдарының инфекциялары, гингивит, тері инфекциялары, ректосигмоидальді обыр,анемия, анизоцитоз, эозинофилия, гемолитикалық анемия, лейкоцитоз, миелоцитоз, тромбоцитопения, гемоглобин деңгейінің көтерілуі, нейтрофилия, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, миелоциттердің пайда болуы, тромбоцитоз, лейкопения, аса жоғары сезімталдық реакциялары, анорексия, гипокалиемия, тәбет төмендеуі, подагра, гипокальциемия, қанда несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, ұйқының бұзылуы, депрессия, апатия, көңіл-күйдің өзгеруі, жылауықтық, гипостезия, ұйқышылдық, бас сақинасы, тремор, теңгерімсіздік, дизестезия, гемипарез, аурамен қатарласқан бас сақинасы, шеткері нейропатия, шеткері сенсорлы нейропатия, ұйқының бұзылуы, сөйлеу мәнерінің бұзылысы, уытты нейропатия, шығу тегі қантамырлық бас ауыру, анық көрмеу, көз бұршағының бұлыңғыр тартуы, астигматизм, кортикальді катаракта, конъюнктивалық геморрагиялар, көздің ауыруы, көз жасының көп ағуы, көз торқабығына қан кету, көз торқабығының пигментациясы, көру өткірлігінің төмендеуі, көру бұзылысы, көру өткірлігі көрсеткішінің бұзылуы, блефарит, құрғақ кератоконъюнктивит, құлақтың ауыруы, бас айналу.
Балаларда қолданылуы
Иммуноглобулин мен кортикостероидтарға рефрактірлігінде, созылмалы иммундық (идиопатиялық) тромбоцитопениялық пурпура: 1 ден 5 жасқа дейінгі балалар бастапқы доза 25мг күніне 1 рет; 6 ден 17 жасқа дейінгі балалар бастапқы доза 50 мг күніне 1 рет; 6 ден 17 жасқа дейінгі балалар (азиялық нәсілді пациенттер) бастапқы доза 25 мг күніне 1 рет;