B02BD04 Қан ұюының IX факторы¹ (Coagulation factor IX)

Қолдану көрсеткіштері

В гемофилиясы бар пациенттердегі қан кетудің емі және алдын алу (қан ұюының IX факторының туа біткен тапшылығы).
    Клинические протоколы:
  1. Наследственный дефицит факторов VIII или IX (Гемофилия)
  2. Стеноз гортани у детей
  3. Церебральный венозный тромбоз

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Қан ұюының IX факторына немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, анамнезінде тышқан ақуызына аллергиялық реакцияның болуы, тромбоздар немесе диссеминирленген тамырішілік ұю синдромы дамуының жоғары қаупі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Жоғары сезімталдық реакциясы пайда болуы мүмкін. IX фактор туындыларының препараттарын қабылдап жүрген пациенттерде тиісінше вакцинация (А және В гепатиттеріне қарсы вакциналар) жүргізу ұсынылады.  Бейтараптандыратын антиденелердің (тежегіштердің) болуын бақылау керек. IX факторын келесіде енгізу IX фактар тежегіштері бар пациенттерде анафилаксия даму қаупін тудыруы мүмкін.  Тромбоздық көріністер немесе ДҚҰ- синдромы даму қаупі бар пациенттерге операциядан кейін енгізгенде,  тромбоздық асқынулар қаупіне байланысты, ұю көрсеткіштерін бақылау. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен үйлесімсіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жедел түрінде қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр ауруы бар пациенттерге ұю көрсеткіштерін бақылаумен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылыстар:өте сирек: анамнезінде IX фактор тежегіштерімен В гемофилиясы және аллергиялық реакциялары бар пациенттерде иммунологиялық төзімділікті индукциялауға әрекет жасағаннан кейін нефротикалық синдром өте сирек тіркелген.Тамырлар тарапынан бұзылыстар:өте сирек: миокард инфарктісі, диссеминирленген тамырішілік ұю, көктамырлық тромбоздардың және өкпе артериясы тромбоэмболиясының түзілуі, IX фактор препараттарын енгізгеннен кейін тромбоэмболиялық асқынулар дамуының ықтимал қаупі бар.  Иммундық жүйе тарапынан бұзылыстар:сирек: жоғары сезімталдық немесе аллергиялық реакциялар (ангионевротикалық ісіну, инъекция/инфузия жасаған жердің шаншытуы және қышыну сезімі, флебит,  қызару, жайылған есекжем, бас ауыруы, гипотензия, ұйқышылдық, жүрек айну, мазасыздық сезімі, тахикардия, кеуденің қысылуы, шымылдату, құсу, ентігуді қоса). Жекелеген жағдайларда бұл реакциялар ауыр анафилаксияға дейін үдеп, IX фактор тежегіштерінің дамуымен тікелей уақытша байланыста байқалған.Маңызды!  Мұнда жағымсыз әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Жаңадан туылған балаларға және сәбилерге  ұю көрсеткіштерін бақылау арқылы қолдану керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді