B01A07 Дабигатран этексилаты (Dabigatran etexilate)
Қолдану көрсеткіштері
75 мг және 110 мг. Ұршық немесе тізе буындарын түгелдей эндопротездеу бойынша жоспарлы операциялардан кейін науқастардағы көктамырлық тромбоэмболиялардың бастапқы профилактикасы.110 мг және 150 мг. Бір немесе бірнеше қауіп факторлары: өткерілген инсульт, транзиторлы ишемиялық шабуыл, ≥ 75 жас, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі бар клапансыз жүрекшелер фибрилляциясына шалдыққан науқастарда инсульт пен жүйелі тромбоэмболияның алдын алу. Терең көктамырлар тромбозы мен өкпе артериясы тромбоэмболиясын емдеу және қайталанған жағдайлардың алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Транзиторная ишемическая атака
- Венозные тромбозы и тромбофлебиты, посттромбофлебитический синдром
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Недостаточность аортального клапана
- Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
- Стеноз аортального клапана
- Стеноз митрального клапана
- Тромбоэмболия легочной артерии
- Фибрилляция и трепетание предсердий
- Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
- Болезнь Крона
- Язвенный колит
- Тромбоэмболические осложнения в акушерстве
- Церебральный венозный тромбоз
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттерінің біріне асқын сезімталдық; белсенді клиникалық маңызды қан кету; геморрагиялық синдром; клиникалық маңызды қан кету нәтижесінде ішкі мүшелердің зақымдануы; жұлын-ми өзегіне немесе эпидуральді кеңістікте катетер қойғанда және оны алып тастаған соң алғашқы сағат ішінде; пациентте протезделген жүрек клапанының болуы.
Қауіпсіздік шаралары
Қан кету даму қаупіне байланысты операциялық араласулардың салдарынан емдеуді уақытша тоқтату кезінде сақ болу керек, антикоагулянтты емдеуге мониторинг жүргізу ұсынылады. Жарақаттайтын немесе қайталанған пункциялар жағдайларында, сондай-ақ эпидуральді катетер ұзақ уақыт пайдаланылғанда жұлындық немесе эпидуральді гематоманың даму қаупі арта түседі. Дене салмағы 50 кг төмен пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кетоконазол, циклоспорин, итраконазол, дронедарон - бір мезгілде қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН! Антикоагулянттар, антиагреганттар, СЕҚҚП - қан кету қаупінің артуы. Амиодарон, верапамил, хинидин, кетоконазол, дронедарон тикагрелор, кларитромицин - дабигатранның плазмалық концентрациясының артуы, бірге сақтықпен қолдану.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі (КК) 30- 50 мл/мин- сақтықпен қолдану, ұсынылған доза көрсеткіштеріне байланысты препарат нұсқаулығын қараңыз; КК 30 мл/мин төмен- қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметі бұзылыстарында және бауырлық ферменттердің қалыптың жоғарғы шекарасынан 2 және одан да жоғары артуында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген. Қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: гемоглобиннің төмендеуі, бауыр қызметі бұзылысы/ бауырдың функциональды сынамаларының ауытқуы.Жиі емес: асқын сезімталдық, қан кету, гематома, анемия, диарея, жүрек айнуы, құсу.Сирек: тромбоцитопения, бассүйекішілік қан кету, асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы, гастроэзофагит, диспепсия, анафилактикалық реакциялар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.