B01A05 Натрий эноксапарині¹ (Enoxaparin)

Қолдану көрсеткіштері

Орташа немесе жоғары қауіпті хирургиялық араласулар кезіндегі көктамыр тромбоэмболиясы ауруларының алдын алу, гемодиализ кезіндегі эктракорпоральді қанайналым жүйесінде қан ұюының алдын алу (әдетте, емшара ұзақтығы 4 сағат немесе одан аз), жедел терапиялық ауру салдарынан төсек режимінде жүрген пациенттерде терең көктамырлар тромбозының алдын алуда, мыналарды қоса: жүрек жеткіліксіздігі, жедел тыныс алу жеткіліксіздігі, көктамырлық тромбоэмболия қауіп факторларының кемінде біреуімен бірлескен жедел ревматизмдік аурулар немесе жедел инфекциялық аурулардың эпизодтары, тромболитикалық дәрімен немесе хирургиялық жолмен емдеу қажет болатын өкпе эмболиясын қоспағанда, ауыр клиникалық симптомдарсыз өтетін өкпе артериясының тромбоэмболиясымен біріккен немесе онсыз анықталған тереңдегі көктамырлар тромбозын емдеу, тұрақсыз стенокардияны және Q тісінсіз жедел миокард инфарктісін ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп емдеу, кейіннен тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) ықтималдығына қарамастан пациенттер үшін тромболитикалық дәрімен біріктірілген ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Акушерский сепсис
  2. Рожа
  3. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  4. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  5. Сибирская язва
  6. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  7. Апластическая анемия у детей
  8. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  9. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  10. Отморожения у взрослых
  11. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  12. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  13. Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
  14. Морбидное ожирение. Метаболический синдром
  15. Аутологичная трансплантация костного мозга
  16. Цереброваскулярные болезни (педиатрия)
  17. Атеросклероз брюшной аорты и артерий нижних конечностей
  18. Варикозное расширение вен нижних конечностей
  19. Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
  20. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  21. Кардиогенный отек легких
  22. Кардиомиопатия у детей
  23. Миокардиты
  24. Облитерирующий тромбоангиит (болезнь Винивартера - Бюргера)
  25. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  26. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  27. Перипортальная кардиомиопатия
  28. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  29. Стеноз аортального клапана
  30. Стеноз митрального клапана
  31. Травма кровеносных сосудов
  32. Тромбоэмболия легочной артерии
  33. Фибрилляция и трепетание предсердий
  34. Хроническая болезнь почек у взрослых
  35. Хроническая болезнь почек у детей
  36. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  37. Хроническая сердечная недостаточность
  38. Эмболия и тромбоз аорты и артерий
  39. Последствия термических и химических ожогов, отморожений, ран
  40. Болезнь Бехчета
  41. Васкулиты, ассоциированные с антинейтрофильными цитоплазматическими антителами. Гранулематоз с полиангиитом (Вегенера). Микроскопический полиангиит.
  42. Ахалазия кардии
  43. Острая мезентериальная ишемия
  44. Перитонит
  45. Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
  46. Цирроз печени у взрослых
  47. Системная красная волчанка
  48. Узелковый полиартериит у детей
  49. Ювенильный дерматомиозит
  50. Ведение детей с пересаженной почкой
  51. Криз отторжения почечного трансплантата
  52. Нефротический синдром
  53. Нефротический синдром у детей
  54. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  55. Трансплантация почки
  56. Хроническая трансплантационная нефропатия
  57. Врожденные аномалии развития половых органов
  58. Иммунная тромбоцитопения и беременность
  59. Кесарево сечение
  60. Кардиогенный шок
  61. Ведение живого донора почки (в послеоперационном периоде)
  62. Абдоминальная травма
  63. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
  64. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
  65. Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
  66. Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
  67. Синдром диабетической стопы
  68. Рак мочевого пузыря
  69. Гепатоцеллюлярная карцинома
  70. Рак шейки матки
  71. Коронавирусная инфекция - COVID-19, 10-я редакция с изменениями от 15.07.2020

Қарсы көрсеткіштері

Эноксапаринге, гепаринге немесе оның туындыларына аса жоғары сезімталдық, анамнезінде ауыр, II типті ауыр гепарин-индукцияланған тромбоцитопенияның (ГИТ) болуы, гемостаз бұзылуымен байланысты қан кету немесе қан кетуге бейімділік, қан кетуге бейімділікпен органикалық зақымдану, миішілік қан кету, ес жоғалтумен немесе жоғалтусыз жедел ауқымды ишемиялық инсульт, жедел инфекциялық эндокардит.

