S01FA56 Басқадай препараттармен біріктірілген тропикамид (Tropicamide, combinations)
Қолдану көрсеткіштері
Мидриаздық дәрі ретінде пайдаланылады: - диагностикалық офтальмологиялық емшаралар кезінде - хирургиялық және лазерлік операциялар алдында - аккомодация түйілуін басу және алыстан көрмеудің өршуін емдеу үшін (кешенді ем құрамында) |
-
Клинические протоколы:
Қарсы көрсеткіштері
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тар бұрышты және жабық бұрышты глаукома - жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары (соның ішінде, коронаросклероз, стенокардия, аритмия, гипертониялық криз) - тиреотоксикоз - моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қабылдау (сондай-ақ, оларды тоқтатқаннан кейінгі 3 апта) - жүктілік және бала емізу кезеңі - 8 жасқа дейінгі балаларға |
Қауіпсіздік шаралары
Аса жоғары сезімталдық реакциясы жағдайында емдеуді тоқтата тұру және қажетті ем жүргізу қажет. Глаукома ұстамаларын болдырмау үшін емдеу басталғанға дейін иридокорнеальді бұрыштың жай-күйін бағалау үшін мұқият тексеру жүргізу қажет. Артериялық қан қысымы қалыпты және фармакологиялық бақыланатын артериялық гипертензиясы бар ересек пациенттерде фенилэфрин кейде систолалық және диастолалық артериялық қысымның клиникалық мәнді жоғарылауын туындатуы мүмкін. Сондықтан препаратты қолданғаннан кейін жүрек-қан тамырлары әсерлеріне сақ болып және мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Препаратты жүрек ауруларынан, артериялық гипертензиядан, қант диабетінен, гипертиреоздан зардап шегіп жүрген пациенттерде аса сақтықпен қолдану керек. Сондай-ақ, глаукоманың жедел ұстамалары жиі болатын егде пациенттерге ерекше сақ болу керек. Қолданғаннан кейін пациенттер көздерін ашық жарықтан қорғауы керек. Бензалконий хлориді. Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар, сондықтан ирит болуы мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линзаларға қол тигізбеу керек, жанаспалы линзаларды қолданар алдында алып тастау және препаратты тамызғаннан кейін кемінде 15 минут күту қажет. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіреді. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бета-адренорецепторлардың блокаторларын тағайындағанда, олардың вазодилятацияны бәсеңдетуінің есебінен фенилэфриннің тамырды тарылтатын әсері күшеюі мүмкін. Жедел гипертензияның туындау қаупіне байланысты, фенилэфрин мен гуанетидинді, сондай-ақ кез келген басқа адренергиялық нейрондар блокаторын немесе кері нейрональді қармау тежегішін бірге пайдалану ұсынылмайды. Моноаминоксидаза тежегіштерімен үйлестіріп пайдалану және оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі үш апта бойы жүйелі адренергиялық әсерлерінің қаупі артады. Адренергиялық дәрілік заттардың вазопрессорлық әсері үшциклді антидепрессанттармен, пропранололмен, гуанетидинмен, метилдопамен және м-холиноблокаторлармен бірге қолданғанда да күшеюі мүмкін. Жергілікті анестетиктердің алдын ала инстилляциялануы жүйелік сіңірілуін арттыруы және мидриазды ұзартуы мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозаны түзету қажет емес. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозаны түзету қажет емес. |
Жүктілік
Жүктілерде фенилэфрин мен тропикамидті қолдану туралы талапқа сай клиникалық деректер жоқ. Жүктілікке, эмбриондық / құрсақішілік дамуға, босануға және босанғаннан кейінгі дамуға қатысты деректер жеткіліксіз. Белсенді заттардың аздаған жүйелі сіңуі күтілетініне қарамастан, жүйелік әсері төмен болуының мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды, сондықтан препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. |
Емізу
Фенилэфриннің немесе тропикамидтің емшек сүтіне өтуі туралы деректер жоқ. Алайда фенилэфрин пероральді қабылдаған кезде нашар сіңеді, бұл нәрестеге сіңуі елеусіз болатынын білдіреді. Екінші жағынан, нәрестелер күтілетін шамалы жүйелік әсерге қарамастан, холинолитиктерге өте сезімтал болуы мүмкін, сондықтан препаратты емшек емізу кезінде қолдануға болмайды. |
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек: көзішілік қысымның жоғарылауы, систолалық және диастолалық артериялық қысымның транзиторлы жоғарылауы, тремор, бозару, тершеңдік, тахикардия, жүрек қағуы, коллапс, ауыздың құрғауы, шөлдеу, асқазан-ішек жолдары мен несеп шығару жолдарының тонусы мен моторикасының төмендеуі, бас ауруы, конъюнктиваның тітіркенуі және аллергиялық реакциялар Балаларда және егде жастағы адамдарда психоздық реакциялар, мінез-құлық бұзылыстары, жүрек-тамыр коллапсы болуы мүмкін. Тыныс алу, кеуде қуысы және көкірек ортасы мүшелерінің аурулары (балаларда). Жиілігі белгісіз: өкпенің ісінуі. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Көзге тамызатын дәрі, жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған препарат. Тамшыларды төменгі конъюнктивалық қапшыққа тамызу керек. Жүйелі жағымсыз әсердің даму қаупін азайту үшін тамызғаннан кейін 1-2 минут ішінде көздің ішкі бұрышындағы көз жасы қалталарының проекция аймағына саусақпен жеңіл басу ұсынылады. Диагностикалық офтальмологиялық және операциялық араласулар кезінде қарашықты кеңейту үшін емшараға немесе операцияға дейін 15-30 минут бұрын конъюнктива қуысына 1-2 тамшыдан тамызады. Аккомодация бұзылуларын түзету үшін – 2-4 апта бойы түнге қарай күніне бір рет түнге қарай әр көзге 1 тамшыдан тамызу керек. |
Балаларда қолданылуы
8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды, өйткені құрамында фенилэфрин мен тропикамид бар офтальмологиялық өнімдерді қабылдау кезінде, әсіресе педиатриялық популяцияда айқын артериялық гипертензиясы бар жүрек-қантамырлық декомпенсация, жүрек ырғағының өзгеруі, жүрек және өкпенің ісінуі сияқты күрделі жүйелік жағымсыз реакциялар тіркелген. 8 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды, өйткені клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ. |