B01A05 Натрий фондапаринуксы¹ (Fondaparinux natricum)
Қолдану көрсеткіштері
Пациенттерде аяққа «үлкен» ортопедиялық операциялар кезінде көктамырлық тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу. Құрсақ қуысына операциялар жасалатын және тромбоэмболиялық асқынулар қаупі бар пациенттерде көктамырлық тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу (онкологиялық пациенттерде). Аурудың жедел ағымы кезеңіндегі пациенттерде көктамырлық тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алуға (жүрек жеткіліксіздігі, жедел респираторлық аурулар, этиологиясы инфекциялық және қабынулық аурулары). Өліммен аяқталуды, миокард инфарктісінің қайталануын немесе рефракторлық ишемияның дамуын болдырмау мақсатында шұғыл (< 120 мин.) инвазивтік араласу қажет емес, ересек пациенттерде тұрақсыз стенокардияны немесе ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфарктісін емдеу. Тромболитикалық терапия алатын пациенттерде немесе бастапқыда реперфузиялық терапия алмаған пациенттерде миокард инфарктісінің қайталануын, аурудың өліммен аяқталуын болдырмау мақсатында ST сегменті көтерілген миокард инфарктісін емдеу. Аяқтың беткейлік көктамырларының жедел тромбозын емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Кардиогенный отек легких
- Миокардиты
- Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
- Перипортальная кардиомиопатия
- Тромбоэмболия легочной артерии
- Эмболия и тромбоз аорты и артерий
- Болезнь Крона
- Язвенный колит
- Тромбоэмболические осложнения в акушерстве
- Кардиогенный шок
Қарсы көрсеткіштері
Натрий фондапаринуксына немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық, белсенді, клиникалық маңызды қан кету, жедел бактериялық эндокардит.
Қауіпсіздік шаралары
Бұлшықетке салуға болмайды! Препаратты қан кету қаупі жоғары (тромбоциттер саны < 50000/ мм³), қан ұю жүйесінің туа біткен және жүре пайда болған бұзылыстары, белсенді фазада онкологиялық және ойықжаралы гастроинтестиналдық патологиялары бар, жуырда бассүйек ішіне қан құйылған немесе миға және жұлынға және офтальмология саласындағы операциялық араласулар кезінде пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет. Препаратты қан кету қаупін арттыратын препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды. Басқа препараттармен қоса тағайындаған кезде қан көрінісіне тұрақты түрде мониторинг жүргізу қажет. К дәруменінің антагонистімен бірге тағайындау қажеттігі туындаған жағдайда, қандағы халықаралық қалыптастырылған қатынастың (ХҚҚ) мақсатты деңгейіне жеткенше қолданылады. Тұрақсыз стенокардия және ST сегменті көтерілмеген миокард инфарктісі кезінде, ST сегментінің көтерілуімен миокард инфарктісі бар пациенттерде ТКА (тері арқылы коронарлық араласу) алдында және оны жүргізу кезінде тікелей пайдалану ұсынылмайды. Фондапаринуксты дене салмағы 50 кг төмен пациенттерде беткейлік көктамырлар тромбозын емдеу үшін қолдану ұсынылмайды. Фондапаринуксты анамнезінде гепаринмен индуциирленген тромбоцитопениясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану қажет. Бүйрек арқылы шығарылу жылдамдығының бәсеңдеуіне байланысты, егде жастағы және дене салмағы 50 кг төмен пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі 50 мл/ мин төмен пациенттер қан кетулер және көктамырлық тромбоэмболиялық асқынулар қаупіне бейімдірек, осындай пациенттерді сақтықпен емдеу керек. Креатинин клиренсі 20 мл/ мин төмен пациенттерге қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Геморрагиялық асқынулар (бассүйек ішіне/миға қан құйылулардың және ішперде қуысына қан кетулердің сирек жағдайларын қоса, әртүрлі жерлерден қан кетулер) және анемия.
Балаларда қолданылуы
17 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген (берілген топ пациенттеріне клиникалық зерттеулер жүргізілмеген).