B01A01 Ривароксабан¹ (Rivaroxaban)

Қолдану көрсеткіштері

Аяқтардағы ауқымды ортопедиялық оперативті араласулар жүргізілетін пациенттердегі көктамырлық тромбоэмболияның алдын алу.Клапанды емес жүрекшелер фибрилляциясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, бұрын өткерілген инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуыл, ≥ 75 жас, немесе қант диабеті бар пациенттердегі инсульт пен жүйелі эмболияның алдын алу, жедел коронарлық синдромға байланысты пайда болған атеротромбоздың алдын алу үшін.
    Клинические протоколы:
  1. Тромбоэмболические осложнения в акушерстве
  2. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  3. Венозные тромбозы и тромбофлебиты, посттромбофлебитический синдром
  4. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  5. Миокардиты
  6. Недостаточность аортального клапана
  7. Недостаточность митрального клапана
  8. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  9. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  10. Стеноз аортального клапана
  11. Стеноз митрального клапана
  12. Тромбоэмболия легочной артерии
  13. Фибрилляция и трепетание предсердий
  14. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  15. Болезнь Крона
  16. Язвенный колит
  17. Церебральный венозный тромбоз

Қарсы көрсеткіштері

Ривароксабанға немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық, клиникалық көріністерімен жедел қан кету (мысалы, бассүйекішілік қан кету, асқазан-ішектен қан кету).

Қауіпсіздік шаралары

Азол тобының зеңге қарсы препараттарымен (мысалы, кетоконазолмен) немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен (мысалы, ритонавирмен) жүйелі емдеу қабылдап жүрген пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Азолды зеңге қарсы флуконазол препараты ривароксабан экспозициясына айқындылығы төмен әсер етеді және онымен бір мезгілде қолдануға болады. Қан кету қаупі жоғары пациенттерді емдеу кезінде сақтықпен қолдану, сонымен қатар, егер мыналар болса: туа біткен немесе жүре пайда болған қан кетуге бейімділік, бақыланбайтын ауыр артериялық гипертония, белсенді фазадағы асқазан-ішек жолдарының ойық жара ауруы, жақында өткерген асқазан-ішек жолдарының ойық жарасы, қантамырлық ретинопатия, жақында өткерген бассүйекішілік немесе миішілік қан құйылу, бас миының, жұлынның қантамырлық аурулары, жақында өткерген бас миына, жұлынға немесе көзге жасалған операция, бронхоэктаздар немесе анамнезінде өкпелік қан кетуі бар және гемостазға әсер ететін, мысалы, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді, тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін немесе басқа да антитромбоздық заттарды қабылдап жүрген пациенттер.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Кетоконазол, итраконазол, вориконазол және позаконазол сияқты азолды зеңге қарсы препараттармен, немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен жүйелік ем қабылдап жүрген пациенттерге - ұсынылмайды.СЕҚҚП (ацетилсалицил қышқылын қоса) және тромбоциттер агрегациясының тежегіштері - қан кету қаупі, сақтықпен қолдану.CYP3A4 күшті индукторлары (мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал немесе шілтер жапырақты шәйқурай) - плазмадағы ривароксабан концентрациясының төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі бойынша анықталатын, бүйрек қызметінің кері пропорционалды төмендеуі, ривароксабан әсер ету деңгейінің ұлғаюы байқалады. Жеңіл немесе орташа ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға дозасын түзету талап етілмейді. Ауыр түрдегі бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген (креатинин клиренсі 5 мл/мин төмен болғанда).

Бауыр жеткіліксіздігі

Клиникалық мәнді қан кету даму қаупімен байланысты, коагулопатиямен жүретін бауыр аурулары кезінде қарсы көрсетілген. Бауыр тарапынан орташа бұзылыстары бар пациенттерде препараттың фармакологиялық белсенділігінің едәуір күшеюін көрсетеді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Анемия, көзге қан құйылу, асқазан-ішек жолдары аймағының ауыруы, диспепсия, жүрек айнуы, іш қатуы, диарея, құсу, қызыл иектің қанағыштығы, асқазан-ішектен қан кету (ректальді қан кетуді қоса), қызба, шеткергі ісінулер, жалпы өзін-өзі сезінудің нашарлауы (әлсіздік және астенияны қоса), жүргізілген емшаралардан кейінгі қан құйылу (сонымен қатар операциядан кейінгі анемия және жарадан қан кету), қанталау.Маңызды! Мұнда жанама реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.