B01A04 Клопидогрел¹ (Clopidogrel)

Қолдану көрсеткіштері

Атеротромбоздық оқиғалардың профилактикасы: миокард инфарктісінен (бірнеше күннен  кем дегенде 35 күнге дейін), ишемиялық инсульттен (7 күннен кем дегенде 6 айға дейін) зардап шеккен науқастарда немесе шеткері артериялар ауруы бар екені анықталған науқастарда, жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромынан зардап шегіп жүрген  науқастарда: ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромында (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), коронарлық тамырларға тері арқылы араласым барысында коронарлық  стент орнатылатын науқастарда ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктіріп;  ST сегменті көтерілген жедел миокард инфарктісінде дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген және тромболитикалық ем жүргізуге болатын науқастарда АСҚ-мен біріктіріп. Жыпылықтағыш аритмия кезіндегі атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың профилактикасы.
    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Болезнь Фабри
  4. Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
  5. Гемифациальный спазм
  6. Невралгия тройничного нерва
  7. Эндоваскулярное лечение ишемического инсульта в острейшем периоде
  8. Аневризма брюшной аорты
  9. Аневризма сосудов головного мозга
  10. Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
  11. Атеросклероз брюшной аорты и артерий нижних конечностей
  12. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  13. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  14. Кардиогенный отек легких
  15. Облитерирующий тромбоангиит (болезнь Винивартера - Бюргера)
  16. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  17. Реноваскулярная гипертензия
  18. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  19. Стеноз трикуспидального клапана
  20. Фибрилляция и трепетание предсердий
  21. Церебральный атеросклероз
  22. Экстракраниальные заболевания брахиоцефальных артерий
  23. Эмболия и тромбоз аорты и артерий
  24. Криз отторжения почечного трансплантата
  25. Хроническая трансплантационная нефропатия
  26. Размозжение и травматическая ампутация на уровне запястья и кисти
  27. Травма кровеносных сосудов
  28. Синдром диабетической стопы
  29. Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық, пептидті ойық жарадан қан кету немесе бассүйекішілік қан құйылу сияқты жедел қан кету, лактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы немесе глюкоза - галактоза мальабсорбциясы.

Қауіпсіздік шаралары

Қан кету қаупімен (әсіресе, асқазан - ішектен және көзішілік) байланысты дәрілік заттарды сақтықпен қолдану керек. Препараттың құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алушылығының бұзылулары, Лапп лактаза тапшылығы және глюкоза-галактозаның мальабсорбция синдромы бар пациенттерге бұл препаратты қолдануға болмайды. Дәрілік препарат құрамында асқазан бұзылысы мен диареяны туғызуы мүмкін гидрогенделген майсана майы бар. Клопидогрелдің фертильділікке ықпал етуі белгісіз. Көлік құралдары мен жұмыс механизмдерін басқару қабілетіне препарат елеусіз әсер етуі мүмкін.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ішуге арналған антикоагулянттар (варфарин) - қан кетуді күшейтуі мүмкін. Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) - тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі. Гепарин - қан кету қаупін жоғарылатады. Тромболитикалық дәрілер (фибринспецификалық және фибринспецификалық емес) - жедел миокард инфарктісін шақыруы ықтимал. СЕҚҚП (напроксен) - асқазан - ішек жолынан жасырын қан жоғалтуды күшейтеді. СҚҰТТ (серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштері) - тромбоциттер белсенуіне ықпал етеді және қан кету қаупін арттырады. CYP2С19 тежейтін препараттар (омепразол мен эзомепразол, флувоксамин, флуоксетин, моклобемид, вориконазол, флуконазол, тиклопидин, карбамазепин және эфевиренз) - клопидогрел белсенді метаболитінің дәрілік концентрациясын төмендетеді. Протонды помпа тежегіштері (ППТ)(омепразол, эзомепразол) - белсенді метаболит экспозициясын төмендетеді. Атенолол немесе  нифедипин, фенобарбитал немесе эстроген, дигоксин немесе теофиллин, фенитоин немесе  толбутамид - фармакодинамикалық белсенділікке әсер етеді. CYP2C8 субстраттары (репаглинид, паклитаксел, диуретиктер, бета - адреноблокаторлар, ААФ тежегіштері,  кальций антагонистері, холестерин деңгейін төмендететін заттар, тәждік вазодилататорлар, диабетке қарсы препараттар (соның ішінде инсулин), құрысуға қарсы заттар, сонымен қатар GPIIb/IIIa - рецептор блокаторлары) - плазмадағы концентрациясының жоғарылау қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Препаратты сақтықпен қолдану керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Препарат сақтықпен қолданылуы тиіс.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: гематома және жарақаттық соғылу, мұрыннан қан кету, асқазан - ішектен қан кету, диарея, іштің ауыруы, диспепсия, пункция орнынан қан кету.Жиі емес: тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия, бассүйекішілік қан құйылу (өліммен аяқталған кейбір жағдайлар хабарланған), бас ауыру, парестезия, бас айналу, көзге қан құйылу (конъюнктивалық, окулярлы, ретинальді), асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит, құсу, жүрек айну, іш қату, метеоризм, бөртпе, қышыну, теріге қан құйылу (пурпура), гематурия, қан кету уақытының ұзаруы, нейтрофилдер санының төмендеуі, тромбоциттер санының азаюы.Сирек: нейтропения, соның ішінде ауыр түрі, вертиго (вестибулярлы бас айналу), ретроперитонеальді қан кету, гинекомастия.Өте сирек: тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), апластикалық анемия, панцитопения, агранулоцитоз, ауыр тромбоцитопения, гранулоцитопения, анемия, А гемофилиясы, сарысулық ауру, анафилактоидты реакциялар, елестеулер, сананың шатасуы, дәм сезудің бұзылуы, ауыр қан кету, операциялық жарақаттан қан кету, васкулит, гипотензия, респираторлық жолдан қан кету (қан түкіру, өкпеден қан кету), бронх түйілуі, интерстициальді пневмонит, эозинофильді пневмония, өліммен аяқталатын асқазан-ішектік және ретроперитонеальді қан кету, панкреатит, колит (соның ішінде ойық жаралы және лимфоцитарлық), стоматит, жедел бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, бауыр функциясы талдауларының патологиялық көрсеткіштері, буллёзді дерматит (уытты эпидермалық некролиз), Стивенс - Джонсон синдромы, көп формалы эритема, жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP), дәрі қабылдаудан болатын ангионевроздық ісіну, жоғары сезімталдық синдромы, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен (DRESS-синдром) қатар жүретін дәрілік бөртпе, эритематозды немесе эксфолиативті бөртпе, есекжем, экзема және жалпақ теміреткі, қаңқа - бұлшықеттен қан кету (гемартроз), артрит, артралгия, миалгия, гломерулонефрит, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қызба.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.