Қауіпсіздік шаралары

Препарат құрамында 15 мг/мл бензил спирті болғандықтан, жаңадан туылған және 3 жасқа дейінгі балаларда препарат уытты болуы мүмкін және анафилактикалық реакциялар туындатуы мүмкін. Дозалау тәртібін сақтамау қан кетуге алып келуі мүмкін, соның ішінде, жоғары қауіп тобының пациенттерінде (мысалы, егде жастағы пациенттер, бүйрек жеткіліксіздігі бар және дене салмағы 40 кг төмен пациенттерде). Гепарин-индуцирленген тромбоцитопения даму қаупіне байланысты тромбоциттер санына үнемі мониторинг жүргізу.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Калий тұздары, калий жинақтаушы диуретиктер, ААФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының антагонистері, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік препараттар, гепарин (төмен молекулалы немесе фракцияланбаған), циклоспорин, такролимус және триметоприм - гиперкалиемия қаупі.Ауырсынуды басатын, қызуды түсіретін және қабынуға қарсы дозадағы ацетилсалицил қышқылы (экстраполяция бойынша және басқа да салицилаттар) - қан кету қаупі.Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (жүйелік қолдану) - қан кету қаупі (СЕҚҚП тромбоциттер қызметін бәсеңдетеді және АІЖ шырышты қабығының зақымдалуын туындатады).Декстран 40 (парентеральді қолдану) - қан кету қаупі (Декстран 40-пен тромбоциттер қызметінің бәсеңдеуі).Пероральді антикоагулянттар - антикоагуляциялық әсердің күшеюі, сақтықпен.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр жағдайларда емдік терапия ретінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Жүктіліктің алғашқы триместрінде алдын алу мақсатында немесе жүктіліктің барлық кезеңінде емдік дозада тағайындау ұсынылмайды. Егер эпидуральді анестезия жоспарланған болса, егер ол мүмкін болса, мүмкіндігінше, анестезияға дейін 12 сағат бұрын, алдын алулық емдеуді тоқтату керек.

Емізу

Жаңадан туылған нәрестелерде гастроинтестинальді сіңірілу ықтималдығы төмен болғандықтан, бала емізетін әйелдерге эноксапаринмен емдеу қарсы көрсетілмеген.

Жағымсыз әсерлері

Қауіп факторларының болуымен байланысты геморрагиялық симптомдар: қан кетуге бейімділікпен органикалық зақымданулар және дәрілік біріктірілімдер, жас, бүйрек жеткіліксіздігі, төмен дене салмағы; дене салмағына негізделген дозасын түзету және емдеу ұзақтығына қатысты, емдік ұсынымдарды сақтамауына байланысты геморрагиялық симптомдар: тері астына енгізген кезде инъекция орнындағы гематома, енгізу техникасы бойынша ұсынымдарды сақтамау кезінде; тромбоцитопения.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Тиісті деректердің болмауына байланысты, педиатриялық тәжірибеде ТМГ қолдану ұсынылмайды. Тромботикалық эпизодтарды емдеу. Тері астына. Жаңа туылған нәрестелерге күніне екі рет 1,5-2 мг / кг. 1 айлық балалар күніне екі рет 1,5 мг / кг.2 айдан 17 жасқа дейінгі балаларға күніне екі рет 1 мг / кг.Жүктілік кезіндегі веноздық тромбоэмболияны емдеу. Тері астына. 12-17 жастағы балалар (дене салмағы 50 кг дейін) күніне екі рет 40 мг, жүктіліктің ерте кезеңіндегі дене салмағына байланысты доза. 12-17 жастағы балалар (дене салмағы 50-69 кг) күніне екі рет 60 мг, ерте жүктілік кезіндегі дене салмағына байланысты доза. 12-17 жастағы балалар (дене салмағы 70-89 кг) күніне екі рет 80 мг, жүктіліктің ерте кезеңіндегі дене салмағына байланысты доза. 12-17 жастағы балалар (дене салмағы 90 кг және одан жоғары) күніне екі рет 100 мг, жүктіліктің ерте кезеңіндегі дене салмағына байланысты доза.Тромботикалық эпизодтардың алдын-алу. Тері астына. Жаңа туылған нәрестелерге күніне екі рет 750 мкг / кг. 1 айдан бастап балалар. Күніне екі рет 750 мкг / кг. 2 айдан 17 жасқа дейінгі балалар күніне екі рет 500 мкг / кг; тәулігіне ең көп 40 мг.