B02BD08 Қан ұюының VII a факторы¹ (Coagulation factor VII a)

Қолдану көрсеткіштері

Гланцман тромбастениясы немесе VII фактор тапшылығы, жүре пайда болған гемофилиясы, VIII немесе IX факторлар тежегіштерінің титрімен А немесе В гемофилиясы бар пациенттердегі қан кетудің алдын алу немесе емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Трансплантация печени
  2. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  3. Наследственный дефицит факторов VIII или IX (Гемофилия)
  4. Трансплантация сердечно-легочного комплекса
  5. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  6. Стеноз аортального клапана
  7. Стеноз митрального клапана
  8. Трансплантация сердца
  9. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  10. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
  11. Тупая травма живота, открытые повреждения живота
  12. Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
  13. Церебральный венозный тромбоз

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді компонентіне және қосымша заттарына, сондай-ақ тышқандар мен аламандардың, сиырлардың ақуыздарына жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Мылжаланған жараларда, жайылған атеросклерозда, тромбоздық асқынуларда, сепсисте, тіндік факторлардың босап шығуының жоғарылауы және тромбоздық асқынулардың ықтимал даму қаупімен байланысты жақында өткерген хирургиялық операцияда немесе қантамыр ішілік қан ұюының диссеминирленген синдромы кезінде сақтықпен қолдану. Қан ұюдың VII факторы тапшылығы бар науқастарда препаратты енгізгенге дейін және кейін протромбиндік уақытты және қан ұюдың VII факторы белсенділігін бақылау қажет. Егер қан ұюдың VIIа факторы белсенділігі күтілетін деңгейге жетпесе немесе қан кету жалғасатын болса, препаратты ұсынылған дозада қолдануға қарамастан, антиденелердің түзілуін болжауға болады. Мұндай жағдайда қан ұюының VII факторы антиденелердің болуына талдау жасау.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Протромбиндік кешен концентраттары (белсендірілген немесе белсендірілмеген) - бір мезгілді қолданбау! Басқа инфузиялық ерітінділермен және препараттармен араластыру ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қабылдау қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: емдік әсердің төмендеуі, гипертермия, терең көктамырлар тромбозы, препаратты енгізген орындағы көктамыр тромбозы, өкпе тромбоэмболиясы, бауырдың тромбоэмболия жағдайы, соның ішінде қақпа көктамырлар тромбозы, бауыр көктамырларының тромбозы, тромбофлебит, көктамырлардың беткейлік тромбофлебиті және ішек ишемиясы, тері бөртпесі, тері қышынуы және есекжем.Сирек: диссеминирленген тамыр ішілік қан ұю, коагулопатия, жүрек айнуы, енгізген орындағы реакциялар, енгізген орындағы ауыруды қоса, аса жоғары сезімталдық, фибрин деградация өнімдері құрамының жоғарылауы, аланинаминотрансфераза, сілтілік фосфатаза, лактатдегидрогеназа және протромбин концентрациясы белсенділігінің жоғарылауы, бас ауыруы, миокард инфарктісі, бас миы инфарктісі, бас миы ишемиясы, ми артерияларының окклюзиясы, цереброваскулярлы патология, бауыр артерияларының тромбозы, шеткергі қантамырлар ишемиясы, шеткергі артериялар тромбозы және ішек ишемиясы, стенокардия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Қазіргі уақытта клиникалық тәжірибе балалар үшін дифференциацияланған дозалау режимін ұсынуға мүмкіндік бермейді. Балалардағы клиренстің жоғары екені белгілі, сондықтан педиатриялық тәжірибеде ересек пациенттер плазмасындағы концентрацияға ұқсас плазмадағы препарат концентрациясына жету үшін қан ұюы факторының rFVIIа жоғарырақ дозаларын пайдалану қажеттілігі туындауы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді