B02BA01 Фитоменадион (Phytomenadione)
Қолдану көрсеткіштері
Қанда протромбин немесе қан ұюының VII факторы мөлшерінің төмендеуімен геморрагиялық синдром. Қанда протромбин немесе қан ұюының VII факторының төмен деңгейімен байланысты, геморрагияларға бейім пациенттерді алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Ведение родов
- Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
- Кесарево сечение
- Ожоги у детей
- Отморожение у детей
- Гипоксически-ишемическая энцефалопатия
Қарсы көрсеткіштері
Фитоменадионге жоғары сезімталдық; қан ұюының жоғарылауы, тромбоздарға және тромбоэмболияға бейімділік, жаңа туылған балаларда гемолитикалық ауру, глюкозо-6-фосфат дегидрогеназа және глутатионредуктаза тапшылығы; холестатикалық сарғаю.
Қауіпсіздік шаралары
Жарықта ыдырайды. Емдеуге дейін немесе емдеу кезінде гемокоагуляция көрсеткіштерін бақылау керек (протромбиндік индекс, қанның ұю факторларының концентрацияларын, тромбоциттер санын). Фитоменадион ақуыз алмасуының жеткіліксіздігі кезіндегі протромбин тапшылығымен және гепариннен туындаған, гемофилия және Верльгоф ауруы кезіндегі қан кетулерді тоқтатпайтындығын ескеру керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Тікелей емес антикоагулянттар - берілген топ әсерлерінің шеттетілуі.Колестирамин - АІЖ фитоменадион абсорбциясының төмендеуі.Кумарин туындылары - протромбинді уақыттың ұзаруы.
Бауыр жеткіліксіздігі
Тек ішу арқылы қабылданатын түрлері қолданылады.
Жүктілік
Күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болғанда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Қарсы көрсетілген.Үйлесімді.
Жағымсыз әсерлері
Гиперкоагуляция, АҚ қысқа уақытқа төмендеуі, тахикардия; қызба сезімі және қызару, тері бөртпесі, қышыну, анафилактикалық шок; енгізген жердің ауыруы мен ісінуі; парентеральді қайталап енгізгенде – инфильтрат, қышыну, склеродермияға тән тері өзгерістері; гипербилирубинемия (балаларда), дәм сезудің өзгеруі, жоғары тершеңдік, диспноэ, цианоз.
Балаларда қолданылуы
Жаңадан туылған балаларға педиатриялық доза 2 мг/0,2 мл қолданылады. Жаңадан туылған балалар: геморрагиялық аурулардың алдын алу – б/і, 0.5-1 мг бір рет туылғаннан кейін бір сағат аралығында; емдеу үшін күніне 1 мг б/і 3-4 күн аралығында (анасында тікелей емес антикоагулянттар қолданылған жағдайда ұлғайтылған дозаларда). Гестация кезеңі 36 аптадан төмен және дене салмағы 2,5 кг немесе одан жоғары шала туылған балалар: 1 мг б/і бір рет туылғаннан кейін бір сағат аралығында. Гестация кезеңі жүктіліктің 36 аптасынан төмен және дене салмағы 2,5 кг төмен шала туылған балалар: дене салмағына байланысты 0,4 мг/кг б/і бір рет туылғаннан кейін бір сағат аралығында қабылдау. Келесі дозалар мөлшері мен жиілігі коагулограмма жағдайына негізделуі тиіс.